Зертханалық құралдар мен ыдыстар



бет15/21
Дата23.11.2022
өлшемі0,7 Mb.
#159466
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар

Айдау (дистилляция). Бұл процесс сұйық затты онда еріп жүрген қатты заттан бөлу үшін не ұшқыштығы төмен сұйықтардан бөлу үшін қолданылады. Қайта кристалдау процесіне қарағанда айдау процесі арқылы аз уақыт аралығында көп таза өнім алуға болады.
Сұйықтарды 3 әдіс арқылы айдауға болады: атмосфералық қысым жағдайында (жай айдау); вакуум-айдау және су буымен айдау.
Возгонка (сублимация). Кристалды зат сұйыққа айналмай буға айналып, қайтадан кристалл затқа конденсацияланса, возгонка (сублимация) деп аталады.
Возгонка кезінде қайта кристалдауға қарағанда таза өнімнің шығымы жоғарырақ болады. Зат балқыған кезде айырылатын болса, ондай заттарды тек возгонка арқылы тазалайды. Сублимацияланатын заттар аз болғандықтан, затты возгонка арқылы тазалау аз қолданылды.
Фарфор чашкаға возгонкаға түсетін затты салып, воронкамен жауып, чашка мен воронка ортасына тесіктері бар фильтр қағазын қояды, сол кезде түзілген кристалдар қайтадан чашкаға құламайды. Чашка түбінен аздап қыздырады, воронканы сыртынан ылғал фильтр қағазымен жауып, суытады. Таза зат воронка қабырғасына қонады (47-сурет).

47-сурет. Йодты возгонка арқылы тазалау.
Жай айдау кезінде құралды былай жинайды: айдауға қолданылатын колба (Вюрц колбасы), тура тоңазытқыш (суытқыш), тазаланған затты (өнімді) жинайтын құрал Вюрц колбасын 2/3 көлеміне дейін айдайтын сұйықпен толтырады, термометр Вюрц колбасының трубкасынан 1 см төмен орналасуы қажет (14 – сурет). Айдау процесіне қолданылатын құралдар: термометр, Вюрц колбасы, домалақ түпті колба, Либих тоңазытқышы, алонж, қабылдағыш.
Химиялық зертханалық ыдыстарды жуу
Химиялық зертханаларда кір ыдыстарды қолдануға болмайды, оларды қолданған соң бірден жуу қажет.
Сумен тек жақсы еритін заттармен былғанған ыдыстарды жуады. Ыдыстардың қабырғаларында тұрып қалған заттарды ерщ көмегімен кетіреді, майлы заттарды сабынды сумен жуып не органикалық еріткіштермен (спирт,
ацетон, бензол, хлороформ, бензин т.б.) жуып кетіреді.
Тым қатты кірлеген ыдыстарды күкірт, азот, тұз қышқылдарымен, хром қоспасы, сілтілермен жуады. Бұл жағдайда қолға резенке қолғап пен көзге көзілдірік тағу керек.
Жуылған ыдыстарды сүртуге болмайды, кептіргіш шкафтарда не арнайы қабырғаға ілінетін тақталарда кептіреді (48-сурет). Таза ыдыстарды шкафтарда сақтайды.

48-сурет. Химиялық зертханалық ыдыстарды кептіруге арналған
арнайы қондырғылар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет