Зерттеудің көкейкестілігі


Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі



бет3/10
Дата10.07.2022
өлшемі75,92 Kb.
#147378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (3)
ТАМЫР МОРФОЛОГИЯСЫ. Презентация ЕП-20-12к, 7-???????? ???, 398, Qoldanýshy erejelerimen kelisemin, СМ 1 курс 1 семестр2
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;
- өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;
- өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды;

  • студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастыру әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан үкіметінің ресми құжаттары, ҚР «Білім туралы» Заңы, білім беру саясатының тұжырымдамасы, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы, ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, ҚР-сы Білім және Ғылым министрлігінің жоғары кәсіптік білім беру бағдарламалары, мемлекеттік стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогика, психология, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар саласындағы ғылыми еңбектер; кредиттік оқыту жүйесіне қатысты материалдар, озық тәжірибелер, сонымен бірге диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға теориялық талдау жасау, теориялық моделдеу, мектеп құжаттарын зерделеу, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент, математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Студенттердің өзіндік жұмысы мүдде-мақсаттардан, яғни жәй білім игеру, ептіліктер мен дағдылар иелену, сондай-ақ шығармашылық пен ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттерді меңгеруден - болашақ мұғалімдерді іштей және сырттай өзін-өзі ұйымдастыра білуге, қабылданған ақпаратпен белсенді-жасампаздық қатынас жасауға, өзіндік білім жетілдірудің жеке дара бағытын түзе алу қабілетін дамытуға жетелейді.
2. Өзіндік жұмыс болашақ мұғалімдердің кәсіби білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені, ол оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырып білікті, шығармашыл, белсенді мұғалімдерді даярлауға септігін тигізеді.
3. Педагогикалық шарттар ( а) оқу үдерісін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету материалдық-техникалық және ақпараттық базаның талапқа сай болуы; СӨЖ көлемінің нормативті талаптарға сәйкес болуы); ә) студенттердің аудиториядан тыс жұмыс әдістемесін ұйымдастыру; б) студенттің оқытушымен қарым-қатынас үдерісінде белсенділігін, қызығушылығын және өздігімен білім алуға ұмтылысын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; в) болашақ мұғалімнің пәнге қызығу мотивациясы; г) оқу үдерісін шығармашылық үдеріске айналдыру мақсатында болашақ мұғалімді қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; д) ОБСӨЖ-ын және СӨЖ-ын тиімді ұйымдастыру шараларын бақылау) өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырады.
4. Студенттердің өзіндік жұмысы арқылы кәсіби бағыттылығын қалыптастыру әдістемесі оларды кәсіби білімді меңгеруге байланысты өздігімен дербес, шығармашылықпен орындалатын кәсіби іс-әрекетке бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет