Заголовок слайда отсутствует



бет12/14
Дата12.12.2021
өлшемі6,93 Mb.
#99699
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
4 қазақстан көшпенділер мәдениеті
Бот сад !

Сақ-скифтер қолынан туындаған өнердің ықпалы ежелгі шығысқа да,батысқа да үлкен әсер етті. Әсіресе ‘аң бейнелі’әдіспен әсемделіп соғылған нәзік те нақышты дүниелері басқа елдердің құрметпен қарауына мойын ұсынылды. Ертедегі эллиндік және Қытай шеберлері көшпенділер өнеріне тәнті болып, оны өз байларына сіңіруге тырысты. Көшпенділер өнерінде алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең жоғарғы жетістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылған асыл заттар куә. Соның бірі-Украин археологтары талқан скиф қорғанының әр түрлі алтын әшекей заттары. Заттар ‘толстая магила’қорғанынан шыққан, ішіндегі ең бір құндысы-‘пектораль’-алқа. Пектораль өте нақышты, нәзік соғылған әшекей бейнелер скифтердің ғарыштық ой жүйесінің тақырыбына құрылған. Алтын әшекейдің төменгі бөлігінде о дүниені, өлім табиғатын, оның қасіретін бедерленген, ал жоғарғы жағында адамдар өмірінен сыр шерткен. Екінші бір айта кетерлік дүние-Қырымдағы Күл-Оба қорғанынан табылған алтын құмыра. Тек саф алтыннан, күмістен құтылар, онша таралмаған. Құмырада скиф жауынгер батырларының бейнесі аса бір ынталықпен бедерленіп, өрнектелген.

  • Сақ-скифтер қолынан туындаған өнердің ықпалы ежелгі шығысқа да,батысқа да үлкен әсер етті. Әсіресе ‘аң бейнелі’әдіспен әсемделіп соғылған нәзік те нақышты дүниелері басқа елдердің құрметпен қарауына мойын ұсынылды. Ертедегі эллиндік және Қытай шеберлері көшпенділер өнеріне тәнті болып, оны өз байларына сіңіруге тырысты. Көшпенділер өнерінде алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең жоғарғы жетістікке жетті. Оған археологиялық қазбалардан табылған асыл заттар куә. Соның бірі-Украин археологтары талқан скиф қорғанының әр түрлі алтын әшекей заттары. Заттар ‘толстая магила’қорғанынан шыққан, ішіндегі ең бір құндысы-‘пектораль’-алқа. Пектораль өте нақышты, нәзік соғылған әшекей бейнелер скифтердің ғарыштық ой жүйесінің тақырыбына құрылған. Алтын әшекейдің төменгі бөлігінде о дүниені, өлім табиғатын, оның қасіретін бедерленген, ал жоғарғы жағында адамдар өмірінен сыр шерткен. Екінші бір айта кетерлік дүние-Қырымдағы Күл-Оба қорғанынан табылған алтын құмыра. Тек саф алтыннан, күмістен құтылар, онша таралмаған. Құмырада скиф жауынгер батырларының бейнесі аса бір ынталықпен бедерленіп, өрнектелген.
  • Кейіннен сақтарды безендіру ағымының ықпалынан полихромдық өнер ағымы пайда болды. Полихромдық ағымда негізінен екі бағыт қатты дамыды: оның біріншісі-дәнекерлеп жасаған ұяларға түрлі- түсті тастар орнатылады,сонымен бірге әсем түйіршіктер мен жылтырлаған сымнан өрнектер жасалды, екінші бағыттағыларда фон болмайды дәнекерленіп жасалған қоршауларға асыл тастар орнатылады.
  • Археологтар Қызыл-ордадан 300 шақырым жерде Шірік – Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Ол қыратта орналасқан. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал (цитадель) салынған. Археологтар цитадель орталығынан жебенің қола ұштарын, алтын қапсырма-лар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б.з.б. 4 – 2 ғасырларға жатады.
  • Шірік – Рабат қаласының орнынан табылған сақ жауынгерінің темір қару – жарағы мен сауыт – сайманы болды. Ал мұндай қарулар Еуропада тек орта ғасырларда ғана пайда болған.
  • Алматының күн-шығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40 – тан астам оба бар. Солардың көрнектісі “Есік обасы”.
  • Қабір қарағайдан қиып, қиюластырып салынған төртбұрышты кішкене үй сияқты. Еденіне бір – бірімен қиюластырылған 10 тақтай төселген.Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, еденге әр жеріне уақ алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған мәйіт жатқызылған. Жерленген адамға салтанатты киім кигізілген. Мәйіт қаруымен жерленген. Оң жағына, бел тұсына ағаш қыны бар семсер қойған. Беліндегі белдікке ағаш қынды қанжар – ақинақ ілінген. Белдік аң, жануар бейнелері салынған алтын қаптырмалармен әшекейленген. Мәйіттің сол жағында алтын ұшты жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, шағын жібек қоржын жатыр. Қабір ішінен басқа да көп алтын түймешелер, алтынмен апталған қола тегенелер табылды. Олардың ұзын саны 4000 – нан астам. Ерекше заттардың бірі 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша.
  • Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам 17-18 жастағы жауынгер. Есік қорғанынан таблған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт “Алтын киімді адам” аталды.
  • Бесшатыр қорымы
  • Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан. Қорым үлкен, орташа және шагын 31 обадан тұрады. Бесшатыр обалары солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, ал шығыстан батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр. Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар «патша» қорғандары деп атайды. Бесшатырда үш үлкен оба бар. Олар Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары. Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады : дәліз(дромос), қабір алдына кірер ауыз және жерлеу бөлмесі. Бесшатыр обасынан семсер – ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылған. Осы заттарға талдау жасап, Бесшатырды б.з.б. 5-4 ғасырға жатады деп айтуға болады.
  • “Алтын адам”


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет