Зерттелетін жұмысымның тақырыбы


-Қосымша. Дәрігерден алынған мәлімет



бет6/9
Дата20.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#174996
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ғылыми жоба
11 полимерлер, Александр Михайлович Бутлеров.реферат
1-Қосымша. Дәрігерден алынған мәлімет
Мектеп борының біздің мектептегі оқушылардың денсаулығына қаншалықты зиян келтіретіні жайында бірнеше зерттеу жұмыстары жүргізілді.Адам ағзасына қаншалықты зиян екенін білу үшін мектеп дәрігерімен кездесу болды.
Дәрігердің айтуы бойынша мектеп борын көп пайдалануға болмайды,әсіресе тыныс алу жолдарымен ауыратын балалар бар,оларға борды шамадан тыс көп пайдалану зиянды.
Балалар денсаулықтарын қарау мақсатында мектепте оқып жатқандықтан,барлық жағдай болуы керек,әрине жағдай жасалып жатыр,дегенмен де тыныс алу жүйесіне қатысты болғандықтан, мектеп борының орнына басқадай заттар қолдану қажет.
Мектептегі оқушылардың тыныс алу жүйесіне әсер болмайтындай ,денсаулықтарына зиян келмейтіндей жағдайлар ойластырылса.


-13-

2- Қосымша. Сауалнама талдауы
Бордың адам денсаулығына тигізетін қандай әсері бар екенін білу мақсатында мектеп мұғалімдерінен сауалнама алған болатынбыз.
Мұғалімдерден алынған сауалнама
1.Сіз қалай ойлайсыз,күнделікті мектеп борымен жұмыс жасау сіздің ағзаңызға зиян келтіреді ме?
1.Ия
2.Жоқ
3.Білмеймін
2.Бордың жағымсыз салдары болды ма,болса,қандай ?
а) қолдың терісін:
1.құрғатады
2.аллергиялық реакция береді
3.басқа
4.жағымсыз салдары жоқ
б) тыныс алу жүйесіне:
1.жөтел
2.демікпе пайда болды
3.басқа
4. жағымсыз салдары жоқ -14-
3.Мектеп тақтасын,борды басқа затпен ауыстыруға болады ма?Болса немен? Ойыңызды жазсаңыз.

Мұғалімдерден алған сауалнаманы талдап мынандай қорытындыға келдік.


Мұғалімдердің 90%-ы мектеп борының сапасына көңілдері толмайды,бор қолдың терісін құрғатады,киімге тисе,дақтар қалады,тақтаға жазғаннан кейін тақтаны сызып,ізін қалдырады.
Кейбір мұғалімдердің жауабынан бордың тыныс алу кезінде аллергиялық реакция беретінін,жөтелу,түшкіру сияқты, кері әсерлерін байқап жүргендерін атап өтті.Дегенмен 10%-ы әлі де болса,мектеп борын ешқандай затпен ауыстыруға болмайтынын жазған.Көпшілігінің талабы барлық сыныпта маркерлі, интерактивті тақталар болса.
Сауалнама мәліметтері диаграмма түрінде көрсетілді

-15-
Мұғалімдер қойып отырған талап-тілектері алдағы уақытта орындалатын шығар.Заманымыз жаңарып,ғылым мен техника дамып жатқанда,мектеп борын мүмкін пайдаланбайтын болармыз.Әзірше барлық сыныптар толық интерактивті тақталармен жабдықталғанша біздің айтар ұсынысымыз бар.



-16-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет