Заманынан озып туѓан азамат еді



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі369,93 Kb.
#34882
1   2   3
2008-03-07:
Ұлттық арна ұлағаты
2008 жылы 8 наурызда бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы – теле­визия біздің ортамызға табан тірегеніне тура 50 жыл болады. Біз “Қазақстан” республикалық телерадио корпорациясы” акционерлік қоғамындағы, жалпы осы саладағы әріптестерімізді мерекемен құттықтай отырып, оқырмандарға мере­кеге орай әзірленіп жатқан “Ұлттық арнаның ұлағаты” атты кітаптың бірер тарауын ұсынамыз. Кітап әр жылдары мемлекеттік комитет, ұлттық ком­пания, корпорация түрінде жұмыс істеген телевизияны басқарған азаматтардың өміріне арналған. Бұл тұлғалардың бәрі дерлік ұлттық телевизияның қалып­тасуына, өркендеп дамуына үлес қосқандығы сөзсіз. Оларды жақсы білсек те кейбірі туралы қысқа деректермен шектелетініміз бар. Сондықтан да ақпарат құралдарында көп айтылып, көп жазыла қоймаған телевизия басшылары туралы тарауларды назарға ұсынғанды жөн көрдік. “Ұлттық арнаның ұлағаты” атты кітапты баспаға әзірлеген – осы акционерлік қоғам басқарма төрағасының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайнар ОЛЖАЙ.












КЕЛІСПЕУШІЛЕРМЕН КЕЛІСЕ АЛМАЙМЫН”


Қанапия Мұстафин Қазақстандағы радио ісі білгірлерінің бірі болғандығына талас жоқ. Ал телевизия басқалармен бірдей ол үшін де тың сала еді. Сондықтан, жаңалықты қабылдауға және онымен жете танысуға тура келді. Бірде Министрлер Кеңесі жанындағы комитет, бірде Мәдениет министрлігі жанындағы бас басқарма түрінде жұмыс істеген радио саласына телеви­зияның қосылуы Мұстафиннің басшылығы тұсында жүзеге асты. 1957 жылы 12 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Дінмұхамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне арнайы хат жолдады. Онда КСРО Министрлер Кеңесінің “КСРО Министр­лер Кеңесі жанынан Радио хабарлары мен телевизия жөніндегі мемлекеттік комитетін құру туралы” қаулысына сәйкес Қазақ КСР Министр­лер Кеңесі республикада осындай Радио хабар­лары мен телевизия жөніндегі мемлекеттік коми­тетті Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанынан құру қажет деп санайтынын жеткізді. Және ко­ми­тет төрағасы етіп Қанапия Мұстафинді бекі­туге ұсыныс енгізді.
Қонаев қолдаған Мұстафиннің ақпарат, оның ішіндегі радио саласындағы басшылық қызметі бұл кезде республикаға кеңінен таныс. Отызын­шы жылдардың басында Кеңес Одағы енді ұйым­да­сып жатқан ұжымдық шаруашылықтарды басқаруға, жалпы халыққа өз бағыттары бойын­ша тәрбие беруге ауадай қажет жаңа кадрлар даярлауды қолға алған. Сол тұстағы кеңес-партия мектебін бітіргендердің бірі болды. Оның алдын­да тракторшылар курсын оқыған. Бірнеше жыл Солтүстік Қазақстан облысы, Бейнетқор ауданында жер жыртқан.
Коммунистік журналистика институтын бі­тірген Қанапия Мұстафин қазақ радиосында ре­дак­тор болып қызмет атқарды. Бүкіл республи­када жаппай “халық жаулары” іздестірілген саяси жағынан ең қиын 1937-1938 жылдар еді. Зоба­лаң­­­ның бұлты бұл қайраткердің басына да үйірілген.
Кейін өз қолымен толтырылған өмірбаянын­да Қанапия Мұстафин 1937 жылы 19 қазанда партия қатарынан шығарылғанын жазыпты. Өйткені, оған “Сәбит Мұқановтың сыбайласы” деген айып тағылған. Екеуінің Солтүстік Қазақ­стан облысында дүниеге келгені белгілі. Қанша­лық­ты “сыбайлас” екенін сол кездегі сталиндік үш­тік анықтап үлгермесе керек. Өйткені, жазу­шы Сәбит Мұқанов өзінің тек кеңестік заман мен большевиктік партияны жалау еткенін, жырлап жүргенін дереу дәлелдеп шығады. 1937 жылы 17 қарашада Сәбит Мұқановтың партия­лығы қалпына келтіріледі. Мұқановпен бірге Мұстафиннің да билеті қайта қолға тиген. Мұқа­нов сотталып кеткенде, сөз жоқ, Қазақстандағы телевизия ісінің бірінші басшысы Қанапия емес, басқа адам болар еді...
Қиын заманның өз талаптары болыпты. Айта­лық, әрбір партиялық қызметкердің жеке іс парақшасына әр жылдары кіммен істес болғаны көрсетіледі. Яғни, ол қызметкерді жақсы танып, сипаттама бере алатын адамдардың аттары атала­ды. Қанапия өзін жақсы біледі деген тұлғалар қатарында отызыншы жылдардың басында Әбдісамат Қазақбаевты, отызыншы жылдардың ортасына Дихан Әбіловті атайды. Қазақбаев өз тұсында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Прези­диумы­ның төрағасы қызметіне жеткен. Ал қазақ­тың белгілі ақыны Дихан Әбіловті өзіне таныс, етене тұлға деп көрсету арқылы Қанапия Мұста­фин тағы бір рет күйіп кетуі мүмкін еді.
Өйткені, Ұлы Отан соғысының орта тұсында өзінің Майданбек деген кейіпкерінің ұрыста “қалай кісі өлтіремін” деген гуманистік көзқа­расын дастан түрінде сипаттаған ақын дереу абақтыға қамалған. Және өлім жазасына кесіл­ген. Көрер жарығы бар екен, бұл жаза орын­далмай, одан ақын түпкілікті ақталып шығады. Егер тыңғылықты тергеу болып, Диханды жақсы білетіндер “кім?” деген сұраққа жауап ізделсе, Қанапия Мұстафиннің өз қолымен жазылған өмірбаянында “мені 1934-1937 жылдары Дихан Әбілов жақсы білетін” деген жолдар мойнына тұзақ болып оралуы мүмкін.
Ақын майданда тұтқындалған күндері Мұста­фин Ақтөбе облыстық партия комитетінің кадр­лар жөніндегі хатшысы еді. Ал соғыс аяқталып, өзі Мәскеудегі Жоғары партия мектебін бітіріп келген соң, сол облыстағы үгіт пен насихат жұ­мыс­тарына жауап беретін хатшы қызметіне кіріседі.
Обалы не керек, Қазақстанның радио хабар­ла­ры мен телевизиясының бірінші басшысына әр кезеңде белгілі мемлекет және партия қайрат­керлері түзу мінездеме береді. Өз қолдарымен мансап биігіне ұсынады. Мұрағат құжаттарына қарағанда жолын ашқан басшылар арасында Жұмабай Шаяхметовтің, Николай Скворцовтың, Геннадий Борковтың, тіпті Мәскеуде отырған Маленковтың қолдары кездеседі. КОКП Орталық комитетінің хатшысы Маленковтың қолы қойылған, сонау 1946 жылы берілген №3116 куәлікке қарағанда Қанапия Мұстафинді жауапты партиялық жұмысқа алуға болады.
Бірақ, арада он жыл өткенде Қазақстанда бұл кандидатура қызметке қабілетті ме, жоқ па дегенде айтарлықтай талас туыпты. Күдік кел­тіргендер кімдер екені құжаттарда сақтал­маған. Ал Қанапияның қабілетті қызметкер екендігін қорғап қалған елуінші жылдары Орталық коми­теттің үгіт-насихат бөлімін басқарған, одан идео­логия хатшысы болған Құманғали Оспанов еді. Екеуі Ақтөбеде біраз жыл қызметтес болған. Біреуі партия комитетінде отырғанда, екіншісі облыстық халыққа білім беру бөлімін басқарған. Алматыда тағдыр қайта тоғыстырған тұста Құрманғали Оспанов Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің екінші хатшысы Иван Яковлевтің атына хат жолдайды. Онда “Мұста­фин­нің радио ақпарат бас басқармасының бастығы болуына келіспеушілермен келісе ал­май­мын” деп кесіп айтады. Одан әрі Қанапияны “тәжірибелі маман, партиялық жұмыстан хабар­дар басшы, баспасөздің барысын білетін, радио ақпараттың сырын білетін және ол салаға жетек­шілікті атқарып кететін қызметкер” деп сипат­тайды. Кешікпей, Мұстафин Қазақ КСР Мәдениет министрлігі жанындағы радио ақпарат бас басқармасының бастығы болып тағайындалған.
Бас басқарма бір жылдан соң Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңесі жанындағы радио хабарлары мен телевизия комитетіне айналғанда республика үкіме­тін басқарып отырған Дінмұхамед Қонаевтың өзі Қанапия Мұстафинді төраға қызметіне ұсынады. Мем­ле­кеттік комитет алдымен Алматы студиясы­ның, одан кейін қатарға қосылған Қарағанды мен Өске­мен студияларының жұмысына басшылық бағыт көрсетті әрі ұдайы бақылады. Хабарларға баға берді. Бірсарынды, суреті сұрғылт, бұлыңғыр, дерек қай­талау кездесетін хабарларға ескерту жасап отырды.
Бірінші төрағаның тұсындағы елеулі оқиға Қазақ КСР-інің өнер және әдебиетінің Мәскеуде өткен онкүндігі еді. Орталық телевизиядан қазақ өнер шеберлерінің бағдарламалары көрсетілді. Жекен Жұмақановтың “Жаңа қоныстанушылар” атты телеқойылымы ең өзекті тақырып – тың игеруге арналды. Келесі телехабарға Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі қатысып, концерт берді. Орталық телевизиядағы бағдарламаның ша­рықтау шегі – “Дударай” операсының телеви­зия­лық нұсқасы еді. Оны бүкіл елдің телекөрермендері жақсы қабылдады. Республика басшылығында жүрген Ж.Тәшенов, Д.Қонаев сынды қайраткерлер жас ұжымды табысымен құттықтады.
Операны теледидардан көрсету ісінде одан кейін тағы батыл жаңалық болды. 1959 жылы Алматы телестудиясына жылжымалы телеқондырғы берілді. Оның мүмкіндігі арқылы Абай атындағы опера және балет театрында жүріп жатқан спектакль көрсетілді. Ол – Ахмет Жұбанов пен Латиф Хами­дидің “Абай” операсы болды. Үйлерінде теледи­да­ры бар бақытты отбасылар алғаш рет театрға бар­май-ақ қойылымды тамашалауға мүмкіндік алды.

ТАҒЫМДЫ АЛСАҢ ДА, БАҒЫМДЫ АЛҒЫЗБАЙМЫН”


Мылтықсыз майдан іспетті телевизия мен радио саласын басқаруға Орталық комитет тағы бір майдангер журналисті басшылыққа жіберді. Теле-радио комитетінің тарихтағы үшінші төрағасы Кенжеболат Шалабаев еді. Бұл да өмірдің ыстығы мен суығына шыңдалған, оңы мен солын таныған қарымды қайраткер болатын. Солтүстік Қазақстан­ның табиғаты тамылжыған Өрнек ауылының тумасы жоғары білім алып үлгерместен майданға алынды. Сол жақта байланыс қызметін меңгерді. “Шифрлаушы” деген қазақ жігіттері сирек меңгер­ген әскери маман болып шықты. Сондықтан, құпиясы көп әскери бөлімдерде жүрді.
Осылайша тек 1947 жылы әскер қатарынан босап, енді мамандық алу үшін ФЗО-да екі жыл оқиды. Бірақ, бойындағы таланты мен маңдайдағы бақ шығар, ол қара жұмысшы болу орнына 1948 жыл­дың соңында Солтүстік Қазақстан облыстық “Ленин туы” газетіне қызметке алынған. Міне, содан кейін Жоғары партия мектебіне түседі. Одан әрі қарай Қазақстан Компартиясы Орталық коми­тетіндегі қызметі басталған. Алдымен нұсқаушы болып орналасқан. Кешікпей, Орталық комитеттің үгіт-насихат бөлімі жанынан арнайы орган ашыла­ды. Аты – “Печать Казахстана”. Міндеті – респуб­ликадағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарына жол көрсетіп, жоба белгілеу. Осы қызметтен соң Орталық комитеттегі баспасөз секторына меңгеруші болып тағайындалған. Одан бөлім меңгерушісінің орынбасары болып жоғарылайды.
1962 жылы 6 маусымда бұрынғы бастық Құр­манбек Сағындықов Оңтүстік Қазақстан өлкелік газетіне бас редактор қызметіне жіберілгенде оның орнына Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Теле­визия мен радио хабарлары жөніндегі мемлекеттік ко­митетіне төраға болып Кенжеболат Шалабаев та­ғайындалды. Бекіту жөніндегі бұл құжатқа Дінмұха­мед Қонаев қол қойыпты. “Шалабаев Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңесінің Телевизия мен радиохабар­лары жөніндегі мемлекеттік комитетіне төраға болуға әбден лайық” деген мінездемені Орталық комитет хатшысы Нұрымбек Жанділдин берген.
Шалабаев мемлекеттік комитетті жеті жыл бас­қарды. Ол тұста телевизияның қамту аймағы еселеп өсті. Жаңа студиялар салынды. Балқаш, Орал, Семей, Павлодар қалаларында осындай жаңа сту­дия­лар іске қосылды. Бұрынғы Алматы теле­студиясы Қазақ телевизиясы болып қайта құрылды. Кешікпей Орталық Азия республикалары арасында тұңғыш болып 1-категорияға ілікті. Демек, қыз­меткерлердің жалақысы жақсарды. Он алты қуатты ретранслятор пайдалануға берілді. Оның сыртында 26 қатардағы ретранслятор жұмыс істеп жатты.
1965 жылы 2 шілдеден бастап “Эфирде Қазақ­стан” атты апталық газет шыға бастады. Онда ра­дио­ның, телевизияның апталық бағдарламаларымен қатар, кейбір ерекше хабарлар туралы ақпараттар жарияланды. Сәлкен Сұхбанбердиннің “Қара молда” пьесасының анонсы да күнілгері газетке берілді. Оның өзі 1965 жылы 15 желтоқсанда 22 сағат 20 минөтте эфирде басталыпты. Ал режиссер Сәлима Естемісова қойған “Майдан” телеспектак­лінің Орталық телевизиядан көрсетілгені туралы материал бүкіл қазақстандықтарды қуанышқа бөледі. Бұл телеқойылым Қазақ телевизиясының шынайы табысына айналды. Ол жазушы Бейімбет Майлиннің осы аттас шығармасы негізінде әзірлен­ді. Телестудияда жүретін спектакльге Сәбира Май­қанова, Мүлік Сүртібаев, Шолпан Жандарбекова сияқты танымал әртістер қатысты. Осы телеқойы­лымда байдың ұлы Жұмағұлды ойнаған Сәбит Оразбаевтың талантын қалың көрермен сонда таныған.
Ал “Эфирде Қазақстан” апталығы шыға баста­ған соң халық теледидарда не көрсетілерін бір апта бұрын біліп отыруға дағдыланды. Бағасы екі тиын­дық газет көпшілікке дереу тарады. Осы басылымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Телевизия мен радио хабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қоғамдық пікірді зерттеу институтының анкетасы ұдайы жарияланып тұрды. Онда телекөрерменнен сегіз сұраққа жауап беру сұралды. Оның ішінде ұнаған және ұнамаған хабарларды көрсету сұралды. Ұнаған хабарларды өз кезегінде сегіз топқа бөліпті. Сұрау салу нәтижесінде телевизиялық бағдарла­маларға тиісті түзетулер жасалынғаны даусыз.
1966 жылы эфирде “Айтыс – асыл қазына” атты хабар пайда болды. Онда әдебиеттанушы ғалым Көбей Сейдеханов қазақтың айтыс өнерін талдады. Және арғы заман емес, Кеңес өкіметі кезін­дегі 20-30 жылдарғы айтыстарға шолу жасады. Телевизияның өзінен көрсетілетін айтыстарға әлі кезек жете қоймаған. Әдеби хабар “Қайнар” деп аталды. Оны танымал ақын Әбділдә Тәжібаев пен жас жазушы Әбіш Кекілбаев жүргізген. Кейін үлкен ғалым, мемлекет қайраткері болатын Мырзатай Жолдасбеков “Құрдастар” шығармашылық бірлес­тігі арқылы 1966 жылдан “Айдын” хабарын эфирге алып шықты. Сол жылдың басында “Қараторғай” телеспектаклі үздік деп танылып, оны эфирге шы­ғарғандарды төрағаның бұйрығымен көтермеледі.
Телехроника түсіретін техника қолға тиді. Енді негативті пленка арқылы түсіріп келген көріністерді асықпай көрсетуге қол жетті. Сол арқылы теле­фильм­дер түсіріле бастады. Қазақ телевизиясының жылдық қуаты екі жүз толық метражды телефильм түсіруге жетті. Бұл республиканың барлық аймақ­тарын қамтып, еңбек адамдары мен өнер қайрат­керлерінің жарқын істерін көрсету жолы еді. Бұл үшін комитетке бағынатын “Қазақтелефильм” өндірістік бірлестігі ұйымдастырылды. Оған жылы­на 327 сағаттық өнім шығаратын техникалық жаб­дық алынды. Негатив лента өте қат және қымбат болатын. Оны Орталықтан алып келуге Шалабаев бар беделін салатын.
Кенен Әзірбаев туралы телефильм көптің есінде қалды. Сол кезде 80 жасқа толған қарт жыраудың ауылдағы өмірі кеңінен қамтылды. Бұл телефильм­нің сценарийін жазуға белгілі әдебиеттанушы Мұ­хамеджан Қаратаев тартылды. “Күйден – симфо­нияға дейін” атты хабарда Құрманғазы, Дәулет­керей, Дина Нұрпейісовадан бастап, алпысыншы жыл­дары жемісті жұмыс істеген қазақ композитор­ла­рының шығармалары ойналды. Осы тұста мем­лекеттік комитет жанында өздерінің симфониялық оркестрі болды. “Телевизиялық поэзия театры” көркем шығармаларды кеңінен насихаттады.
Шалабаевтың тұсында одақтас республикалар арасында телевизиялық фестивальдар өткізу дәстүр­ге енді. 1964 жылы қыркүйек айында және 1966 жылы қазан айында орыс және украин әдебиет мен өнерінің радио-теле фестивалі өтті. Екі респуб­ликаның 160 телефильмі көрсетілді. Одан кейін Қазақ телевизиясы бойынша Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения, Башқұртстан, Татарстан бағдарламалары берілді.
Қазақ телевизиясының Орталық телевизияға 1963 жылы 3 желтоқсанда ұсынған бағдарламасы өте жақсы бағаланды. Онда тың игерушілер, кенші­лер, балықшылар мен альпинистер туралы бағдар­ламалар берілген. “Түсіру басталады” атты фильм-концерт те көпке ұнады. Осы сапардағы табысы үшін Кенжеболат Шалабаевқа КСРО Министрлер Кеңесінің Телевизия мен радио хабарлары жөнін­дегі мемлекеттік комитетінің төрағасы М.Харла­мовтың бұйрығымен “алғыс” жарияланды.
Одақтас республикаларды айтпағанда, мемле­кет­тік комитеттің төрағасы бірнеше шетелде болып қайтты. Польша мен Венгрия ол кезде социалистік одақ елдері саналатын. Ал 1967 жылы Канадаға барып, Монреальдағы Бүкілдүниежүзілік көрмеге қатысу үлкен оқиға еді. Онда алғаш түрлі-түсті форматтағы “Қазақстан-67” фильмі көрсетілді. Одан кейін “Жеңіс” атты келесі телефильм көрмеге қатысушылар назарына ұсынылды. Бұл телетуын­дының режиссері әрі операторы Е.Тынышбаев еді. Сценарийін Т.Мәткәрімов жазған. Телефильм Жеңіс атты жылқышы қыздың даладағы тірлігімен таныстырады. Қыздың қырда жылқы бағып, асау үйретуі Канадаға көрмеге келген шетелдіктерді қатты таңырқатты. Бүркітші туралы телефильмнің де әсері бұдан кем болмады.
Шалабаевтың тұсында шығармашылық ұжым төселді. Өз ісінің шынайы шеберлері шықты. Қазақ радиосында Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртіс­тері А.Әсімжанов пен Е. Патрушев бас режиссер қызметтерін атқарды. Қазақ телевизиясының бас режиссері Евгений Прасолов та Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі атағын алды. Телевизияның көркемдік жетекшісі Сапарғали Шәріпов өзінің қойылымдарымен баршаны мойындатқан маман еді.
Дикторлар құрамына ерекше көңіл бөлді. Бұған дейін тележурналист болып жүрген Совет Мас­ғұтовты қазақша хабарлар оқуға жегіп, алғаш қазақ тіліндегі ер адам диктор болып эфирге шықты. Осы шоғырда Лидия Тюльменко, Владимир Орлов, Всеволод Иванов, Еркін Әбішев, Алевтина Попова, Тыныс Өтебаев, Ләскер Сейітов, Мәриям Айым­бетова болды. Топқа Ләзиза Аймашева жетекшілік етті. Кейін бұл топқа Ләскер Сейітов, содан соң Тыныс Өтебаев басшы болды.
Телевизия республиканың ең таңдаулы жетістік­терін әлемге танытуда тағы бір қадам жасағанын айта кету керек. Кенжеболат Шалабаев төраға болып тұрған тұста Алматы қаласының түбінде Алатау атты ғалымдар кенті салынып, онда атом реакторы іске қосылды. Қазақстан енді атомдық сала қалыптасқан қуатты республикалар қатарына қосылды. Осы жетістікті көрсету үшін Орталық телевизияға кезекпен әзірленетін “Отанымыздың бір сағаты” атты бағдарлама сәтті пайдаланылды. Реактордың іске қосылғаны туралы репортаж Орталық телевидение арқылы Евровизия мен Интервизия жүйелерінде көрсетілді. Осылайша, Алматы түбінен берілген репортаж Қазақстан тарихында алғаш рет халықаралық эфирге тарады. Бұл 1967 жылдың 1 қарашасы еді. Ғалым Жабағы Тәкібаев көрермендерге атом реакторы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
Алғаш рет қазақ тіліндегі спорт хабары 1966 жылы 16 қаңтарда тұсауын кесті. Оны телевизия басшылары республика комсомол ұйымымен бірлесіп шығарды. Бұл хабарды жүргізуге танымал жаттықтырушы Қабден Байдосов тартылды. Бұл редакцияға тұрақты жұмысқа Қазақ радиосының комментаторы Сұлтанғали Қаратаев келді. Орысша хабарларды жүргізу Владимир Толчинскийге тапсырылды. Қазақ тілді маманды бірде Шалабаев өзімен бірге Мәскеуге ала кетті. Сол жерден Орешкин деген операторды тауып беріп, VІ жазғы Бүкілодақтық спартакиадаға қатысып жатқан қазақ спортшыларын түсіртті. Әмин Тұяқов пен Ғұсман Қосановтың, Әбдісалан Нұрмаханов пен Әбілсейіт Айхановтың, Амангелді Ғабсаттаров пен Аманжол Бұғыбаевтың спорттағы жетістіктері мен бейнесі көгілдір экранға солай шықты. Олардан басқа туған елі қазақтан шыққан тұңғыш баскетболшы Апа­таеваның, семсерлесуші Асықбаеваның шебер­ліктеріне тәнті болды. Оператор Орешкин тек түсі­ріп бермеді, төраға Шалабаевтың тапсырмасымен 16 миллиметрлік пленканы жуып, шығарып және монтаждап Сұлтанғали Қаратаевтың қолына ұстатты.
Ел жетістіктерін дереу жеткізген үлкен істерді ұйымдастыра отырып, төраға еңбек ұжымына ерекше қамқорлықпен қарады. Сол кездегі жас диктор Ләскер Сейітовті өз қолымен үйлендірді. Тіпті, комсомолдық тойына асабалық қызметті жасы мен қызметін бұлдамай өзі атқарды. Кейін еңбек сіңірген әртіс, жоғары категориялы диктор деңгейіне жеткен Ләскер үшін бұл жақсылық мәңгі ұмытылар ма!
Шалабаев қызмет үшін жеке өмірін құрбан­дыққа шалуға бермеген, адамның ізгі сезімі мен жеке өмірі басқасынан жоғары екенін дәлелдеген қайраткер ретінде танылды. Ол Орталық комитетте үлкен қызметте жүргенде дәріханада жолықтырған провизор, кейін белгілі дикторға айналған Ләзиза Аймашеваны өмірлік жар етті.



Каталог: userdata -> users -> user 21
user 21 -> Егемен Қазақстанның
user 21 -> Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы
user 21 -> Қай заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің сахнасын өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп, өркендей түсті
user 21 -> Төлеген Айбергенов
user 21 -> Ұлт ұстаздары Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынұлы мектеп оқушыларына кезінде Ленинді дәріптегеннен артық ұлықталуы тиіс
user 21 -> «Мұражай тәрбие өзегі» Ақселеу Сейдімбековтің
user 21 -> Әож 37. 013: 908:[574+008] Қолжазба құқығында Шаушекова Баян Кырыкбаевна
user 21 -> 1.Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын
user 21 -> Балам, мынаны сындырып көрші?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет