Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған Мамандықтар: 0705000 -«Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу»



бет2/18
Дата31.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#166984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
zerthanalyқ-zhұmystardy-oryndauғa-arnalғan-nұsқaulyқ

Зертханалық жұмыс №1
«Көлбеу жазықтық бойынша
қозғалатын дененің үдеуін анықтау»

2

2

Зертханалық жұмыс №2
«Ұшу қашықтығының лақтыру
бұрышына тәуелділігін зерттеу»

2

3

Зертханалық жұмыс №3
«Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау»

2

4

Зертханалық жұмыс №4
«Сұйықтың беттік керілу коэффициентін анықтау»

2

5

Зертханалық жұмыс №5
«Қатты денелердің тығыздығын анықтау»

2

6

Зертханалық жұмыс №6
«Қатты дененің меншікті жылу
сыйымдылығын анықтау»

2

7

Зертханалық жұмыс №7
«Ток көзінің ЭҚК-н және ішкі кедергісін анықтау»

2

8

Зертханалық жұмыс №8
«Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау»

2

9

Зертханалық жұмыс №9
«Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу»

2

10



Зертханалық жұмыс №10
«Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтау»

2

11

Зертханалық жұмыс №11
«Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігін анықтау»

2

12

Зертханалық жұмыс №12
«Еркін түсу үдеуін маятниктің көмегімен анықтау»

2

13

Зертханалық жұмыс №13
«Серіппелі маятниктің тербелісін зерттеу»

2


14

Зертханалық жұмыс №14
«Жарықтың интерференциясын, дифракциясын бақылау»

2

15

Зертханалық жұмыс №15
«Шынының сыну көрсеткішін анықтау»




16

Зертханалық жұмыс №16
«Конденсатордың электрсыйымдылығын анықтау»

2

17

Зертханалық жұмыс №17
«Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау»

2

18

Зертханалық жұмыс №18
«Қыздыру шамының қуатының кернеуге тәуелділігін зерттеу»

2

19

Зертханалық жұмыс №19
«Линзаның фокус аралығы мен оптикалық күшін анықтау»

2

20

Зертханалық жұмыс №20
«Спектроскоптың көмегімен түрлі заттардың шығару спектрлерін бақылау»

2

21

Зертханалық жұмыс№21 «Материалдың серпінділік модулін анықтау

2

22

Зертханалық жұмыс№ 22 «Қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) анықтау»

2

23

Зертханалық жұмыс№23 «Магнит өрісінің әсерін бақылау»

2

24

Зертханалық жұмыс № 24 «Жарық толқынының ұзындығын анықтау

2

25

Зертханалық жұмыс № 25 «Призмадағы монохроматтық жарықтың жылдамдығын зерттеу»

2




Барлығы

38

ЗЕРТХАНАлық жұмысты жасау барысында қойылатын талаптар
Әр зертханалық жұмыс дәптерге колледжде кабылданған стандарт бойынша толтырылады. Әр зертханалық жұмыс, дәптерге келесі талап бойынша толтырылады:

  • жұмыстың тақырыбы

  • жұмыстың мақсаты

  • жұмыстың орындалуы

  • жұмыстың қорытындысы

Жұмыс қолжазба түрінде орындалады.

ФИЗИКА КАБИНЕТІНДЕ
ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ



  1. Барлық жұмыстарда барынша сақ болу қажет (әсіресе, нәзік құралдармен: әйнек, линза, шыны түтік, жарық сүзгімен және т.б. ұқыпты болу қажет). Есте сақта: ұқыпсыздық, зейін қоймау, жеткіліксіз теориялық білім қолайсыз жағдайға әкелуі мүмкін.

  2. Зертханалық жұмысты орындау барысында нұсқаулықтың тәртібін қатаң сақтау қажет.

  3. Жұмыс істеу барысында өзіңіздің іс-әрекетіңізге сенімді болмасаңыз, оқытушымен кеңесіңіз. Саралау барысындағы әрбір (тіпті елеусіз) келеңсіз жағдайларды оқытушыға хабарлау қажет.

  4. Электр аспаптарымен жұмыс істеу барысында аса сақ болыңыз. Жиналған электр тізбегін оқытушының тексеруінсіз тоқ көзіне қосуға қатаң тыйым салынады. Электр тізбегіндегі барлық қажетті өзгертулерді тоқ көзінен ажыратқан кезде орындау қажет.

  5. Жұмыс үстеліне жұмысқа қажетті заттарды ғана қою қажет.

  6. Жүретін жолға сөмкелер мен рюкзактарды тастамай, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.

  7. Өрт сөндіргіштің орнын әрқашан есте сақта!

1 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: «Көлбеу жазықтық бойынша қозғалатын дененің үдеуін анықтау»
Мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін анықтау.
Құрал-жабдықтар: науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр.
Өлшеу құралдары: өлшеуіш таспа, метроном.
Көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін анықтау үшін шардың белгілі бір уақытта жүріп өткен орын ауыстыруының ұзындығын өлшеу қажет. Бастапқы жылдамдықсыз теңүдемелі қозғалыс кезінде , болатындықтан, шардың үдеуін анықтауға болады:



Жұмыс барысы:

  1. Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекітіңдер. Науаның төменгі шетіне металл цилиндр қойыңдар.

  2. Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санау керек. Тәжірибе жүргізерде метрономды минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.

  3. Науаның көкжиекке көлбеулік бұырыш өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады (соғу арасы – үш толас).

  4. Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.

  5. Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың орын ауыстыруының ұзындығын табу. Науаның көлбеулігін өзгертпей (тәжірибе шарты өзгермеуі тиіс), метрономның төртінші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғысуы дәл келетіндей етіп алып (ол үшін цилиндрді аздап қозғауға болады), тәжірибені бес рет қайталаңдар.

  6. формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін таыңдар:

  7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:




Тәжірибе №

S,м

Sорт, м

Метрономның соғу саны

t,с

аорт, м/с2

1
2
3
4
5



















  1. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет