Заттың химиялық құрамы мен құрылысын анықтау әдістері жөніндегі ғылым. Аналитикалық химия сандық және сапалық анализден тұрады



бет50/51
Дата16.04.2020
өлшемі9,86 Mb.
#62755
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
аналит.каз 2018
тест, малимет

топтың аниондары: SO42-, SO32- S2O32-, СО32-, С2О42-, РО43-, AsO43-, AsO33- СrO42- Сг2О72-, F-, SiO32-, ВО22-, В4О72-,

  • топтың аниондары: СI-, Вr -, I-, S2-.

    III топтың аниондары: NO3-, NO2 -, СН3СОО-.

    Бірінші топтың аниондарының топтық реагенті бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортадағы барий хлориді. Бұл жағдайда I топтың аниондары Ва2+ катионымен суда нашар еритін BaSO4, қалған аниондары сұйытылған тұз қышқылында жақсы еритін тұнбалар түзеді. I топтың аниондары (F- және SO42- басқасы) Ag+ катионымен де тұнбаға түседі, бірақ олар сұйытылған азот қышқылы мен күкірт қышқылында ериді.

    II топтың аниондары I топтың аниондарымен салыстырғанда Ag+ катионымен сұйытылған азот қышқылында ерімейтін (Ag2S, сұйытылған азот қышқылында қыздырғанда ериді) тұнба түзеді. Сондықтан II топтың аниондарына сұйытылған азот қышқылы қатысындағы AgNO3 топтық реагент болып табылады.

    Ва2+ катионымен II топтың аниондары тұнба түзбейді, себебі бұл тұздар суда жақсы ериді.

    III топтың аниондарында топтық реагент жоқ, себебі олар Ag+ және Ва2+ катиондарымен де суда жақсы еритін тұздар түзеді.

    Аниондарды талдауда топтық реагенттің катиондарды талдаумен салыстырғанда мағынасы өзгеше. Катиондарды жүйелік талдауда топтық реагент бір топтың катиондарын екінші топтан бөліп алу үшін қолданылса, аниондарды талдауда топтық реагент бір топтың аниондарын екінші топтың аниондарынан бөліп алу үшін емес, тек анықтау үшін қолданылады. Аниондарды талдауда топтық реагентті қолдану арқылы тек сол топтың аниондары бар - жоқтығын анықтауға болады.
    14.1 Аниондарды талдау

    Келесі себептерге байланысты аниондарды талдау катиондарды анықтағаннан кейін ғана жүргізіледі.

    • кейбір аниондардың қоспада бар – жоқтығы катиондармен қабаттас жүргізіледі. Мысалы: As (III), As (V), Мn2+, Сr3+ катиондарына сәйкес AsO43-, СrО42-, Сr2О72-, MnO4- қабаттас анықталады;

    • анықталған катиондардың тұздарының ерігіштігіне байланысты кейбір аниондардың болу-болмауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер зерттелетін зат суда жақсы ерісе және катиондар S2-, SO42-, СО32-, РО43- аниондармен суда нашар еритін тұздар түзсе, онда бұл қоспада соңғы аниондар болмағаны;

    • аниондарды талдауға К+, Na+, NH4+ катиондарынан басқа катиондардың барлығы кедергі жасайды, себебі олардың көпшілігі аниондармен тұнбаға түседі немесе тотығу-тотықсыздану реакциясына береді.

    Аниондарды талдау алдында ауыр және сілтілік жер металдарды қоспадан бөліп алу керек. Ол үшін «содалық тартпа» деп аталатын аналитикалық әдіс қолданылады, яғни қоспаға Na2CO3 ерітіндісін қосып қыздырады.

    Ерітіндіге Na2CO3 қосып қыздырғанда II, III, V, VI аналитикалық топтардың катиондары оксидтер, карбонаттар, гидроксидтер немесе негіздік тұздар түрінде тұнбаға түседі (IV аналитикалық топтың катиондарынан басқасы).



    Мысалы:

    Hg22+ + СО32- → Hg↓ + Hg↓ + CO2↑,

    Ва2+ + СО32- ↔ BaCO3↓,

    Fe2+ + СО32- ↔ FeCO3↓,

    4FeCO3↓ + 6H2O + O2 ↔ 4Fe(OH)3↓ + 4CO2↑,

    2Co2+ + 2CO32- + H2O ↔ (CoOH)2CO3↓ + CO2,

    [SnCl6]2- + 2CO32- + 2H2O ↔ Sn(OH)4↓ + 2CO2↑ + 6Сl-,

    Sn(OH)4↓ + 2CO32- + 2H2O ↔ [Sn(OH)6]2- + 2HCO3-.


    Центрифугатта аниондар және I, IV аналитикалық топтардың катиондары болады.

    Сілтілік ерітіндіден NO3- және NO2- иондарын ашады, содан кейін ерітіндіні сұйытылған азот қышқылымен бейтараптайды. Бейтараптауды байқап жүргізу керек, себебі қышқылдық ортада тұрақсыз қышқылдардың аниондары ыдырайды, ал сілтілік ортада СО32- аниондары қалып қояды да I топтың аниондарын анықтағанда ВаС12–мен әрекеттесіп, ВаСО3 тұнбасын түзіп анықтауға кедергі жасайды.

    Зерттелетін ерітіндіге «содалық тартпа» жасағанда карбонат ионын қосады, сондықтан карбонат ионын алдын ала анықтап алады.


    1. Аниондарға топтық реагенттермен сынама.

    I топтың аниондарын анықтағанда барий тиосульфаты аса қанық ерітіндіден, ал барий бораты ерітіндідегі борат ионның концентрациясы жоғары болғанда түзілетінін ескеру керек. Сондықтан барий хлориді ерітіндісін қосқанда бірден тұнба түзілмесе онда, пробирканың қабырғасын шыны таяқшамен үйкелеп, ерітіндіні біраз уақыт қойып қою керек.

    BaF2 тұнбасын ажырату қиын, себебі кілегейлі болып келеді, сондықтан бұл аталған аниондар топтық реагентпен, I топтың аниондары болмаса да, қайта анықтау керек.

    II топтың аниондарына сынама жасағанда ерітіндіні азот қышқылы жеткілікті қосылмаса I топтың да аниондары тұнбаға түсіп кетуі мүмкін, сондықтан II топтың катиондарын қайта ашу керек болады.

    Бұл қателік кетпес үшін ерітінді қышқылдық орта көрсеткенше азот қышқылын қосу керек.



    2.Тотықтырғыш аниондарға сынама.

    Бұл аниондар қышқылдық ортадағы KI ерітіндісін бос иодқа дейін тотықтырады. Мұндай аниондарға: Cr2O72-, AsO43-, NO2-, CIO3-, ВrО3-, IO3-, BrO3- MnO4- жатады. KI ерітіндісінен бос иодтың бөлінуі осы аниондардың бар болуының дәлелі. Мысалы, тотықтырғыш аниондардың I- ионымен реакциясы келесі түрде жүреді:



    NO2- + 2H+ +e- ↔ NO↑ + H2O

    3I- -2e- ↔ [I3]-



    2

    1





    2HNO2 + 2Н+ + 3I- → 2NO↑ + 2Н2О + [I3]-

    Сынауды екі рет жүргізеді: біріншіде сұйытылған HCI-мен, ал екіншіде концентрлі HCI-мен AsO43- ионын ашу үшін.

    Иодтың бөлінгенін анық көру үшін оны бензол немесе хлороформ, төртхлорлы көміртекпен экстракциялайды. Осы айтылған органикалық еріткіштерде иод күлгін түсті.



    3.Тотықсыздандырғыш аниондарға сынама.

    Бұл аниондар иодты тотықсыздандырады, сондықтан иод ерітіндісінің түссізденуі осы иондарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл аниондар: SO32-, S2O32-, S2-, AsO33- және т.б.

    Мысалы, иодтың тотықсыздануы келесі реакция теңдеуі бойынша жүреді:

    2S2O32- -2e- ↔ S4O62-

    [I3]- +2e- ↔ 3I-



    1

    1





    2S2O32- + [I3]- → S4O62- + 3I-

    S4O62- - тетратионат ионы, тетратион қышқылының H2S4O6 анионы. Тотықсыздандырғыш аниондарға сынаманы екі рет жүргізеді: біріншісінде HCI –мен қышқылдандырып, ал екіншісінде NaHCO3 қатысында (AsO33- ионын анықтау үшін).

    Тотықтырғыш ретінде КМnО4 қолданылса, онда тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін көптеген аниондарды SO32-, S2O32-, С2О42-, AsO33- анықтауға болады.

    Олар ашық қызыл КМnО4 ерітіндісін түссіз Мn2+ дейін тотықсыздандырады. Калий перманганаты ерітіндісінің түссізденуі осы көрсетілген аниондардың ерітіндіде бар екендігін көрсетеді.

    Мысалы, МnО4- ионының оксалат-ионмен тотықсыздану реакциясы келесі теңдеу бойынша жүреді:

    МnО4- + 8Н+ +5е- ↔ Мn2+ + 4Н2О

    Н2С2O4 -2е- ↔ 2СO2 + 2Н+



    2

    5





    2MnO4- + 6Н+ +5Н2С2О4 ↔ 2Мn2+ + 8Н2О + 10СО2 + 10Н+

    4.Тұрақсыз қышқылдардың аниондарына сынама.

    Тұрақсыз қышқылдардың аниондарына (SO32-, S2O32-, СО32-, NO2-, S2-) 2М HCI әсер еткенде газдар бөліп ыдырайды немесе өздері ұшқыш зат (СН3СОО-) түзеді.



    5.Концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде газ түзетін аниондарға сынама. Ол үшін концентрлі H2SO4 пен құрғақ тұздарына әсер етеді. Ондай аниондарға жататындар: СI-, Вr-, I-, F-, С2О42-, РО3-, SO32-, S2O32- , S2- СО32-, NO3-, СН3СОО-.

    Мысалы: NaCI + H2SO4 → NaHSO4 + HCI

    HCI – түссіз газ, ылғал ауада адамды тұншықтырады, суда еріп тұз қышқылының тамшыларын түзеді – «түтінденеді». Осыған ұқсас HF - өткір иісті тұншықтырғыш газ. Бромидтер мен иодидтерге концентрлі H2SO4 әсер еткенде НВг мен қоңыр түсті бром суы мен иодсутек және күлгін түсті иод буларының қоспасы түзіледі. Бөлініп жатқан бромсутек пен иодсутек концентрлі H2SO4 мен бос күйіндегі бром мен иодқа дейін тотығады.

    Мысалы:


    KBr + H2SO4 → KHSO4 + HBr.

    H2SO4 + 2H+ +2e- ↔ SO2↑ + 2H2O 2HBr -2e- ↔ Br2 + 2H+



    H2SO4 + 2НВr → SO2 + 2Н2О + Вr2




    Осыған ұқсас HI бөлінеді, әрі қарай H2SO4 әсерінен бос иод бөлінеді.

    Оксалаттар концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде бастапқыда қымыздық қышқылы бөлінеді, ал кейін ол СО2 мен СО ыдырайды:



    Na2C2O4 + H2SO4 → Na2SO4 + Н2С2О4,

    Н2С2О4 → Н2О + СО2↑ + СО↑.

    СО – көк түсті жалынмен жанады.

    Нитраттар H2SO4 әрекеттесіп мына теңдеу бойынша ыдырайды:

    NaNO3 + H2SO4 → Na2HSO4 + HNO3,

    4HNO3 → 2H2O+ 2NO2↑ + O2↑.



    Жоғарыда айтқандай, көпшілік жағдайда аниондарды бөлшектеп талдаумен анықтайды.

    Төменде I, II және III аналитикалық топтардың аниондарының реакциялары келтірілген.



    14.2 Бірінші аналитикалық топтың аниондары

    Сульфат ионының реакциялары

    1.Барий тұздарының ерітіндісінің әсері (фармакопеялық реакция)

    Сульфат ионы барий иондарымен ақ түсті, қышқыл мен сілтілерде ерімейтін BaSO4 тұнбасын түзеді:



    SO42- + Ва2+ ↔ BaSO4↓.

    2.Стронций тұздарының әсері :

    Сульфат иондары стронций иондарымен ақ түсті, қышқыл мен сілтілерде ерімейтін SrSO4 тұнбасын түзеді:



    SO42- + Sr2+ ↔ SrSO4↓.

    3.Қорғасын тұздарының ерітіндісінің әсері:

    Сульфат иондары қорғасын иондарымен ақ түсті PbSO4 тұнбасын түзеді:



    SO42- + Pb2+ ↔ PbSO4↓.

    Тұнба сілті мен аммоний ацетатында ериді:

    PbSO4↓ + 4ОН- → [Pb(OH)4]2- + SO42-,

    2PbSO4↓ + 2CH3COO- → [Pb (CH3COO)2·PbSO4] + SO42-.



    Сульфит ионының реакциялары

    1.Минералды қышқылдардың әсері:

    Сульфит иондарын минералды қышқылдармен әсер еткенде, күкірт (IV) оксиді мен суға ыдырайтын күкіртті қышқыл түзіледі:

    SO32- + 2Н+ → H2SO3 SO2↑+ Н2О.

    Күкірт (IV) оксидін иісі арқылы сонымен қатар иод және KМnО4 ерітінділерінің түссізденуінен анықтауға болады:

    SO2↑ + 2Н2О -2е- ↔ SO42- + 4Н+

    1




    [I3]- +2е- ↔ 3I-

    1




    SO2 + 2H2O + [I3]- → SO42- + 4H+ + 3I-





    SO2↑ + 2H2O -2e- ↔ SO4 2- + 4H+

    MnO4- + 8H+ +5e- ↔ Mn2+ + 4H2O



    5

    2


    5SO2↑ + 2Н2О + 2МnО4- → 5SO42- + 4Н+ + 2Мn2+

    2. Барий тұздарының әсері:

    Сульфит иондары барий иондарымен ақ түсті BaSO3 тұнбасын түзеді:



    SO32- + Ва2+ ↔ BaSO3↓.

    Тұнба НС1-да ериді:

    BaSO3↓ + 2Н+ → H2SO3 + Ва2+,

    H2SO3 → SO2↑ + Н2О.




    3. Тотықтырғыштардың әсері:

    Иод және бром сульфиттерді сульфаттарға дейін тотықсыздандырғанда иод және бром ерітінділері түссізденеді, мысалы:



    SO32- + Н2О-2e- ↔ SO42- + 2Н+
    [I3]- +2е- ↔ 3I-

    1

    1





    SO32- + Н2О + [I3]- → SO42- + 2H+ + 3I-

    4. Тотықсыздандырғыштардың әсері:

    Сульфиттер тотықсыздандырғыштардың әсерінен күкіртті сутегін түзеді:



    SO32- + 2H+ → H2SO3 → SO2↑ + Н2О.




    Zn-2е- ↔ Zn2+

    SO2 + 6Н++6е- ↔ ↑H2S + 2Н2О



    3

    1


    3Zn + 6Н+ + SO2 3Zn2+ + 2Н2О + H2S↑




    Күкіртті сутегінде қорғасын ерітіндісі сіңірілген сүзгі қағаз қараяды:

    H2S + Pb2+ ↔ PbS↓ + 2Н+.

    Тиосульфат иондарының реакциялары

    1. Минералды қышқылдардың әсері

    Тиосульфат иондарына минералды қышқылдармен әсер еткенде, күкірт газы мен күкіртке ыдырайтын тиосульфат қышқылын түзеді:




    S2O32- + 2H+ → H2S2O3 → SO2↑ + S↓ + H2O.

    2. Барий тұздарының әсері:

    Тиосульфат иондары барий иондарымен ақ түсті BaS2O3 тұнбасын түзеді:



    S2O32- + Ва2+ ↔ BaS2O3↓.

    Тұнба минералды қышқылдарда ериді:

    BaS2O3↓ + 2Н+ → Ва2+ + SO2↑ + S↓ + Н2О.

    3. Тотықтырғыштардың әсері:

    Тиосульфат иондары иод ертінділерін түссіздендіреді:



    2S2O32- -2е- ↔ S4O62-

    [I3]- +2е- ↔ 3I-



    1

    1


    2S2O32- + [I3]- → S4O62- + 3I-




    4.Қорғасын нитратының әсері

    Тиосульфат иондары қорғасын иондарымен ақ түсті Ag2S2O3 тұнбасын түзеді:



    2Ag+ + S2O32- ↔ Ag2S2O3↓,

    бұл тұнба қара түсті Ag2S↓ тұнбасына ыдырайды:

    Ag2S2O3↓ + Н2О → Ag2S↓ + 2Н+ + SO42-.

    Карбонат ионының реакциялары

    1. Минералды қышқылдардың әсері

    Карбонат иондарын қышқылдармен әсер еткенде СО2 және Н2О ыдырайды:

    СО32- + 2Н+ → Н2СО3 → СО2↑ + Н2О.

    СО2 газын әк суы арқылы өткізгенде ақ түсті СаСО3 тұнбасын түзеді:

    Са(ОН)2 + СО2 ↔ CaCO3↓ + Н2О.

    2. Барий тұздарының әсері:

    Карбонат иондары барий иондарымен ақ түсті ВаСО3 тұнбасын түзеді:

    СО32- + Ва2+ ↔ ВаСО3↓,

    Бұл тұнба хлор сутек қышқылында ериді:

    ВаСО3↓ + 2Н+ → Н2СО3 + Ва2+

    Н2СО3 → СО2↑ + Н2О



    1. Магний сульфатының ерітіндісінің әсері

    Карбонат иондары магний иондарымен ақ түсті MgCO3 тұнбасын түзеді:

    СО32- + Mg2+ ↔ MgCO3↓.

    Гидрокарбонаттар мұндай тұнбаны тек қайнатқанда түзеді:

    2НСО3- + Mg2+ ↔ MgCO3↓ + Н2О + СО2↑.

    4. Фенолфталеиннің әсері

    Карбонат ерітіндісіне 2 тамшы фенолфталеин индикаторын қосқанда күлгін түске боялады.



    Фосфат ионының реакциялары

    1. Барий тұздарының әсері:

    Фосфат иондары барий иондарымен ақ түсті Ва3(РО4)2 тұнбасын түзеді:

    2РО43- + 3Ва2+ ↔ Ba3(PO4)2↓.

    Минералды қышқылдарда тұнба ериді:

    Ва3(РО4)2↓ + 6Н+ → 3Ва2+ + 2Н3РО4.

    2.Күміс нитратының ерітіндісінің әсері

    Фосфат иондары күміс иондарымен сары түсті Ag3PO4 тұнбасын түзеді:



    3Ag+ + РО43- ↔ Ag3PO4↓.

    Тұнба азот қышқылында ериді:

    Ag3PO4↓ + 3Н+ → 3Ag+ + Н3РО4,

    аммиак ерітіндісінде де ериді:

    Ag3PO4↓ + 6NH3 → 3[Ag(NH3)2]+ + РО43-

    3. Магнезия қоспасының әсері

    Фосфат иондары магнезия қоспасымен (MgCl2; NH3H2O, NH4CI) ақ түсті кристалды MgNH4PO4 тұнбасын түзеді:



    НРО42- + NH3 + Mg2+ ↔ MgNH4PO4↓.

    Оксалат ионының реакциялары

    1. Барий тұздарының әсері:

    Оксалат иондары барий иондарымен ақ түсті ВаС2О4 тұнбасын түзеді:

    С2О42- + Ва2+ ↔ ВаС2О4↓.

    Минералды қышқылдарда тұнба ериді:

    BaC2O4↓ + 2Н+ → Ва2+ + Н2С2О4.

    2. Кальций хлоридінің ерітіндісінің әсері

    Оксалат иондары кальций иондарымен ақ түсті ұсақ кристалды СаС2О4 тұнбасын түзеді:

    Са2+ + C2O42- ↔ CaC2O4↓.

    Тұнба минералды қышқылдарда ериді, бірақ сірке қышқылында ерімейді:

    СаС2О4↓ + 2Н+ → Са2+ + Н2С2О4.

    3. Калий перманганатының әсері:

    Оксалат иондары қышқыл ортада калий перманганатын түссіздендіреді:



    МnО4- + 8Н+ +5е- ↔ Мn2+ + 4Н2О

    С2О42- -2е- ↔ 2СО2



    2

    5





    2МnО4- + 5С2О42- + 16Н+ → 10СО2↑ + 2Мn2+ + 8Н2О


    Арсенат иондарының реакциялары

    1.Барий тұздарының әсері:

    Арсенат иондары барий иондарымен ақ түсті Ba3(AsO4)2 тұнбасын түзеді:



    2AsO43- + 3Ва2+ ↔ Ba3(AsO4)2

    Қышқылдарда тұнба ериді:

    Ba3(AsO4)2↓ + 6Н+ → 2H3AsO4 + 3Ва2+.


    2. Магнезия қоспаның әсері

    Арсенат иондары магнезия қоспасымен MgCl2, NH3H2O, NH4C1) ақ кристалды MgNH4 AsO4 тұнбасын түзеді:



    AsO43- + Mg2+ + NH4+ ↔ MgNH4AsO4↓.

    Бұл реакцияның жүруіне фосфат иондары кедергі жасайды, өйткені оларда магнезиальді қоспамен ақ түсті MgNH4PO4 тұнбасын түзеді.

    3. Күміс нитратының ерітіндісінің әсері

    Арсенат иондары күміс иондарымен қоңыр түсті Ag3AsO4 тұнбасын түзеді:



    AsO43- + 3Ag+ ↔ Ag3AsO4↓.

    HNO3 және NH4OH ерітінділерінде тұнба ериді:

    Ag3AsO4↓ + 3Н+ → 3Ag+ + H3AsO4,

    Ag3AsO4↓ + 6NH3 → 3[Ag(NH3)2]+ + AsO43-.



    4.Калий иодидінің ерітіндісінің әсері:

    Арсенат иондары концентрленген хлорсутек қышқылды ортада иодид иондарын бос иодқа дейін тотықтырып, ол хлороформды қабатты қызыл-күлгін түске бояйды:



    AsO43- + 2Н+ +2е- ↔ AsO33- + Н2О
    2I- -2е- ↔ I2

    1

    1





    AsO43- + 2Н+ + 2I- → AsO33- + Н2О + I2

    Арсенит иондарының реакциялары

    1. Барий тұздарының әсері:

    Арсенит иондары барий иондарымен ақ түсті Ba3(AsO3)2 тұнбасын түзеді:



    2AsO33- + 3Ва2+ ↔ Ba3(AsO3)2↓.

    Минералды қышқылдарда тұнба ериді:

    Ba3(AsO3)2↓ + 6Н+ ↔ 3Ва2+ + 2H3AsO3.

    2.Сульфид ертінділерінің әсері (фармакопеялық реакция)

    Арсенит иондары қышқыл ортада сульфид иондарымен сары түсті As2S3 тұнбасын түзеді:

    2AsO33- + 3H2S + 6Н+ ↔ As2S3↓ + 6Н2О.

    Концентрленген НС1-да тұнба ерімейді, бірақ аммиак ерітіндісінде ериді:

    As2S3↓ + 6NH3·H2O → AsO33- +AsS33- + 6NH4+ + 3Н2О.

    3.Күміс нитратының әсері

    Арсенит иондары күміс иондарымен сары түсті Ag3AsO3 тұнбасын түзеді:



    AsO33- + 3Ag+ ↔ Ag3AsO3↓.

    Концентрленген HNO3 және аммиак ерітіндісінде тұнба ериді:

    Ag3AsO3↓ + 6NH3 → 3[Ag(NH3)2]+ +AsO33-,

    Ag3AsO3↓ + 3H+ → H3AsO3 + 3Ag+.



    4.Иод ерітіндісінің әсері:

    Арсенит иондары әлсіз сілтілі ортада иод ерітіндісін түссіздендіреді:



    AsO33- + 2OH- -2e- ↔ AsO43- + H2O

    [I3]- +2e- ↔ 3I-



    1

    1





    AsO33- + 2OH- + [I3]- → AsO43- + H2O + 3I-

    Хромат және дихромат иондарының реакциялары

    1. Барий тұздарының әсері:

    Хромат- және дихромат иондары барий иондарымен сары түсті ВаСrO4 тұнбасын түзеді:

    СгО42- + Ва2+ ↔ BaCrO4↓,

    Сг2О72- + 2Ва2+ + Н2О ↔ 2BaCrO4↓ + 2Н+.



    2. Калий иодидінің ерітіндісінің әсері:

    Дихромат иондары қышқыл ортада иодид иондарын бос иодқа дейін тотықтырып, хлороформ қабатын күлгін түске бояйды:


    Сг2О72- + 14Н+ -6е- ↔ 2Cr3+ + 7Н2О

    2I- +2е- ↔ I2

    Сг2О72- + 14Н+ + 6I- → 2Сr3+ + 7Н2О + 3I2


    1

    3


    Силикат иондарының реакциялары

    1.Барий тұздарының әсері:

    Силикат иондары барий иондарымен ақ түсті BaSiO3 тұнбасын түзеді:



    SiO32- + Ba2+ ↔ BaSiO3↓.

    Қышқылдың әсерінен тұнба ыдырайды:

    BaSiO3↓ + 2Н+ → Ва2+ + H2SiO3↓.

    2.Аммоний тұздарының әсері

    Силикат иондары NH4+ иондарының әсерінен H2SiO3 тұнбасын түзеді:



    SiO32- + 2Н2О ↔ H2SiO3↓ + 2ОН-

    2NH4+ + 2Н2О ↔ 2NH3·H2O + 2Н+






    SiO32- + 2Н2О + 2NH4+ → H2SiO3↓ + 2NH3·H2O

    Тетроборат және метаборат иондарының реакциялары

    1.Барий тұздарының әсері:

    Тетраборат иондары барий иондарымен ақ түсті Ва(ВО2)2 тұнбасын түзеді:

    В4О72- + Ва2+ + 3Н2О ↔ Ba(BO2)2↓ + 2Н3ВО3.

    В4О72- -иондарын тек аса сілтілік ортада тұнбаға түсіреді:

    3ВО3 + 2ОН- + Ва2+ ↔ Ва(ВО2)2↓ + 4Н2О.

    Минералды қышқылдарда тұнба ериді:

    Ba(BO2)2↓ + 2Н+ + 2Н2О → Ва2+ + 2Н3ВО3.

    2.Жалынның түске боялуы

    Борат иондары күкірт қышқылы және этил спиртінің қатысында борэтилдық эфирі түзіліп, жалында қараса, ол жасыл түске боялады:



    Na2B4O7 + H2SO4 + 5Н2О ↔ 4Н3ВО3 + Na2SO4,

    Н3ВО3 + ЗС2Н5ОН → (С2Н5О)3В + ЗН2О.



    Фторид иондарының реакциялары

    1. Барий тұздарының әсері:

    Фторид иондары барий иондарымен ақ түсті BaF2 тұнбасын түзеді:



    2F- +Ва2+ ↔ BaF2↓.

    Минералды қышқылдарда тұнба ериді:

    BaF2↓ + 2Н+ → Ва2+ + 2HF.

    2. Кремний фторидінің SiF4 түзілуі:

    Реакция құрғақ әдіспен жүргізіледі.

    Күкірт қышқылының құрғақ фторидке әсерінен HF түзіліп, SiF4 түзілуіне алып келеді. Гидролизденгеннен кейін H2SiO3 тұнбасы түзіледі:


    CaF2 + H2SO4 → CaSO4↓ + 2HF,

    SiO2 + 4HF → SiF4↑ + 2H2O,



    14.3 Екінші аналитикалық топтың аниондары

    Хлорид ионының реакциялары

    1. Күміс нитратының ерітіндісінің әсері

    Хлорид иондары күміс иондарымен ақ түсті AgCl тұнбасын түзеді:



    Сl- + Ag+ ↔ AgCl↓.

    Тұнба аммиак және аммоний карбонатының ерітінділерінде ериді:

    AgCl↓ + 2NH3 → [Ag(NH3)2]+ + Cl-.

    Бромид иондарының реакциялары

    1.Күміс нитратының әсері

    Бромид иондары күміс иондарымен солғын сары түсті AgBr тұнбасын түзеді:

    Br - + Ag+ ↔ AgBr↓.

    Тұнба аммиак ерітіндісінде ериді:

    AgBr↓ + 2NH3 ↔ [Ag(NH3)2]+ + Br-.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет