Зерттеудің физикалық әдістері Зерттеу әдістері


Инфрақызыл спектроскопия әдістері



бет14/22
Дата17.06.2020
өлшемі90,11 Kb.
#73761
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
Зерттеудің физикалық әдістері(толық)

12. Инфрақызыл спектроскопия әдістері Инфрақызыл спектроскопия (ИК) тағам өнімдерінің сандық және сапалық анализінің жаңа физикалық әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс органикалық заттың құрылысы және құрамы туралы толық ақпарат алуға мүмкіншілік береді. ИК-сәулелер сүт өнімдерінің майқышқылдық құрамын зерттеу үшін, әр түрлі тағамдық өнімдерде пестицидтерді анықтау үшін, тағамдық бояғыштарды зерттеу үшін, сондай-ақ өсімдік және жануар шикізаттарын ұқсату кезінде технологиялық процестерді бақылау үшін қолданылады.

Инфрақызыл спектрлер бойынша сандық анализ жүргізу Бугера-Ламберта-Бера заңын қолдануда негізделеді. Жиі жағдайда градуирлеу графигі құрылады.

Жиі жағдайда тағамдық өнімдердің күрделі компоненттерінің ішінен хроматографиялық бөлу әдісімен алынған таза заттарды идентификациялау (жекешелендіру) үшін ИК-спектроскопия пайдалы қосымша әдіс болып табылады. Органикалық қосылыстың инфрақызыл спектрі заттың нақты физикалық қасиеттерінің бірі болып табылады. ИК-спектр затты оның балқу температурасы, сыну көрсеткші немесе тығыздығымен салыстырғанда дәлірек сипаттайды. Затты идентификаиялау үшін алынған спекрді жарияланған жұту қисықтарымен (графикпен) салыстыру жеткілікті болып табылады. Анықталатын зат органикалық қосылыстардың қай класына жататыны белгілі болу керек.

ИК-спектроскопия әдісі тағам өнімдеріндегі А, К, В1, В2, В6, С, никотин қышқылы, токоферолдар дәрумендерін және каротинді анықтау үшін қолданылады. Хроматография әдісімен бірге ИК-спектроскопины ароматты заттар және бірқатар органикалық қосылыстырды зерттеуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет