بسم الله الرحمان الرحيم 1 ислам дінінң ғылыми эвалюциялануы


«اليمن يتبع ظله و المجد يمشي في ركابه »



бет7/7
Дата16.01.2022
өлшемі60,55 Kb.
#112229
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
магистірлік дессертация
10 сынып ТЖБ 1 нұсқа
: «اليمن يتبع ظله و المجد يمشي في ركابه »

Бақ оның көлеңкесіне ілеседі,

Даңқ оның көлігінде жүреді.

Ақын бұл өлең жолдарында мадақтаған адамының жүзінен оның бақыттылығын аңғаратындығының орнына ол қай жерде жүрсе бақ соның артынан ілеседі деп, бақтың оның көлеңкесіне ілесуін оған ажырамас байланыс етті яғни, бақты оның көлеңкесіне, ал даңқты көлігіне теліді [3, 276-б.].

Бәләға іліміндегі киная өнерінің пайдасы.



Киная өнерін бәләғалық мақсатта көп орындарда қолданылады.

  1. Әдіс-тәсілдің сөйлемде тікелей әсер бермейді. Негізінде әдіс-тәсіл жанама келетін болса оның әсері орасан болады. Ммммм

  2. Жасырушы нәрсемен сөзді түсіну жеңілірек жасырылған нәрседен қарағанда.

  3. Жасырушының болмысы әсерлі келеді



    1. Діни мәтіндердің анатомиялық интерпретациялану арқылы эксплицитті және имплицитті сипатта мағына беруі

« Мухкам » ( Х » сөзі – « тыю » , « бекем » , « айқын » деген мағыналарды беретін « ихкам » түбірінен шыққан . Хусам ад - дин әс - Сығнақи « әл - Уәфи » еңбегінде : « Мухкам сөзі – бекем , нұқсандықтан ада деген мағыналарды ұғындыратын ихкам түбірінен шыққан . Сол секілді үкімі жойылмаған , кейбір көзқарастарда кедергі , тың мағыналарын білдіретін ихкам сөзінен алынған . Сол үшін мухкам жорамал ( тәуил ) , мансұх және өзгертулерден тыяды » , — деп , мысалға « Ықылас » сүресі мен Аяту əл - курси » секілді аяттардағы Аллаһ тағаланың сипатта рын келтірген [ 15 , т . 1 , б . 289 ] . Яғни аталған сүре мен аяттардың мағыналары жорамалдауға , өзгертуге келмейді , әрі үкімдері де жойылмаған , ұғымы анық , нақты келгендіктен , мухкам аяттар деп саналады . Терминдік мағынасына келер болсақ , ғалымдардың тілінде мухкам сөзі – кейде мансұх , кейде муташабиһ сөздердің анто нимы ретінде қолданылған . Яғни мансұхталмаған шариғат үкімі немесе мағынасы анық , астарлы ұғымдарды қамтымаған Құран және сүннет мәтіндері мухкам деп танылған . Хусам ад - дин әс - Сығнақи имам әл - Бәздауидің еңбегіне жазған « Әл - Кәфи » атты түсіндірмесінде , Құран мәтіндерін антонимиялық баяндау тәсілдерінің бірі ретінде « мухкам » және « муташабиһ » мәселесіне тоқталған . Алайда ғалым мух кам анықтамасына түсіндірме келтірмей , имам әл - Бәздәуидің мухкамға қарама - қайшы қойған : хафи , мушкил , мужмәл , муташабиһ мәселелерін кеңірек баяндаған . Имам әл - Бәздәуи : « Үкiмi жойылмаған және өзгеруге пайтын мәтіннің мұрат етілген әрі қауатты мағынасы – мух кам » , дей отырып , мысал ретінде Құранның : « Расында , Аллаһ барлық нәрсені білуші » аятын келтірген . Сонымен қатар , мухкамға қарама - қайшы мағыналардағы : хафи , мушкил , мужмәл муташабиһ мәселелеріне қысқаша тоқтала отырып - ақ , мухкам мағынасын айқындаған . Яғни мухкам тақырыбын оның қарама қайшы мағыналарын түсіндіру арқылы баяндаған . Демек , егер сөз мағынасы баяндалған ( муфассар ) сөзден не мәтіннен де ашық келіп , әрі жорамал мен мансұхталуды қабыл етпейтіндей болса , ол мухкам ( нақты ) сөз деп аталады Мысалы : Жаннатта мәңгі қалу жайында сүйіншілеген « Ниса » сүресінің , 57 - аятындағы « мәңгі » ( IL- ) сөзі — мухкам . Өйткені олардың жаннатта мәңгі қалатындықтарын 31 тіркескен сөзімен қуатталған . Осы жоғарыда аталған заһир , насс , муфассар , мухкам кате гориялары - қарама - қарсы ұғымдағы : хафи , мушкил , мужмәл , муташабиһ сөздердің баяндау жолдары ретінде келген . Ендеше мағыналары жасырын , ұғынықсыз келіп , баяндауды қажет ететін осы сөздер мен мәтін түрлеріне тоқталайық .

1 Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) және оның сахабаларының сенім мәселесінде ұстанған жолымен жүрушілер «Әһл сүнне уәл жамаға» деп аталады. Бұл атауды ең алғаш қай ғасырда және кім айтқандығы турасында келесідей көзқарастар бар. Деректерде бұл атау ең алғаш хижри І ғасырдың соңына таман (VIII ғ. басы) немесе хижри IV/X ғасырда қолданыла бастаған деген әртүрлі көзқарастар бар. Сондай ақ бұл атауды ең алғаш әйгілі табиғин ғалым Хасан әл - Басри қолданған деген де көзқарас бар [4, б. 108]. Тағыда бір көзқараста бұл терминді алғаш Әбу Ләйс ас-Самарқанди (өл.898) «Шәрхул фиқһил әкбар» атты еңбегінде қолданған. Басралық филолог әл-Асмаидің (өл.213/828) пікірі не сүйенсек , Әһли сүннет уал - жамағат жолын Юнус ибн Убайд әл-Қайси (өл.138/756), Абдуллаһ ибн Аун ибн Әртәбан (өл.151/768), Әйюб әс-Сахтияни (өл.131/748) және Сүлейман әт-Тәйми (өл.143/760) атты кісілер құрған [5, б. 41].

2 Ғұламалар арасында қанша беделді болғанымен дереккөздерде Имамның туған жылы жайлы нақты мәлімет жоқтың қасы. Ғалымдар имам Матуридидің ұстаздары Мухаммад ибн Муқатил ар - Рази (248/862) мен Нусайр ибн Йахйа әл Бәлхидің (268/881) дүниеден озған жылдарына қарап, Имам ша мамен хижри үшінші ғасырдың алғашқы жартысында, нақтырақ айтқанда, отызыншы жылдары, яғни 230-240/844-854 жылдар аралығында дүниеге келген деп болжайды. Өйткені оның Му хаммад ар-Разилен тәлім алуы үшін ұстазы дүние салғанда ең кемінде он жаста болуы керек, яғни ол шамамен 238/852 жыл дары дүниеге келіп , балалық шағын туған жері Матуридта өткізгеннен кейін алғашқы тәлімін аталмыш ұстазынан алған деп есептеуге болады. Имам Матуриди алғашқы ұстазынан фиқһ оқып, Әбу Ханифаның кейбір еңбектерін риуаят еткен. Олай бол са, имам Матуриди Аббаси халифасы Мутаyаккил (232-247/846-861) дәуірінде дүниеге келіп, Аббаси халифасы әл-Муттақи ибн әл-Муқтадир ( 329-333/940-944) қайтыс болған жылы дүниеден озған деп болжауға болады [4, б. 14].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет