Заттың агрегаттық күйлерінің молекула-кинетикалық теориясы. Газ түріндегі күй



Дата06.02.2022
өлшемі15,34 Kb.
#82026
түріҚұрамы
Байланысты:
Заттың агрегаттық күйлері
e2800937-492b-11e4-973d-f6d299da70eeадеб т 3, Жаратылыстану сауаттылығы бойынша брош 1, Жаратылыстану сауаттылығы бойынша брош 1, Заттың агрегаттық күйлері, Заттың агрегаттық күйлері

Заттың агрегаттық күйлерінің молекула-кинетикалық теориясы. Газ түріндегі күй.

Барлық белгілі заттар жағдайларға байланысты газ түрінде, сұйық және қатты күйде бола алады. Бұл – заттың агрегаттық күйлері. Агрегаттық күй – бір заттың химиялық қасиеттеріне және құрамына әсер етпейді, бірақ заттың физикалық қасиеттері бірдей болмайды. Мысалы, су-мұз, сұйық су, су-будың құрамы және химиялық қасиеттері бірдей, бірақ физикалық қасиеттері әр түрлі болады (тығыздығы). Физикалық қасиеттеріндегі айырмашылық былай түсіндіріледі: газ түріндегі, сұйық және қатты заттардың бөлшектерінің бір-бірінен бірдей емес қашықтықтарда орналасады. Нәтижесінде олардың арасындағы тартылыс күштері біркелкі емес дәрежеде көрінеді. Газдарда молекулалар бір-бірінен салыстырмалы үлкен қашықтықтарда орналасады. Олардың арасындағы тартылыс күштері көп емес. Газдардың тығыздығы аз болады, олардың жеке формасы да, жеке көлемі де болмайды және оларға берілген кез келген көлемді алады. Қысым көбейгенде газдар өзінің көлемін жеңіл өзгертеді.


Сұйықтардағы молекулалар жақындау болады, молекулааралық тартылыс күштері бұл кезде күшті артады. Сұйықтардың тығыздығы газдардың тығыздығынан көп есе артық болады. Сұйықтардың жеке көлемі болады, себебі көбейген тартылыс күштері молекулалардың бір-бірінен үлкен қашықтыққа кетуіне мүмкіндік бермейді. Алайда, сұйықтардағы молекулалар кеңістіктің белгілі бір нүктелерінде әлі бекітілмеген және газдардағы секілді хаос-үдемелі қозғалыста болады. Осындай себептен сұйықтың жеке формасы болмайды және ол құйылған ыдыстың формасын алады. Қысым көбейгенде сұйықтар өзінің көлемін аз ғана өзгертеді. Оған молекулалар жақындағанда пайда болатын электростатикалық тебіліс күштері кедергі келтіреді.
Қатты денелердегі бөлшектердің жақындығы соншалықты көбейген тартылыс күштері тебіліс күштерімен теңеседі. Нәтижесінде бөлшектер кеңістіктің белгілі бір нүктелерінде кеңістіктік-кристалдық тор құру арқылы геометриялық дұрыс орналасады. Қатты дененің бөлшектері үдемелі қозғалыс қабілетін жояды және тек қана кристалдық тордың түйіндерінде бола тұра, тербеліс қозғалысын ғана сезеді. Қатты денелердің жеке көлемі де, жеке формасы да болады. Тәжірибе сыртқы жағдайларды (температура, қысым) ақырындап өзгерту арқылы бір агрегаттық күйден басқасына ауысуды жүзеге асыруға болатынын көрсетеді. Заттың агрегаттық күйлерінде табиғаттың маңызды заңдарының бірі – санның сапаға ауысу заңын көрнекті түрде көруге болады. Қысым және көлемнің өзгеруі арқылы ақырындап заттағы бөлшектер арасындағы қашықтықтар өзгереді (сандық жағы) және белгілі бір кезеңде бірдей жаңа сапа пайда болады, яғни жаңа агрегаттық күй пайда болады. «Агрегаттық күйлер – сандық өзгеру сапалыққа ауысатын түйіндік нүктелер. Ғалымдар заттың 4-күйі – плазмалық күй немесе плазма болатынын зерттеді.
Плазма дегеніміз электрлік зарядталған бөлшектер - электрондар және атомдар мен иондардың оң ядролары тәртіпсіз қозғалыста болатын кез келген нысан. Плазмалық күй – газ түріндегі затқа қандай да бір иондалған факторлар (жоғары температура, электрлік разряд, т.б.) әсер еткенде пайда болады.
Плазманың 2 түрі бар: изотермиялық, газоразрядтық.
Изотермиялық плазма – жоғары температура кезінде пайда болады немесе температура әсерінен заттар атомдары диссоциацияланып, оң және теріс зарядталған бөлшектерге айналады. Изотермиялық плазма тұрақты және көп уақыт сақталады. Ол космос кеңістігінде кездесетін құбылыс. Жер атмосферасының қабаты да өз алдына өзгешелігі бар плазма түрі.
Газоразрядтық плазма – электрлік разряд кезінде пайда болады. Оған үйлердегі, көшелердегі түрлі-түсті жазуларды көрсетіп тұрған, ішінде электр жарығы бар шыны түтіктер мысал. Демек, газ разряды плазма электр тоғы беріліп тұрғанда ғана тұрақты да, ол жоқ болса плазма да жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет