Зат массасының сақталу заңы деп аталады Салыстырмалы атомдық масса



бет1/21
Дата05.02.2022
өлшемі36,21 Kb.
#130795
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
химия шпор


Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады. Бұл тұжырым зат массасының сақталу заңы деп аталады
Салыстырмалы атомдық масса – белгiлi бiр элемент атомының массасы көмiртектiк бiрлiк массасынан неше есе артыо екенiн көрсетедi. Элементтер изотоптардың қоспасын құрайды, сондықтан Д.И.Менделевтiң кестесiнде көрсетiлген элемент атомының массасы элементтiң табиғаттағы изотоптарының атомдық массаларының орташа мәнi.
Салыстырмалы молекулалық масса – молекула массасы көмiртектiк бiрлiктен неше есе үлкен екендiгiн көрсететiн сан. Молекулалық масса сол молекуланың құрамына кiретiн барлық элемент атомдарының массаларының қосындысына тең.
Моль – 12 г. көмiртегi – 12 изотопында қанша құрылымдық бiрлiктер болса, сонша бiрлiктi құрайтын зат мөлшерi.
Зат құрамының тұрақтылық заңы – (Ж.Л.Пруст,1799): алыну әдiсiне қарамастан әрбiр заттың құрамы ( қасиетi) тұрақты болады.
Авогадро заңы - (А.Авогадро,1811, С.Канницаро,1858): бiрдей жағдайдағы (температура және қысымда) әртүрлi газдардың тең көлемдерiндегi молекула сандары бiрдей болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет