Зерттеу материалдары мен әдістері Бос ашытқы дақылдарының монокультуралары мен консорциумынан биоэтанол алу әдісі



бет1/4
Дата11.05.2022
өлшемі334,16 Kb.
#142607
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Методы и материалы.
сро ict

Зерттеу материалдары мен әдістері
2. Бос ашытқы дақылдарының монокультуралары мен консорциумынан биоэтанол алу әдісі.
Saccharomyces cerevisiae этанол өндірісінде қолданылатын ең көп таралған эукариоттық микроорганизм болып табылады. Дегенмен, S. cerevisiae-ның пентозаларда өсе алмауы оның құрамында С5 және С12 қанттарының көп мөлшері бар өсімдік биомассасының гидролизаттарында тиімді өсуіне кедергі етеді. Бұл критерийлер биоэтанолды өндіру үшін қажетті стандарттарға сәйкес келетін пайдалы қасиеттері бар балама микробтарды іздеу қажет екенін көрсетеді.
Басқа ашытқылармен салыстырғанда, Kluyveromyces marxianus басқаларға қарағанда бірнеше артықшылықтарға ие, мысалы, субстраттардың кең ауқымында өсу мүмкіндігі (C5, C6 және C12 қанттары); жоғары температураға, токсиндерге және рН мәндерінің кең ауқымына төзімділігі.
Жұмыста Kluyveromyces marxianus A1, Saccharomyces cerevisiae M1 дақылдарының штаммдары өсіру жағдайында ең белсенді және потенциалды үйлесімді ретінде пайдаланылды.[1]
Kluyveromyces marxianus A1 штаммының 60 мл тәуліктік культурасы және Saccharomyces cerevisiae ашытқы штаммының 20 мл тәуліктік культурасы жасалынды. Биомассаның жинақталуы 30 ℃ температурада 150 айн/мин термошейкерде 24 сағат бойы жүргізілді. Қоректік орта ретінде Liquid Sabaouraud cұйық қоректік ортасы пайдаланылды.
Биоэтанол алу үшін субстрат ретінде Амиран комппаниясының сүт сарысуы пайдаланылды. Сарысуды автоклавта 15 минут бойы зарарсыздандырылды, содан кейін бөлме температурасында 10-15 минут суытылды. A1 және M1 дақылдарының тәуліктік культурасы стерильді жағдайларда салқындатылған сарысуға ауыстырылды. Нәтижесінде монокультуралары бар 200 мл сарысуы бар 2 колба және ашытқы штаммдарының консорциумы бар 200 мл сарысуы бар 2 колба алынды. Сарысудағы биоэтанолдың жинақталуын зерттеу монокультура және ашытқы штаммдарының консорциумы үшін де, 24 сағат және 48 сағаттан кейін жүргізілді. Биомасса мен биоэтанолдың жинақталуы 30 ℃, 110 айналымда термошейкерде жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет