Закон Энтальпия это термодинамическое свойство вещества, которое указывает уровень энергии, сохраненной в его молекулярной структуре. Это значит, что, хоть вещество и может обладать энергией на основании температуры и давления



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі35,09 Kb.
#82608
түріЗакон
1   2   3
Байланысты:
Термохимия

Кешенді қосылыстар немесе координациялық қосылыстар — жай химиялық қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін құрамы күрделі химиялық қосылыстар.

Цисплатин - кешенді қосылыс
Pt - кешентүзуші
Кешенді қосылыстарға кристаллогидраттар CuSO4·5H2O, аммиактар CaSO4·4NH3, ашутас KAl(SO4)2·12H2O, т.б. күрделі қосылыстар жатады.
Кешенді қосылыстарда орталық орын алып тұрған ион немесе атом кешентүзуші деп, ал оның айналасына жиналған, яғни координацияланған иондарды немесе молекулаларды лигандалар деп атайды. Кешен түзушінің айналасына координациаланған лигандалардың жалпы саны оның координациялық саны деп аталады. Кешентүзуші ион және лиганд ішкі сфераны құрайды, оны кешенді ион немесе кешен деп атайды. Координациялық сан немесе валенттілік ол орталық кешентүзуші ионнның айналасына координацияланатын лигандтар саны. Кешенді ионның заряды сыртқы иондар зарядының қосындысына тең, бірақ мәні кері болады. Кешен түзушінің зарядын табу үшін Кешенді қосылыстардың құрамына кіретін басқа иондардың барлығының зарядының алгебралық қосындысын шығарып, оған теріс мән қояды. Негізгі кешен түзушілерге хим. элементтердің периодтық жүйесінің қосымша топшаларында орналасқан d-элементтері жатады. Маңызды лигандтарға жататын полюсті молекулалар: H2O, NH3, CO, NO, NH2OH, т.б., аниондар: F, Cl-, Br-, Қ-, O2-, OH-, CN-, т.б. Полюсті молекулалар Кешенді қосылыстардың сыртқы сферасында аниондар немесе катиондар болуы кешен ионының зарядына байланысты. Егер қосылыстағы кешен ионының заряды оң болса, сыртқы сферада аниондар орналасады, ал кешен ионының заряды теріс болса, сыртқы сферада катиондар орналасады.
Кешенді қосылыстардың атауы кейбір электрбейтарап молекулалардың – лигандалардың қалыптасқан аты бойынша аталады, мысалы: H2O – аква, NH3 – амин, NO – нитрозил, т.б. Егер лигандалардың саны бірнешеу болса, олардың санын грекше көрсетеді: 2 – ди, 3 – три, т.б. Кешенді қосылыстар су ерітіндісінде диссоциацияланады. Кешенді қосылыстар химиялық талдауда, сирек кездесетін маңызды металдарды бөліп алуда, тазартуда т.б. қолданылады. Кешенді қосылыстардың өсімдіктер мен жануарлар организміндегі биологиялық зат алмасу процестеріндегі маңызы зор. [1]
Вернердің координациялық теориясы[өңдеу]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет