Зытты қасқыр Көрді дағы көп қойды. Шатақ! Сол қасқырды Ұстап қошқар жеп қойды. Шатақ! Бір топ қоян Алып келді арыстанды. Матап. Бұған тышқан намыстанды. Шатақ! Шатақ!



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі17,36 Kb.
#86319
  1   2   3   4
Байланысты:
Рк1 Қызырбекқызы Динара
Рк1 Қызырбекқызы Динара

  1. Ж.Смақовтың «Шатақ» өлеңінде сюжет бар ма? Дәлелдеңіз. Ақын қолданған көркемдік тәсілді анықтаңыз. «Шатақ» сөзінің қайталанып қолданылуы қандай көркемдік қызмет атқарады? Өлеңнің идеясы не?

Зытты қасқыр Көрді дағы көп қойды.
Шатақ!
Сол қасқырды Ұстап қошқар жеп қойды.
Шатақ!
Бір топ қоян Алып келді арыстанды.
Матап. Бұған тышқан намыстанды.
Шатақ! Шатақ!
Жақан Смақовтың "Шатақ" өлеңінде сюжет бар.Өлеңдегі оқиғалардың кері баяндалуы - балдырған үшін әрі қызық, әрі көркем , сонысымен бірге динамиканы жандандырып , оқиғалар тез-тез өзгеріп, оқиға өтер орны, қатысушылар өз орындарын жылдам ауыстырып , соған орай сюжет те қоюлана түседі.Дәлел болатын сөздер: "зытты","ұстап","матап"сияқты етістіктер, бұл іс-әрекет иелеріне мүлде қарама-қарсы мағынада қолданып тұр.Яғни ақын бұл өлеңде жандану шындықты күшейтіп, өтірік арқылы шындық дүниені тудырып тұрғаны айдан анық.Ақын өлеңде қолданған көркемдік тәсіл- қайталау. Яғни , “Шатақ” сөзін қайталау арқылы өлеңде екпін тудырып, өлеңді қайталау тәсілі арқылы жандандырып тұр.Өлеңдегі негізгі идея- бірлік арқылы зұлымдықты жеңуге болатындығында. Яғни көп болып, топ болып дүлей күштерге төтеп беруге болатындығын ақын Ж.Смақов баланың ой-өрісіне, танымына өтірік өлең түрінде, өте түсінікті әрі жеңіл тілмен түсіндіреді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет