Зертханалық жұмыс №1. Жұмыстың тақырыбы: Сутегін алу және оның қасиеттерімен танысу. Жұмыстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет22/22
Дата19.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#197613
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Элементтер химиясы Лаб 2021 (1)
Technology in Education Technology Presentation in Blue Peach Illustrative Style 20231004 005006 0000, Cream and Blue Pastel Abstract Creative Portfolio Presentation 20231004 021608 0000, Colorful Recognition Awards School Events and Special Interest Presentation 20231005 071406 0000
Зертханалық жұмыс № 12.
Жұмыстың тақырыбы:
Темір және оның қосылыстары.
Жұмыстың мақсаты:
Темір және оның қосылыстарының қасиеттерімен танысу. 
Құрал-жабдықтар:
Темір штатив, сынауықтар, спирт шам, сіріңке, ұстара, химиялық стақандар, темір шеге. 
Реактивтер:
Концентрациялы күкірт, тұз, азот қышқылдыары; тотияйынның ерітіндісі, темір (ІІ), (ІІІ) 
хлоридтерінің ерітінділері, темір купоросы, күкіртсутексуының ерітіндісі, күкіртті аммоний тұзының ерітіндісі, 
дистилденген су.
Жұмыстың барысы:
№6-1. Болатты жасыту және шынықтыру. Ұстараны іскекпен спирт шамының жалынына 
қызарғанға дейін қыздырып, біртіндеп суытыңдар. Енді болаттың жасығанына назар аударыңдар. Оны майыстырыңдар 


оңай майысады. Сол жұмсарған болатты қайтадан қызарғанға дейін қыздырып, стақандағы суық суға жылдам сала 
қойыңдар. Енді болатты қайтадан майыстырып көрсеңдер, сынып кетеді. Болаттың беріктігін арттыруда оны суғарудың 
маңызы өте зор. Бұл процесс өндірісте, тұрмыста кең түрде пайдаланылады.
№6-2. Темірдің қышқылдармен әрекеттесуі. а) сұйытылғыан қышқылдарда темір сутегін ығыстыра әрекеттеседі. 
Екі сынауық алып, темір шегені бір – бірден салыңдар. Біріншісіне күкірт, ал екіншісіне тұз қышқылынан 5мл – ден 
құйыңдар. Егер реакция өте баяу жүрсе, қыздырыңдар. Темір хлоридінің және темір сульфатының түсіне көңіл 
аударыңдар. Осы ерітіндіні келесі тәжірибелерге қалдырыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. ә) енді бір сынауыққа 
3 мл концертрациялы азот қышқылын құйыңдар. Үстіне жақсылап тазартылған темір шегені жіпке байлап 0,5 -1 минут 
уақыттай салып, шегені сынауықтың қабырғасына тигізбей шығарып алыңдар. Шегедегі қышқыл жұғындысын 
стақандағы суға жуып, одан бірнеше секундтай тотияйынның ерітіндісіне салыңдар. Мыстың түзілмегеніне назар 
аударыңдар. Енді шегені шыны таяқшамен екі – үш рет соғып, тотияйынның ерітіндісіне қайта салыңдар. Ерітіндіде 
мыс түзіле бастайды. Осы құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
№6-3. Екі және үш валентті темір гидроксидін алу және олардың қасиеттерімен танысу. а) үш сынауыққа темір 
(ІІ) хлоридінің ерітіндісін құйып әрқайсысына 4-5 тамшы күйдіргіш натрдың ерітіндісін тамызыңдар. Түзілген темір 
(ІІ) гидроксидінің түсіне назар аударыңдар. Ол жапырақ түріндегі ақ тұнба түзеді. Ақ тұнба ауада тез тотығып, темірдің 
үш валентті қоңыр түсті тұнбасына айналады. Алғаш көгілдір, одан соң көк жасыл болып, соңында қоңыр түске 
боялады. Осы күйге келмей тұрып, алғашқы екі сынауықтағы гидроксидтердің біріне тұз қышқылын , екіншісіне азот 
қышқылының концентрациялы ерітінділерін құйып көріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Үшінші сынауықтағы 
гидроксидтің тотыққанын байқаңдар. ә) тағы да үш сынауыққа темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін құйып, үстіне натрий 
гидроксидінің бірнеше тамшысын тамызыңдар. Алғашқы үстіне тұз және азот қышқылының ерітінділерін құйыңдар. 
Реакция теңдеулерін жазыңдар. Үшінші сынауықтағы гидроксидті, алғашқы тәжірибедегі үшінші гидроксидтің 
тотығуымен салыстырыңдар.
№6-4. Күкіртті темірдің алынуы. Екі сынауық алып, әрқайсысына 2-3 мл темір купоросының ерітіндісін 
құйыңдар. Біріншісіне күкіртсутек суынан, екіншісіне күкіртті аммоний тұзының ерітіндісінен құйыңдар. Қайсысында 
күкіртті темірдің қара тұнбасының жақсы түзілетініне назар аударыңдар. Тұнбаға концентрациялы қышқылдардың 
бірін құйып көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
FeSO
4
+ (NH
4
)
2
S = FeSO
4
+ H
2
S = FeS + HCl = 
№6-5. Темірдің коррозиясына ауаның және оттегінің әсері. Екі сынауық алыңдар да тең жартысына дейін 
дистилденген су құйыңдар. Бірінші сынауықтағы суды қайнатып, ішіне жартысына дейін суға батып тұратындай етіп 
шеге салыңдар да, аузын тығындаңдар. Екінші сынауықтағы суды қайнатпай оған да жартысына дейін суға батырылған 
темір шегені салыңдар. Бірақ сынауықтың аузын тығындамаңдар. Екеуін де келесі күнге дейін қалдырыңдар. Осы 
тәжірибеден ішінен ауасы шығарылып, аузы жабылған және ішіндегі ауасы шығарылмаған, аузы бекітілмеген 
сынауықтағы суда темірдің қалай тотыққанына назар аударыңдар. Бірінші сынауықтағы суда шеге тотықпайды. Егер 
сәл ғана тотыққтың түзілгенін көресеіңдер, онда судың құрамында ауа толық шығарылмаған деп есептеңдер. Ал екінші 
сынауықтағы темір шеге әжептәуір тотығады.
№6-6. Ингибиторлардың (баяулатқыштардың) әсерінен коррозиядан сақтану жолдары. Үш сынауық алып, 
үшеуіне де 5-6 мл күкірт қышқылының (1:1) ерітіндісін құйыңдар. Үшеуіне де бір-бірден темір шеге салыңдар. Осы 
кезде реакция жақсы жүре бастайды. Енді бірінші сынауыққа 1-2 мл формалин, ал екіншісіне иодты калийдің ерітіндісін 
құйыңдар. Үшінші сынауықтағы ерітіндіні салыстыру үшін алып қойыңдар. Қай сынауықта сутегі күшті бөлінетініне 
назар аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
№6-7. Темір ферратын алу. (Тәжірибе тартпа шкафта орындалады) Сынауыққа 1-2 мл концентрациялы күйдіргіш 
калий ерітінідісін, бірнеше тамшы темір (ІІІ) хлориді мен 2-3 тамшы бром суын тамызыңдар. Сынауықты қыздырып, 
оның ішіндегі заттың түсінің өзгеруін бақылаңдар. Бақылау қорытындысына сүйеніп, реакция теңдеуін жазыңдар. Осы 
ерітіндіге аздап су құйып, бірнеше тамшы барий хлоридін қосыңдар. Тұнба түзілуін ескеріп, реакция теңдеуін 
жазыңдар. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Элементтер химиясы. Оқу құралы / Н.О. Мырзахметова.- 4, 74 МБ.- Алматы: Қыздар университеті, 2017.- 235 б. 
2. Элементтер химиясы Оқу құралы / Л.М. Түгелбаева, Р.Ғ. Рысқалиева, Р.К. Ашкеева.- 4, 26 МБ.- Алматы: Қазақ 
университеті, 2014.- 258 б. 
3. Химиядан практикалық сабақтар. А. Мырзабаев. Алматы, 1972 – 450 б. 
4. Д. Б. Қоянбаев Лаборатриялық жұмыстардың методикасы. Алматы Қаз.мем оқу. пед.баспасы, 2000 ж – 395 б
5. Л. В. Бабич Практикум по неорганической химии. – Москва: Просвещение 1978 г – 550 с 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет