«Зертханалық зерттеулерді жүргізудің негізгі прициптері. Биотехнологиялық зертханаларға қажетті құрал-жабдықтар тақырыбына модельді құрылымды макет»



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата18.01.2023
өлшемі3,29 Mb.
#165782
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Зертханалық жабдықтар КТ
Орындарған Хуанд Максат, umkd os shar beiim tehn 2022 zh., Кинжаканов 1 тапсырма, umkd oshat 2022, plant papers ru, ӨШАТ
Электр плиталары. 

Электр плиталарының 127 және 220 вольт кернеуінде жұмыс
істей алатын түрлері шығарылады. Сонымен қатар олар
спиралі ашық және спиралі жабық болып екі топқа бөлінеді. 
Қауіпсіздік мүмкіншілігі жоғары болатындықтан
лабораторияларда және өндіріс пен тұрмыстық жағдайларды
электр плиталарының екінші түрі жиі пайдаланылады. Шыны
стакандарды қыздыру үшін электр плиталарының бетіне
асбест торын (немесе асбесттің өзін) төсеу керек.

Ескерту: электр плиталарын тез тұтанғыш және қопарылғыш
заттардан алшағырақ жерге орналастыру керек
.

Су моншалары. 

Су моншалары көптеген лабораториялық
тәжірибелерде қолданылатын аса қажетті
приборлардың бірі. Соңғы жылдары қажетті
температураны ұстап және автоматты түрде
реттеп отыратын су моншалары шығарыла
бастады



Пробирка қыздырғыштар – пробиркадағы
сұйықтарды электр тогы көмегімен қыздыруға
арналған, бірақ сирек қолданылатын прибор. 
Әдетте, аналитикалық жұмыстарда пробиркаларды
қыздыру үшін су моншалары жиі қолданылады. 

Спиртовка – спиртті (этил спирті) жағу арқылы
ыдыстарды қыздыруға арналған прибор. Спиртовка, 
көбінесе пробиркаларды қыздыру үшін, 
микробиологиялық, медициналық және
биотехнологиялық жұмыстарда аспаптарды жалын
үстінде қыздырып, залалсыздандыру үшін жиі
қолданылады.

Муфельді пеш – заттарды балқыту үшін және аса жоғары
температураларды қажет ететін жұмыстарда
пайдаланылатын прибор (5 сурет). Муфельді пештерде
температураны 1000-1200
°
С-қа дейін және онан да жоғары
көтеруге болады. Бұндай пештер тигльдерді (оның ішінде, 
әсіресе платинадан жасалған тигльдерді) қыздыруға өте
ыңғайлы.



Кристаллизаторлар, заттарды қайта кристалдау, кейде сұйық заттарды буландыру үшін
пайдаланылатын табаны жалпақ, диаметрі мен көлемі әртүрлі, жұқа шыныдан
жасалынған ыдыс.

Салқындатқыштар сұйықтарды салқындатып және буды (парды) конденсациялау үшін
пайдаланылады. Салқындатқыштардың бірнеше түрлері бар. Олардың ішіндегі ең
қарапайымы Либих салқындатқышы немесе олны түзу салқындатқыш деп атайды. 
Салқындатқыш екі бөліктен тұрады: 

ішкі, жіңішке түтік (ол арқылы бу шығады) 

сыртқы, жуан түтік. 
Жуан түтіктің жоғарғы және төменгі жақтары ішкі түтікке балқытылып бекітілген. Сыртқы
түтіктің екі шүмегі болады. Оның жоғарғы шүмегі төменгісінен жуандау болып келеді. 
Төменгі шүмек резіңке түтік арқылы су кранымен қосылады, ал жоғарғы шүмек арқылы
салқындатқышқа толған су резіңке түтік арқылы сыртқа шығарылып отырады. Осылай бу
шығатын түтік жұмыс барысында үнемі салқын күйде болады.
Салқындатқыш қыздырылатын колбаның аузына тығыз отырғызылады. Сұйық қызған кезде
түзілген бу жіңішке түтік арқылы жоғары көтеріледі. Ішкі және сыртқы түтіктердің ортасы
үнемі суық сумен толтырылып тұратындықтан ішкі түтікпен жанасқан бу
конденсацияланып, қайтадан колбаның ішіне ағып отырады. Либих салқындатқышын тек бу
температурасы 150
°
С-дан аспайтын сұйықтарды айдау үшін пайдалануға болады.


Жалпы зерттеулер үшін қолданылатын шыны 
ыдыстар

Пробиркалар диаметрі мен биіктігі әр түрлі, табаны
дөңгелектеніп келген, формасы цилиндр болып келетін
ыдыстар. Жай пробиркалардан басқа сұйық заттардың көлемін
өлшеуге арналған және центрифугалауға арналған пробиркалар
да болады. Көбінесе пробиркалар оңай балқитын шынылардан
жасалынады. Бірақ жоғары температуралық жұмыстар үшін
пробиркаларды баяу балқитын шыныдан, немесе кварцтан
жасайды. Пробиркаға ерітіндіні еш уақытта толтырып
құймайды. Ерітіндінің көлемі пробирка көлемінің 0,4 бөлігінен
аспаған дұрыс. Пробиркадағы затты еріту үшін пробирканың
ауызын саусақпен жауып араластыруға болмайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет