Зерттеу жұмысы Тақырыбы: “Қазіргі таңдағы жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық, діни құндылықтар”



бет4/10
Дата22.04.2022
өлшемі1,26 Mb.
#140507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мәд тану 13 апта
14 апта Хасенханов Нургиса презентация, 7 БОӨЖ Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы, 3 тақырып, 11 ФИЗИКА ҚМЖ, Документ Microsoft Word (3), Пакеттік тур, pdf 20221125 201807 0000, Нравенстного воспитания 221124 214816, талдау, Сертификат, BVOQDTPJYTHT11112022093044, 2203

Ұлағатты сөздер

  • Абай Құнанбаев:
  • «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады». Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
  • Оның жастарға бірінші қоятын талабы мораль жағынан ұстамды таза болу, сыпайы, мінезді, әділетшіл, шыншыл болу. Абайдың қоятын екінші талабы тұрақтылық. Үшінші талабы әділетшілдік.

Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп-жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, татып, естелердің айтқандарын есте сақтап қана естелер қатарында болады», – деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді, әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, жауыздықты т. б. жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір, болмаса жұмасында немесе айында бір рет өмірді қалай өткізгендігі жайында өзіңнен-өзің есеп ал», – дейді. Жеке адамның қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процессінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім,еңбек құралдары т. б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер.

  • Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп-жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, татып, естелердің айтқандарын есте сақтап қана естелер қатарында болады», – деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді, әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, жауыздықты т. б. жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір, болмаса жұмасында немесе айында бір рет өмірді қалай өткізгендігі жайында өзіңнен-өзің есеп ал», – дейді. Жеке адамның қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процессінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім,еңбек құралдары т. б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет