Зерттеу жұмысының өзектiлiгi: Бүгiнде диабет сусамыр aуруының


Өсімдіктер әлеміне, оның ішінде дәрілік шөптерге сипаттама



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата26.10.2022
өлшемі1,1 Mb.
#154894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
для распечатка -Еркебулан
111, ОТВЕТЫ ГОТОВЫЕ
1.3 Өсімдіктер әлеміне, оның ішінде дәрілік шөптерге сипаттама 
Дәрілік ретінде пайдаланатын мәдени дақылдар. Уытты өсімдіктер жер 
шарының барлық аймақтарында кең таралған. Өсімдіктердегі алкалоидтардың 
ашылуы өткен ғасырдың бас кезіне жатады, бірақ олардың өсімдік 
тіршілігіндегі маңызы әлі толық зерттелмеген. Сондай-ақ, өсімдік ағзасындағы 
алкалоидтардың түзілу заңдылығы мен жинақталуы да толық зерттелмеген. 
Әлемдік деңгейде, экономикасы жақсы дамыған елдерде флорасы мен 
фаунасының құлдырау себептері айтылады. Табиғатты және табиғи 
ресурстарды қорғаудың халықаралық одағының XIV Бас Ассамблеясында 
(Ашхабад, 1978) табиғатты қорғаудың әлемдік стратегиясы талқыланды. 1980 
жылы халықаралық нормативтік акті қабылданды. Қызыл кітаптың алғашқы 
баспасы «Қорғауды қажет ететін КСРО жабайы өсетін флорасы» жарияланды. 
1981 жылы бүкіл одақтық ботаникалық қоғам Қызыл кітаптың екінші баспасын 
шығарды. Сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер бойынша табиғатты 
қорғаудың халықаралық одағы қауіп төніп тұрған өсімдіктерді категорияларға 
бөлді: 0 категориясында табиғатта болған, қазір жойылып кеткен, алайда 
дақылда сақталған түрлер жатады, 1 категориясына – жойылып кетуге қаупі 
төніп тұрған, ерекше қорғауды қажет ететін түрлер, 2 категориясына тікелей 
қауіп төнбеген, табиғатта сирек және шектеулі аудандарда кездесетін өсімдік 
түрлері, 3 категориясына – саны азайтып, таралу аймағы кішірейіп, табиғи 
немесе адам қатысуы нәтижесінде жойылып кететін өсімдіктер жатады [15]. 
Айтылған барлық категорияға жататын өсімдіктер бірдей қорғауды қажет 
етпейді: кейбір түрлер еліміздің барлық территориясында қорғауды талап етсе, 


22 
кейбірейлері тек сирек кездесетін жерлерде қорғауды керек етеді. Дәрілік 
өсімдіктерді жинауға сәйкес ережелер бекітілген, арнайы нормалар бойынша 
жиналып, әрдайым бақыланып отыруы керек. Дәрілік өсімдіктерді үлкен 
өндіріс үшін емес, өз пайдасын ажырату үшін жинаушылар көбейіп кетті. 
Сондықтан сирек өсімдіктер категориясына жататын өсімдіктерді ең аз 
мөлшерде де жинауға болмайды. Олардың біразы қазіргі медицина көп 
қолданылады. Мұндай өсімдіктерді сақтап қалудың бір жолы – оларды 
дақылдар қатарына енгізу. 
Ашылған уытты өсімдіктердің саны, флора түрлерінің жалпы санына 
қарағанда, көп емес, бірақ жыл сайын олардың саны тез көбеюде. Жоғарғы 
сатыдағы өсімдіктердің 15 мың түрлерінің ішінен 600-дей уыттылар табылған. 
Толық зерттелгені осы санның ең көп дегенде 20%-тін құрайды. Уытты 
өсімдіктердің көпшілігі мына тұқымдастарға жатады: күрделігүлділерге 
(Compositae), сарғалдақтарға (Ranunculaceae), лалагүлдерге (Liliaceae), 
бұршақтыларға 
(Leguminosae), 
көкнәрлар 
(Papaveraceae), 
алабұталар 
(Chenopodiaceae), алқалар (Solanaceae) және айлауықтарға (Borraginaceae). 
Бірақ бұл, басқа тұқымдастарда алкалоидтар кесдеспейді деген мағынада емес.
Өсімдіктерді көлеңкеде немесе желдетіліп отыратын бөлмеде кептірген 
дұрыс. Күннің көзінде, пеште және тағы басқа жерлерде кептіруге болмайды. 
Кептіруді тез жүргізу керек. Бұл уытты өсімдіктердің шикізатының басқа да 
кептіру амалдарына жатады. Өсімдік материалының баяу кептірілуі кезінде 
туындайтын ферментативтік және энзиматикалық процесстер, әсіресе 
айналадағы ауаның ылғалдылығының көп болуына байланысты, оның 
алкалоидтылығының төмендеуіне әкеліп соғады. Алкалоидтылыққа өсімдікті 
зерттеу барысында міндетті түрде қажетті жазбалар жүргізу керек [16].
Эфир майы өсімдіктің барлық мүшесіне тән және гүлдерде, жемісінде, 
жапырақтарында, сабағында, жуашықта, тамырларында, тамырсабақтарында 
және басқаларда болуы мүмкін. Өсімдіктердегі эфир майы ерекше жерлерде 
(өсімдік бездерінде) немесе жапырақтарында болады, тек кейбір өсімдіктердің 
жемістерінде (мысалға Umbelliferae), сондай–ақ безді түктерде болады. Негізгі 
ұлпада эфир майы сирек кездеседі. Олар әдетте өсімдік ұлпасында (мысалы 
раушангүлдің күлтежапырақшасында) немесе ерекше сыртқы жерлерде (безді 
түктер). Біреулері, эфир майы өсімдік өміршеңдігі деп есептесе, ал 
кейбіреулері күрделі химиялық қосылыстардың ажырауы деп ойлайды, кейбір 
жағдайларда өсімдікпен регенерирленуі мүмкін және азықтық заттардың қоры 
ретінде пайдаланылуы мүмкін. Эфир майын түгелдей меңгеру үшін бірнеше 
жүздеген грамм үлгісін алу қажет (оны айтылған құралдан алу мүмкін емес). 
Буқалыптастырғыштан бу материалдың астына булағыштың төменгі бөлігіне 
бу жіберетін түтік арқылы өтеді, сол арқылы және эфир майымен бірге 
жоғарғы тесік арқылы тоңазытқышқа өтеді. Тоңазытқышта салқындатылған су 
және эфир майы буының қоспасы конденсцияланады, ағады және 
қабылдағышқа түседі. Қабылдағыш ретінде флорентинді ыдыс жүреді. Эфир 
майы қабылдағыштың кеңейтілген бөлігінде ериді, артық су түбінен қосылып 
тұрған талшықпен қосып тұрған бүйірдегі түтік арқылы ағып кетеді. 


23 
Бұршақ түқымдасы. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер тіршілік формасына 
қарай ағаш, бұта, лиана, шала бұта, көпжылдық және бір жылдық шөптесін 
болып келеді. Бұл тұқымдас өсімдіктердің шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-
түлік және жемшөптік дақыл ретінде өсіріледі. Қазақстанда егістік және 
көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, 
жамбас бұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін 
өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған және бұршақтарды атауга болады. 
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер 
бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің 
сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген. Бұршақ тұқымдас 
өсімдіктердің жапырагы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын 
тәрізді, күрделі жапырақ, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді. Бұршақ 
тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ, шатырша, жұмыргүл т.б. 
болады. Жемісі - бұршаққап. Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады 
және ішінде бірнеше ұрық болады. ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр 
түрлі болып келеді. Дәнінің негізгі ерекшелігі - оларда акуыздың көп болуы. 
Күрделігүлділер тұқымдасы. Күрделі гүлділер өздерінің өсетін ортасына, 
табиғи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі пішінді болады. Бұлар қоныржай 
аймақта шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде өсетін бір, екі немесе көп жылдық 
өсімдік деп есептелінеді. Бұлардың жапырақтары жай, өркен бойына әдетте 
кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасқан, пішіндері де әртүрлі, бүтін немесе 
тілімді болып келеді, бөбе жапырақшасы болмайды, үсақ гүлдері себет 
гүлшоғырына топтанады. Себетгүлдің барлық гүлін әдетте жасыл 
жапырақшалар орамы қоршап тұрады. Майда гүлі өте көп, бір гүл тәрізді 
жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Мысалы: оны бакбақтан байқауға 
болады. Гүл шоғыры - себетгүлдің болуы нағыз күрделі гүлділер түқымдас 
өсімдіктерге тән белгі. Әдетте гүлшоғырында толып жатқан ұсақ гүлдер 
болады, олар гүлшоғырының табанына орналасқан. Күрделі гүлдерінің гүлі 
бірнеше түрге бөлінеді: 
Түтікшелі гүлдер - қос жынысты, актинморфты, күлтесінің жоғарғы жағы 
бес тілікті болады. Жалған тілшелі гүлдер - 3 күлтесі болады, олар бір-бірімен 
бірігіп өскен болады да, жоғарғы жағы үш тілікті болып келеді. Гүлі 
зигоморфты, көбіне бір ғана аналығы болады. Жалған тілшелі гүлдер 
себетгүлдің шет жағына қарай өседі де, ортасында түтікшелі гүлдер болады. 
Түстері ашық түсті болып бунақ денелерді өзіне тартады.
Тілшелі гүлдер - гүлдің күлте жапырақшалары төменгі жағында 
түтікшеге бірігіп өскен болады да, жоғарғы бөлігі ұзын тілшеге ұқсайды. 
Тілшенің ұшынан бес тілше жақсы байқалады. Бұдан күрделі гүлділердің арғы 
тегінде бес култежа-пырақшаларының бірікпей, кейін біріккенін байқауға 
болады. Тілшелі гүлдер қос жынысты, зигоморфты. 
Воронка тәрізді гүлдер - пішіні воронка тәрізді, күлтенің жоғарғы жағы 
әртүрлі тілікті бесеу болады. Гүлі зигоморфты, гүлінде аталықта, аналықта 
болмайды. Мүндай гүлдер гүлшоғырдың шетінде өсіп түрады, ортасында 
түтікшелі гүлдер өседі [16]. 


24 
Түймешетен – күрделі гүлділер тұқымдас, ерекше иісі бар, көп жылдық 
өсімдік. Жапырақтары кезектесе өседі, сопақша келген үстіңгі беті қою жасыл, 
ал астыңғы жағы сұрғылт жасыл түсті. Гүл қауашақтары домалақ, сары. 
Гүлдері шоқталып өседі. Биіктігі 60-120 сантиметр. Июнь мен август 
айларының аралығында гүлдейді. Еліміздің барлық жерінде кездеседі. 
Бақшаларда, бұталар арасында, қайыңды ормандарда, өзен жағасында, жол 
жиегінде және үй маңында өседі. Химиялық құрамы.
 
Гүлдерінде танацет, 
галлус және басқа да органикалық қышқылдар, ащы және илік заттар, шайыр, 
қант, эфир майы, бояғыш заттар мен май бар. Өсімдік – улы. Қолданылуы. 
Дәрілік мақсатқа гүл қауашақтарын, жапырақтары мен шөбін пайдаланады. 
Оларды гүлдеген кезінде жинайды. Дәрілік өсімдік ретінде түймешетен өте 
ертеде-ақ белгілі болған. Ол көптеген халықтар медицинасында кеңінен 
қолданылады. Гүл қауашағының судағы тұнбасы тәбет ашады, асқазан-ішек 
бездерінің қызметін күшейтеді, тер шығарады. Өттің бөлінуін жақсартады, 
қысымын арттырады. Түймешетен препаратын екіқабат әйелдерге беруге 
болмайды. Оны көп мөлшерде ішіп қойса, құстырады және іш өткізеді. Халық 
медицинасында түймешетенді ревматизмді, құяңды, бас ауруларын, бастың 
айналуын, гастритті, іш өтуді, қояншықты, сары ауруды, қызбаны, шеменді, 
қарын жарасын, жүрек қызметінің бұзылуын емдейтін дәрі ретінде қолданады. 
Түймешетен препараттарын іріңді жаралар мен жарақаттарды емдеу үшін дене 
сыртына жағады [17]. 
Шайшөп – күрделі гүлділер тұқымдас, көп жылдық өсімдік. Түсі ақшыл. 
Ұзындығы 40-50сантиметр. Ағаш тамырлы өсімдіктің бірнеше сабағы болады. 
Тамырына жақын жапырақтары ұзынша келген, жұмыртқа пішіндес сопақ, ал 
жоғарғылары қияқ тәрізді. Гүл қауашағы қызғылт күлгін түсті, шар тәрізді, 
жеке-жеке өседі. Жемісі – дән. Июнь мен август айларының аралығында 
гүлдейді. Еліміздің европалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік батыс 
аймақтарында, Кавказда, Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Құмды 
жерлерде, тау етектерінде, бұта арасында өседі. Кейде сәндік өсімдік ретінде де 
өсіріледі. Химиялық құрамы. Шайшөптің құрамында флавондар, флавон 
глюкозидтері, эфир майы, стеарин қосындылары, илік, ащы және бояғыш 
заттар, шайыр мен каротин бар. Қолданылуы. Шайшөптің гүлін дәрі ретінде 
пайдаланады. Оның гүлдері халық медицинасында ерте заманнан бері 
қолданылып келеді. Шайшөпті жабайы шетенмен, шайқураймен, жүгері 
аталығымен, күнбағар гүлімен және қызылтаспамен қосып бауыр мен өт 
жолдарының ауруын, яғни холециститті, холангитті емдеуге болады. Бұл дәріні 
ішумен бірге қайнатып ыстықтай бауыр тұсына басуға болады. Немесе оған 
адыраспанды, қазтабанды, өгейшөпті, қара жусанды қосып қайнатып, шөптерін 
ыстықтай бауыр тұсына басса, науқас адамның жағдайын жақсартады. Асқазан 
қышқылы азайған жағдайда шайшөпті киікоты шөбімен, ақбас жусан гүлімен, 
субеде шөбімен, иір тамырымен және адыраспан шөбімен араластырады да осы 
қоспаның 10 грамына 400грамм су құйып, 4 сағаттай тұндырады. Содан кейін 
оны баяу жанған отқа 10 минуттай қайнатады да, суыған соң 3 ас қасықтан 
күніне 4 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Осы аталған қоспадан сондай-


25 
ақ өте тиімді тұнба әзірлеуге де болады. Ол үшін қоспаны ұнтақтайды да 50 
грамын алып үстіне жарты литр арақ құяды. Сөйтіп оны күніне бір рет 
араластырып қойып 8 тәулік тұндырады. Содан соң тұнбаны бір жарым шай 
қасықтан күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді.
Итошаған – күрделі гүлділер тұқымдас, қою жасыл түсті бір жылдық 
өсімдік. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, сары түсті, 
топталып өседі. Жемісі – ұзынша дән. Июль-август айларында гүлдейді. 
Қазақстанның барлық аймақтарында үш түрі кездеседі. Ылғалды жерлерде, 
өзен аңғарларында өседі. Химиялық құрамы - итошаған шөбінің құрамында 
илік заттар, шырыш, эфир майы мен ащы заттар, каротин мен С витамині бар. 
Қолданылуы - емдік мақсатқа өсімдіктің шөбін, жапырақтары мен тамырын
пайдаланады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезеңінде, ал тамырын 
күзде жинайды. Итошаған халық медицинасында кеңінен қолданылады. Ол 
тәбет ашып, ас қорытуды жақсартады, тері аурулары кезінде зат алмасуын 
қалыпқа келтіреді, тер мен несептің бөлінуін арттырады, қан кетуді тоқтатып, 
нерв жүйесін тыныштандырады. Шөбінен жасалған қайнатындыны тәбет 
ашып, ас қорытуды жақсарту үшін, суық тигенде, жөтелгенде, бауыр 
ауырғанда, 
құяңға 
шалдыққанда 
ішеді. 
Итошаған 
тамырының 
қайнатындысымен Орта Азияда бүйі шаққан адамды емдейді. Ал ұсақталған 
жапырағын жылан шаққан жерге басады. Ғылыми медицина итшоғанды 
балалар ауруына, атап айтқанда, әр түрлі диатездер кезінде қолдануды 
ұсынады. Ол үшін 2 ас қасық итшоған шөбін жарты литр қайнаған суға салып, 
жылы жерде 12 сағат тұндырады, сонан соң жарты стаканнан күніне 3 рет 
ішеді [18]. 
Кәріқыз – күрделі гүлділер тұқымдас, екі жылдық өсімдік. Сопақша 
келген жапырақтары кезектесе біткен. Қара қошқыл түсті гүлдері сыртын өткір 
тікен көмкерген шар тәрізді қауашақта шоқталып өседі. Биіктігі бір жарым 
метрге дейін жетеді. Июнь айынан бастап сентябрьге дейін гүлдейді. 
Жапырақтарын июнь– сентябрь айларында, ал тамырларын күзде жинайды. 
Қазақстанда, ТМД-ның европалық бөлігінің орталық және оңтүстік белдеуінде, 
сондай-ақ Сібір мен Орта Азияда кең таралған. Негізінен бау-бақшаларда, 
далаларда, сортаң жерлерде, сай-жыраларда, жол жиектері мен өзен 
жағаларында өседі. Химиялық құрамы - кәріқыз тамырының құрамында біраз 
мөлшерде инулин, көмірсутегі, протеиндер, пальмитин және стеарин 
қышқылдары, ситостерин мен стигмастерин, арктиин глюкозиді, ащы және 
илік заттар, айрықша эфир және көп мөлшерде С витамині бар. Қолданылуы - 
кәріқыздың тамыры мен жапырақтарының емдік қасиеті бар. Кәріқыз 
препараттары несеп жүргізеді, тер шығарады, шаштың өсуін жақсартады. 
Тамырының тұнбасы мен қайнатындысы халықтық медицинада әр түрлі 
ауруларға қарсы кеңінен қолданылады. Оның тұнбасымен асқазаннан қан 
кетуін, созылмалы гастритті, бүйрекке тас байлануын, ревматизм мен құяңды 
емдейді. Кәріқыз жапырақтарының тұнбасында асқазанға пайдалы және 
безгекке қарсы әсер ететін қасиет бар. Кәріқыз тамырынан қайнатынды жасау 
үшін оның 20 грамм кепкен тамырын бір стакан суға салып қайнатады. Сонан 


26 
соң оны стаканның үштен біріндей мөлшерде күніне 3 рет қабылдайды. 
Құяңды емдеу үшін тамыр ұнтағын жарты грамнан күніне 2-3 рет ішу керек. 
Кәріқыз тамырын кептіреді, сонан соң одан 2-4 ас қасық алады да 80 грамм 
суға салып, жартсы қалғанша қайнатады. Зәр айдату үшін оған 2-3 ас қасық бал 
немесе қант қосып, жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді. Тамыр 
қайнатындысына шүберек малып, теміреткіге, ұшыққа, жараға жағу да 
пайдалы. Жара мен терінің қатерлі ісігін емдеу үшін оның жапырағынан 
алынған шырынды пайдаланады. 
Қараандыз – күрделі гүлділер тұқымдас, биіктігі 1,5 метрге дейін жететін 
көп жылдық өсімдік. Сабағы түзу, жуан бұтағы бар. Жапырақтары 
ірі,тамырына жақын орналасқан жапырақтары ұзынша эллипс тәрізді. Ал 
сабағындағы жапырақтары жүрекке немесе жұмыртқаға ұқсаған сопақша, 
гүлдері ірі 10 сантиметрге дейін жетеді. Түсі сары, сабағы мен тамырының дәмі 
ащы, ерекше иісі бар. Қараандыз дымқыл жерде, бұталар арасында, өзен 
жағасында, 
әсіресе 
борлы 
топырақтарда, 
орларда, 
кейде 
орман 
шабындықтарында өседі. Негізінде қара топырақты аймақтарда, орманды 
далаларда, айтарлықтай көп тараған, ал ашық далада сирек кездеседі. Июнь 
айының аяғынан бастап, сентябрьге дейін гүлдейді. Химиялық құрамы
 
- сабағы 
мен тамырында инулин және инуленин полисахаридтері, сапониндер, аздаған 
алколоидтер, Е витамині мен эфир майы, ал жапырағында ащы зат бар. 
Қолданылуы - емдік мақсатқа қараандыздың гүлі мен тамырын пайдаланады. 
Олардың емдік қасиеті ертедегі Греция мен Римде белгілі болған. Қараандыз 
тәбет ашатын, ас қорытуды жақсартатын, асқазан мен ішектің қызметін 
реттейтін, организмдегі зат алмасуын жақсартатын , несеп жүргізетін, тер 
шығаратын ішек құрты мен қақырық түсіретін, тыныштандыратын, өт 
жүргізетін дәрілік өсімдік болып табылады. Халықтық медицинада 
қараандыздың қайнатындысы мен тұнбасын тыныс жолдары мен асқазан, ішек 
туберкулезіне, іш өтуге және ревматизмге қарсы ішеді. Қараандыз гүлі мен 
тамырының спиртке ашытылған тұнбасымен безгекті емдейді [19]. 
Сонымен қатар, қараандызды әйелдер ауруларына, қан қысымының 
жоғарлауына, геморройға қарсы және түрлі тері аурулары кезінде қабылдауға 
да болады. Ғылыми медицинада қараандызды қақырық түсіретін дәрі ретінде 
пайдаланады. Қараандыз тек тұнба, булау, қайнатынды түрінде ғана емес, 
сонымен бірге оның тамыры мен гүлінен жасалған ұнтақты балға араластырып 
та қолданады. Оны күніне бір шай қасықтан ішеді. Қараандыз тамырының дәмі 
ауыз қуырарлықтай ащы, сондықтан оны қант тістеп немесе балмен ішу керек. 
Тері аурулары мен қотырға шалдыққанда оның тамырының қайнатындысымен 
денені жуған жөн. Асқазан ауырса қараандыздың 30 грамын 1литр ыстық суға 
ұзақ бұқтырады, сонан соң оны жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді. Аурудан 
жаңадан айығып келе жатқан әлсіз адамдардың «қараандыз шарабын» күніне 
50 грамнан 2 рет ішкені жөн. Ол үшін жарты литр «Портвеинге» жаңадан 
ұнтақталған 12 грамм қараандыз тамырын қосып, 10 минут қайнатады. Ал 
қараандыздың осы мөлшердегі тамырын қызыл кагор шарабына қосып 
қайнатса, онда бұл қайнатындыны ішек қабынуы мен қарын қышқылының 


27 
азаюына қарсы қолдануға да болады. Бұл қайнатындыны күніне шамамен 50 
грамнан тамақтан кейін ішкен жөн. Қараандыздың ұсақтап туралған бір уыс 
гүлі мен тамырын 4-5 қасық шошқаның тұздалмаған майына немесе қой 
майына араластырып 15 минут қайнатады. Содан кейін бір ыдысқа сүзеді де 
оны жатар алдында қышыма қотырға жағады. Майды 2 ас қасық қайыңның 
таза шайырына және осынша мөлшерде күкірт ұнтағына араластырса тіпті 
жақсы болады. Осылай әзірлеген майды бірнеше күн денеге жағып, соңынан 
50грамм тамырын 1 литр суға салып жасаған қараандыздың қайнатындысымен 
жуынған жөн. 
Дәрілік шикізат ретінде сары түйежоңышқа сабағының жіңішкелеу 
бөлігін жапырықтарымен, гүлімен қосып жинап алады. Оны көлеңке жерлерде 
кептіріп, аузы жақсы жабылатын шыны ыдыстарға салып сақтайды.Қазіргі 
кезде Қазақстан солтүстігінде дәрілік өсімдіктердің көпшілігі өнеркәсіптік 
тоғайларда жасамайды, кішкентай популяциялар құрайды, жаратылыс өсімдік 
бірлестігінің құрамында кездеседі. Құм салаубас Helichrysum arenarium қоры 
және таралу аумағы күрт азайды; табиғи фитоценоздарда аңдасанда 
популяциялар қалды, жиі бірлі жарым өсімдіктермен Қостанай облысының 
Тобыл ауданында бытыраған түрінде кішкентай топтары кездеседі. Оның 
шектеулі таралуы қазірдің өзінде осы өсімдіктімәдени түріне айналдыруының 
артықшылығын анықтайды. 
Дәрі мақсатында түйебұршақтың күздігүні жиналатын өсіп жетілген 
тұқымының бұршаққыны, бұршақ қабығы пайдаланылады. Бұршақ тұқымында 
20 пайызға жуық кристальды глобулин фазеолині, протеаз, холестерин, 
лецитин, езілетін көмірсутегі, декстрин, лимон қышқылы және басқа да заттар 
кездеседі. медицинада түйебұршақ препараттарын қантты диабетке 
пйдаланады. Халық медицинасында түйебұршақ дәнінің қабығын ревматизм 
мен бүйрек шеменінде несеп шығаратын дәрі ретінде қолданады. 
Cуcамырмен ауратын адамдар еңбекке жарамсыз болып келеді, олар 
қатты азап шегетiн аурулардың бiрi, бұл мәcеленiң өзектiлiгi аурулардың 
деcтруктивтi түрде көбеюiмен cипатталады, ал oның емi мен диагнocтикаcы 
қиын. 
Cуcамыр 
кезiнде 
фибрoзды 
инфильтрациялық 
қызметтің 
жетicпеушiлiгiмен cипатталады, oл өз кезегiнде Лангерганc аралшықтарының 
мөлшерiнiң азаюына әкеледi. Coндықтан да, жoғарғыда келтiрiлген 
әдебиеттерге шoлудан байқағанымыздай экcперименталды диабет, яғни 
көпшілікке белгілі cуcамыр кезiнде oрганизмнiң көптеген iшкi мүшелерiнiң
физиoлoгиялық қызметi қалыпты жағдайдан өзгертiндiгi байқалады.


28 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет