Ұйымдық құжаттар



бет1/2
Дата26.12.2021
өлшемі27,29 Kb.
#105751
  1   2
Байланысты:
УиА 19 дело 9 саб


Ұйымдық құжаттар

Ұйымдық құжаттар:

·        ЖШС-тің құрылымы және штат кестесі;

·        ЖШС-тің басшыларының (егер олар бірнешеу болса) қызметтік (лауазымдық) өкілдіктерін бөлу туралы бұйрық;

·        Ұжымдық шарт;

·        ЖШС-тің құрылымдық бөлімшелері, қоғамдық ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;

·        ЖШС қызметкерлерінің (жалдамалы персонал, құрам) лауазымдық нұсқаулығы;

·        Ішкі айналымдағы басқа құжаттар (нұсқаулықтар, әдістемелік ұсыныстар және т.б.).

Басқару қызметінің құжаттары:

·        ЖШС-те өткен жалпы жиналыстардың хаттамалары;

·        ЖШС-тің басқа органдары мәжілістерінің (басқарма, бақылау кеңесі, тексеру комиссиясы) хаттамалары;

·        Шаруашылық-қаржылық қызметінің негізгі мәселелері бойынша ЖШС жетекшісінің бұйрықтары;

·        Мемлекеттік органдардың ЖШС қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқылық актілері.

Бухгалтерияның қаржылық және есеп беру құжаттары.

ЖШС қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес құрылымдармен арадағы қатынас қағаздары.

Кадрлық құжаттар:

·        Қызметкерлермен жеке еңбек шарттары;

·        Қызметкерлердің жеке істері (жеке карточкалары);

·        Жеке құрам және кадрлар бойынша бұйрықтар;

·        Қызметкерлердің еңбек кітапшалары;

·        Еңбек дауларын, қызметкерлердің шағымдарын (арыздарын) қарау, сондай-ақ, еңбек тәртібін бұзу және өндірістегі бақытсыздық жағдайлары фактілерін тексеру бойынша құжаттар (материалдар).

Еңбек шарты бойынша құжаттар:

·        Шаруашылық шарттары (келісімдері) және іскер әріптестермен солар бойынша хат жазысулар;

·        Сот органдарына жазылған талап арыздар және олардың шешімдері, сондай-ақ, олардың орындалуы бойынша хат жазысулар;

·        Еңбек шартына қатысты нормативтік актілер.

Өндірістік-шаруашылық қызметін жоспарлау бойынша құжаттар:

·        күнтізбелік мерзімге (ай, тоқсан, жыл) жұмыс жоспарлары мен олардың орындалуы туралы анықтамалар;

·        өндірістік жоспарларды орындау және басқа да мәселелер бойынша өткізілген қызметтік жиналыстардың құжаттары (материалдары).

Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының ЖШС-тің қызметін тексеру құжаттары мен осы мәселелер бойынша хат жазысулар.

Анықтамалық-ақпараттық құжаттар.

Мұндай құжаттарды жүйелеу (әрине, ол ЖШС-тің жарғылық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып реттеліп отырады) ЖШС жетекшісінің бұйрығымен номенклатура түрінде ресімделіп, әр іске тиісті есеп (индекстеу) нөмірі берілуі тиіс.

Номенклатуралық істі қалыптастыру барысында ЖШС жетекшісі оның мынадай талаптарға жауап беруі керектігін ескеруі қажет:

1) ЖШС қызметі барысында жинақталатын құжаттар легін түгел қамтуы;

2) номенклатуралық істің тақырыбы ондағы құжаттардың мазмұнын қысқа, дәл және анық көрсетуі жөн;

3) істегі құжаттарды нөмірлеу олардың маңызы және өзара байланысы бойынша жүргізіледі. Алдымен нормативтік құқықтық құжаттар орналастырылады. Мұндайда жоғары тұрған органдардың қаулылары мен бұйрықтары ұйымның бұйрықтарының алдында тұрады. Мұнан ары қарай жоспарлы және есептік құжаттар ретімен келеді. Бұл жөнінде кітаптың тиісті бөлігінде толығырақ баяндалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет