Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұСҚАУ


Зертханалық жұмыс. Техника қауіпсіздігі ережелері



бет2/39
Дата21.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#154385
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
бейорганикалық химия лаб жум адис нус
ktj 20476, sbornik inkljuziv obraz, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси
Зертханалық жұмыс. Техника қауіпсіздігі ережелері
1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫЌ ЖҰМЫС


Лабораториялық жұмыстын аты: Лабораторияда жұмыс істеу қауіпсіздік техникасы.


Жұмыстын мақсаты: студенттерді лабораторияда жұмыс істеудің қауіпсіздік техникасымен және лабораториялық ыдыстармен, реактивтермен таныстыру


Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер
1.Ауа сорғыш шкаф
2.Реактивтер
3.Пробиркалар.
4.Лабораториялық журнал
5. Жалпыға арналған ыдыстар.
6.Арнайы ыдыстар.
7.Өлшеуіш ыдыстар.
8. Фарфор және жалынға төзімді ыдыстар.
9. Реактивтер


Жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы

  1. Улы заттармен және иісі жаман заттармен барлық тәжірибелерді лас ауа сорғыш шкафтың ішінде жасайды.

  2. Ыдысқа жақын үңіліп бөлінген газдарды иіскемеу керек. Тәжірибе жасау барысында газдың иісін байқасаңыз немесе газдын сұйықтығын көрсеңіз ақырын иіскеген ауаны кері шығарыңыз.

  3. Концентрленген қышқылдарды сұйылтқанда, әсіресе күкірт қышқылын, қышқылды суға құйыңыздар.

  4. Реактивтерді ыдыстарға құйғанда өзіңізді ыдысқа жақын ұстамаңыз және жақын еңкейіп қараманыз. Реактив бетіңізге немесе киіміңізге шашырауы мүмкін.

5. Қыздырылған сұйығы бар ыдысқа жақын еңкейіп қарамаңыз. Кейбір жағдайларда сұйық ыдыстан атқылауы мүмкін.

  1. Пробирканы қыздырғанда ұстағышпен (қыскышпен) пробирканың аузын өзіңізден басқа жаққа бағыттаңыз.

  2. Балқу темлературасы төмен және ұшқыш заттармен жұмыс істегенде оттан қашық ұстау керек және лас ауа сорғыш шкафта жұмыс істеу керек.

  3. Жанған бензинді, спиртті, эфирді өшіргенде өрт сөндіргіш құмды олардың жалынына төгіңіздер.

9. Өзіңіздің жұмыс орныңызды тәжірибеге керек емес заттармен толтырмаңыз.
10. Затты қолыңызбен ұстаманыз және аузыңызға салмаңыз.
Химия пәнінің лабораториясында жалпы жұмыс істеу тәртібі. Лабораториялық жұмысты орындау және тіркеу тәртібі.
Лабораториялық жұмысты жасау алдында инструкциясымен, техникалық қауіпсіздендіру ережелерімен танысып алу керек. Жұмыс орнында тазалық сақталып, пайдаланатын құралдар реттеліп тұруы керек. Аталған тәжірибе бойынша қолданылатын реактивтердін мөлшері көрсетілмеген болса, онда аз мөлшерде алып пайдалану керек. Барлық тәжірибелерде тек қана дистилденген сумен жұмыс істеу керек. Скляпкалардың тығындарын бір-бірімен алмастырмаңыздар. Тәжірибиеден артылған заттарды қайта склянкаға құймаңыздар. Құрғақ заттарды қайта ыдысына салмаңыздар (бастапқы алған ыдысқа). Этикеткасы жоқ немесе күдік туғызатын реактивтермен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады. Әрбір студент лабораториялық журнал жүргізеді. Журналдың (дәптердің) сыртқы бетінде фамилиясын, атын, топ нөмірін көрсетуі керек. Лабораториялық жұмысты және журналды мына формада жүргізу керек.

  1. Орындалған куні, айы жазылады,

  2. Лабораториялық жұмыстын аталуы және нөмірі,

  3. Тәжірибенің аталуы,

  4. Реакция теңдеуі, байқалғандар, құралдың схемасы, есептеулері, кестелері, графиктері,

  5. Қорытынды.

Лабораториялық журналды жұмысты орындау барысында толтырады. Жұмыстың соңында журналды оқытушы тексереді. Лабораториялық сабақ аяқталысымен қолданған ыдыстарды жуып, өз жұмыс орныңызды жинастырыңыз. Көптеген лабораториялық жұмыстарда міндетті түрде ең алдымен есептеу жұмыстары жүргізіледі. Әрбір жұмыстың негізгі бөлігі қателікті есептеу болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет