Заголовок слайда


Салық төлеуші салық қызметінің лауазымды тұлғаларын салық тексерістерін жүргізу үшін аумаққа немесе бөлмеге жібермеуге құқылы, егер



бет6/6
Дата28.04.2022
өлшемі3,09 Mb.
#141203
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Салық 2

Салық төлеуші салық қызметінің лауазымды тұлғаларын салық тексерістерін жүргізу үшін аумаққа немесе бөлмеге жібермеуге құқылы, егер:


нұсқау белгіленген тәртіпте рәсімделмесе;
ұйғарымда көрсетілген тексеріс мерзімдері болмаса немесе аяқталса;
аталған тұлғалар ұйғарымда көрсетілмесе;
салық қызметі органының лауазымды тұлғалары ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің бөлмесіне немесе аумағына жіберуге қажетті арнайы рұқсаттарға ие болмаса.

Салықтық тексеру аяқталған соң салық органының лауазымды адамы:

  • салықтық тексеру жүргiзілген орынды, акт жасалған күнді;
  • тексеру нысаны мен түрі;
  • салық органының салықтық тексеру жүргiзген лауазымды адамдарының қызметiн, тегiн, атын, әкесiнің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
  • салық органының атауын;
  • салық төлеушiнiң (салық агентiнің) тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауын;
  • салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орналасқан жерiн, банктiк деректемелерiн, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмiрiн;
  • салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) басшысының және салық есептiлiгi мен бухгалтерлiк есептiлiктi, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуді жүргізуге жауапты лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын (олар болған жағдайда);
  • алдыңғы жүргiзiлген құжаттық тексеру және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәлiметтерді (кешенді, тақырыптық тексерулер жүргізген кезде);
  • тексерiлетiн кезеңді және тексеру жүргiзу үшiн салық төлеушi (салық агентi) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәлiметтердi;
  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасының тиiстi нормасына сiлтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей-тегжейлi жазылған сипаттамасын;
  • тексеру нәтижелерін көрсете отырып, салықтық тексеру актiсiн жасайды.
  • Салық тексерісінің аяқталу мерзімі салық төлеушіге салықтық тексеріс актісін беру күні болып есептеледі.
  • Салықтық тексеріс актісін алуда салық төлеуші салық қызметі органдарының салықтық тексеріс актісінің данасында оны алуда қол қоюға міндетті.
  • Орналасу орны бойынша салық төлеушінің болмауымен байланысты салық төлеушіге актіні беру мүмкін болмағанда, белгіленген тәртіпте куәгерлерді қатыстырумен салықтық тексеріс жүргізеді. Бұнда салықтық тексерістің аяқталу күні салықтық тексеру актісін құрастыру күні болып табылады.
  • Егер салық тексерісінің аяқталуы бойынша ҚР салық заңнамасының бұзылуы анықталмаса, бұл туралы салықтық тексеріс актісінде тиісті жазба жасалады. Салықтық тексеріс актісіне құжаттардың қажетті көшірмелері, салық қызметі органының лауазымды тұлғалары жүргізген есептер және басқа материалдар қоса беріледі.
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет