Зерттеу жұмысының тақырыбы



бет4/15
Дата01.06.2020
өлшемі48,73 Kb.
#72021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
НаучнаяРабота
000baa0c-5f512aeb, 000baa0c-5f512aeb, physical exercises dialysis, physical exercises dialysis, physical exercises dialysis, 1553701844, 1553701844
Зерттеу әдістері: сауалнама, материалдарды жинақтау және қорытындылау.

Зерттеу нысаны– зиянды әдеттерге тәуелді және зиянды әдеттері жоқ жасөспірімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктері.


Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Жастардың денсаулығы – мемлекетіміз үшін ерекше өзекті мәселелердің бірі. Денені үнемі ширақтандыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Ел Президентінің "Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,"…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта оқу орындарында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Елімізде кәмелетке толмағандардың насыбаймен қорқор секілді қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландырады. Жылына БҰҰ-ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Өкінішке орай, көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді.

Егер қазақстандықтардың темекі шегушілерінің саны 40% асатын болса, онда насыбай атушылардың саны 18%, тұрақты түрде болмасада көңіл көтеру үшін қорқор тартушылардың саны 32%-ға таяу. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Осы ұғымға сүйене отырып , мен жұмысымды қорқордың зиянын зерттеуге арнадым.

Шығу тарихы: Қорқор (кальян) (парсы тілінен аударғанда .قلیان‎ — ghalyân, ghalyun)  дегеніміз темекі сияқты табакты тартуға арналған құрал. Қорқор парсы тілінен аударғанда жұтатын түтінді сүзгіден өткізетін және салқындатып отыратын, шегуге арналған құрал дегенді білдіреді. Ал пәкістандық Лурду сөздігіне қарайтын болсақ кальян (huqqa) шығыс әйелдері бағалы әшекей бұйымдарымен әтірлерін сақтаған орташа құты деген мағынаны білдіреді.

Қорқорға құмар жандарды оның тарихы қызықтырар болса, қорқор алғаш Үндістанда пайда болып, кейін Азия, Солтүстік Африка арқылы Еуропаға жеткенін айтады. Алғашқыда қорқордың ыдысы түтін жұтуға емес, бағалы тастарды сақтауға арналған екен. Кейін келе, қорқор пайдалы қызметтен бүгінгі зиянды қызметіне көшкен. Дегенмен шығыста қорқорда табак емес, тамбакты тартқан. Тамбак - никотинге өте бай, әрі қара күйесі де мол зиянды зат. Еуропаға қорқор ХІХ ғасырда қол салған. Алайда мұнда қорқорды көңіл көтеруден бұрын ойлану үшін шегу мәдениеті қалыптасады. Еуропа ойшылдарының бәрі дерлік филосо­фиялық тұжырымдарын осы қорқордың көмегімен айтқан деген әңгіме де бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет