Зертханалық-практикалық жұмыс №6 Органикалық қосылыстардың сапалық құрамын анықтау



бет1/3
Дата12.10.2022
өлшемі163,34 Kb.
#152711
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
№6 ЛПС Органика


Зертханалық-практикалық жұмыс №6
Органикалық қосылыстардың сапалық құрамын анықтау


1 тәжірибе. Органикалық заттардың құрамындағы көміртегі мен сутегін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Органикалық қосылыстарға сапалық анализ жасай білу, сәйкес реакция теңдеулерін жаза білу, қосылыстардағы элемент атомдарының масалық үлесін есептей білу, белгісіз заттардың формуласын анықтап үйрену.


Жұмыстың орындалу реті



  1. Тәжірибе жасауға арналған құрылғыны жинау

  2. Көміртегі мен сутегін анықтау

  3. Реакция теңдеулерін жазу

  4. Жұмыстың қорытындысы туралы есеп беру



Химиялық ыдыстар мен реактивтер.

- Сусыз мыс сульфаты


- Пробиркалар
- Мыс (ІІ) оксиді
- Парафин
- Мақта
- Газ бөлетін түтікше жалғанған резіңке тығын (пробка)
- Барит немесе әк суы
- Спирт шамы
1. Жұмыстың орындалуы:
СuO қара мыс оксиді ұнтағымен араластырылған органикалық затты қыздырғанда оттегі есебінен жанып, көміртегі оксидін, ал заттағы сутегі суды береді. Мыс окидінің бір бөлігі мысқа айналады. Мұндай процесті былай көрсетуге болады:

СnНmХ +3СuO = nСО2 +mН2О+3Сu +ХО


Зат толығымен тотығуы үшін мыс оксидінің мөлшерін көбірек алады.


СO2 анықтау үшін барит немесе әк суы қолданады.
Реакция нәтижесінде түзілген суды анықтау үшін мыс сульфатының сусыз тұзын пайдаланады. Сусыз мыс сульфатының СuSO4 ақ ұнтақ болады, ол сумен әрекеттесіп, кристаллогидратқа СuSO4*2О (мыс купоросы) айналып, көк түске боялады.
Тәжірибені жасау үшін мыс (ІІ) оксидінің 5г қара ұнтағын 2,5 г парафинмен фарфор тигельде араластырып а пробиркасына (1-сурет) салыңыз.


Пробирканың жоғарғы жағына
тығын ретінде аздаған мақта
қойыңыз, оның бетіне
жұқалап сусыз мыс купоросының
ақ ұнтағын себіңіз. Пробирканы
газ бөлетін түтікше жалғанған
мақта тығынмен жабыңыз. СuSO4
себілген мақтаға түтікшенің ұшы
тиіп тұруы тиіс. Түтікшенің 1-сурет. Көміртегі мен сутегінің алынуы төменгі ұшы алдын ала 0,5 мл барит
немесе әк суы құйылған б пробиркасындағы суға батырылып орналастырылады.
Спирт шамының жалынына пробирканы қыздырыңыз. Егер тығын тығыз жабылған болса, бірнеше секундтан соң газ шығарушы түтіктен газ көпіршіктері шыға бастайды. ВаСO3 ақ тұнбасы бөлініп, барит суы лайлана бастаған кезде, б түтікшесін алып тастаңыз. Газ шығауршы түтікті ұстап тұрып, мақтаның өне бойына дейін, су буы мақтадағы сусыздандырылған мыс купоросының ақ ұнтағына жеткенше және СuSO4*2О кристаллогидратын түзіп, көк түске боялғанға дейін қыздырыңыз. Егер мақтаны көп алып қойсаңыз, мақта бөлінген суды өзіне тартып алады да, көк түске боялу құбылысы көрінбей қалады.
СO2 және Н2О бөлінгеніне қарай зерттелген заттың көміртек пен сутектен тұратынын көруге болады. Талдау жасауға алған органикалық заттың құрамы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет