Зерттеудің көкейкестілігі



бет8/10
Дата10.07.2022
өлшемі75,92 Kb.
#147378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (3)
ТАМЫР МОРФОЛОГИЯСЫ. Презентация ЕП-20-12к, 7-???????? ???, 398, Qoldanýshy erejelerimen kelisemin, СМ 1 курс 1 семестр2
Мотивациялық-құндылылық түрлі формада ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар негізінде студенттерде кәсібіне деген қызығушылықтың тууы;
Мазмұндық - кредиттік жүйемен оқытудың жаңа мазмұнына сәйкес өзіндік жұмысты саналы орындау кезінде әдіс-тәсілдерді сараптап қолдана алатын, өз ісінің қорытындысын жасау мүмкіндігі бар, өзіне -өзі баға бере алатын бағытты маман тұлғасын қалыптастыру;
Нәтижелік-бағалау - орындалған өзіндік жұмыстар нәтижесіне сын көзбен қарайтын, бағалау өлшемдерін жақсы меңгерген, өзінің және өзгенің ісін бағалай алатын тұлға қалыптастыру.
Бұл компоненттер негізінде өзіндік жұмыстар арқылы студенттерге кәсіптік бағыт берудің өлшемдері айқындалды: өзіндік жұмыстың құндылығын түсініп, оны орындауда белсенділік көрсету; өзіндік жұмысты орындау барысында студенттердің эмоционалдық сезімінің көрінісі; өзіндік жұмыстардың кәсіптік мазмұнын түсіну; өзіндік жұмысты шығармашылық деңгейде орындау; өзіндік жұмыстардың нәтижесі мен тиімділігін көре білуі.
Өзіндік жұмыстың құндылығын түсініп, оны орындауда белсенділік көрсету өлшемінің көрсеткіштері: өзіндік жұмыстардың түрлеріне, өзінің кәсібіне қызығушылық; өзіндік жұмысты орындау барысында студенттердің эмоционалдық сезімінің көрінісі; түрлі өзіндік жұмыстарда өзінің кәсіби бағыттылығын көрсетуге ниеттенуі.
Өзіндік жұмыстардың кәсіби мазмұнын түсіну өлшемінің көрсеткіштері: өзіндік жұмыстардың түрлері, формалары, әдіс-тәсілдері туралы білімі; өзіндік жұмыстарды орындауда қажетті қасиеттер (жауапкершілік, ізденімпаздық) туралы түсінігі; конспект, баяндама, іскерлік ойындар, шығарма, реферат жазудағы шығармашылық.
Өзіндік жұмыстардың нәтижесі мен тиімділігін көре білуі өлшемінің көрсеткіштері: өзіндік жұмыстарды орындауда әр түрлі тәсілдер қолдана білу біліктілігі; өзіндік жұмыстарды орындау арқылы жүргізілетін кәсіби практикалық іс-әрекет; педагогикалық шеберлікті бағалау біліктілігі.
Осы компоненттер мен өлшемдердің негізінде өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың деңгейі анықталды: жоғары, орта, төмен.
Жоғары деңгей. Кәсіби бағыттылық туралы ұғымы бар. Кәсіби бағыттылыққа қатысты өзіндік жұмыстардың мазмұнын анықтай біледі. Өзіндік жұмыстарды орындаудың түрлерін меңгерген. Өзіндік жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгерген. Алған теориялық білімдерін өзіндік жұмыс орындау кезінде іс жүзінде қолдана біледі. Кәсіби бағыттылыққа байланысты біліктіліктері бар. Өз жұмысын өзі талдап қорытып кемшілігін табады. Өзіне өзі баға бере біледі. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді түсініп, оны қорытындылап, өз ісінде қолдана біледі. Күнделікті ақпараттардан кәсібіне байланысты материалдарды іріктей біледі. Өзіндік жұмысты шығармашылықпен орындайды.
Орта деңгейКәсіби бағыттылықты түсінеді, бірақ ол үшін не керектігін талдай алмайды. Өзіндік жұмыстар түрін білгенмен, оның кәсіби бағыттылыққа қатысты тұстарын толық ажырата алмайды. Өзіндік жұмыстарды орындау кезінде тиімді әдістерді саралай алмай, қиналады. Өзіндік жұмыс кезінде алған білімдерін өз ісінде еркін қолдану дағдысының жетіспеуі және қолданғанда қателер жібереді. Өз ісінің кемшілігін табуда,өзіне өзі баға беруде қиналады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибеден тиімділерін талдау, таңдауда және оны өз ісіне қолдануда қателер жібереді. Күнделікті ақпаратты пайдалануды білгенмен, оны өз кәсібінің саласына қарай талдау жағының төмендігі. Өзіндік жұмысты орындауда шығармашылық деңгейге жете алмайды.
Төменгі деңгей. Кәсіби бағыттылық туралы түсінігі төмен. Кәсіби бағыттылыққа қатысты өзіндік жұмыстар түрін саралай алмайды. Оны орындауда қиналып, көбіне кітаптан көшіруге, не оқытушының айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады. Өзіндік жұмыс нәтижесін өз ісіне еркін қолдана алмайды, ол үшін үнемі оқытушының көмегі керек. Өз ісінің кемшілігін тауып, өзіне өзі баға беруінің төмендігі. Алдыңға қатарлы іс-тәжірибелерді қорытып пайдалана алмайды. Күнделікті ақпарат көздерін пайдалану дәрежесі төмен. Өзіндік жұмысты тек оқытушының нұсқауы арқылы ғана орындайды.
Студенттердің өзіндік жұмыстары кезінде әртүрлі кезеңдегі педагогикалық көзқарастарына сүйене отырып, кәсіби бағыттылықты қалыптастыратын өзіндік жұмыстардың компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері және өзіндік жұмысты ұйымдастырудың прициптері, орындау формалары, түрлері, әдіс-тәсілдерін саралау негізінде «Өзіндік жұмыстар арқылы студенттерге кәсіби бағыт берудің мазмұндық құрылымдық моделі» жасалды (Сурет 1).
Зерттеу проблемасын теориялық талдау мен педагогикалық тәжірибені зерттеудің нәтижесінде өзіндік жұмыстар арқылы студенттерге кәсіби бағыт берудің мазмұндық құрылымдық моделіне сәйкес болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру технологиясы мен қағидаларына сүйене отырып, төмендегідей педагогикалық шарттардың, яғни күтілетін нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы талаптардың, жүйелі және кешенді түрде орындалуы қажет екендігі анықталды: 1)Оқу үдерісінің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі; 2) Әдістемелік тұрғыдан студенттің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру үшін аудиториядағы және одан тыс өзіндік жұмыс түрлерінің дұрыс ұйымдастырылуы; 3)Студенттің оқытушымен қарым-қатынас үдерісінде студенттің белсенділігін, өздігімен білім алуға ұмтылысын, ынтасын, қызығушылығын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; 4)Студенттің пәнге қызығу мотивациясы; 5)Оқу үдерісін шығармашылық деңгейге көтеру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; 6)Студенттің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру үшін оқу үдерісін, аудиториядағы және одан тыс өзіндік жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастыру шараларын бақылау.
Оқу үдерісіне мониторинг жасау кеткен кемшіліктерді дер кезінде түзетуге, студент тұлғасының дамуына, білім сапасын арттыруға оң ықпал етеді. Ол өзіндік бақылаумен бірігіп, тұлғалық, шығармашылық және дамытушылық сипатта болуы және ол болашақ маманның өзіне қажетті және пайдалы болуы тиіс; білім алу нәтижесін бақылау және тиімділеу мониторингінде ақпараттық тестілеу технологиялары, рейтинг бақылаулар, коллоквиум және бақылаудың басқа түрлері орынды қолдануы тиіс.
Зерттеудің ұсынылған болжамын ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары негізінде тексеру мақсатымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетінде және Қорқыт ата атындағы мемлекеттік Қызылорда университетінде 2004-2009 жылдары алдын-ала теориялық зерттеулерге негізделіп дайындалған тәжірибелік-эксперимент жұмысы тұрғысында іске асырылды.
Анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдерден тұратын тәжірибелік-эксперимент жұмыстары эксперимент бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Эксперимент өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыруға байланысты біз жасаған өзіндік жұмыстар арқылы студенттерге кәсіби бағыт берудің мазмұндық құрылымдық моделді тәжірибелік-практикадан өткізуге және оның тиімді қолданылуын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет