بسم الله الرحمان الرحيم 1 ислам дінінң ғылыми эвалюциялануы



бет1/7
Дата16.01.2022
өлшемі60,55 Kb.
#112229
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
магистірлік дессертация
10 сынып ТЖБ 1 нұсқа

بسم الله الرحمان الرحيم

1 ИСЛАМ дінінң ғылыми эвалюциялануы

ҮММЕТІНІҢ СЕНІМ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ АҒЫМДАР МЕН ТОПТАР

Сахабалардың Алла діні исламды әлемге жаю мақсатында жер шарының түпкір-түпкірне жорықтар жасады. Аз уақыт ішінде көптеген елді бағындырып, өз билігін жүргізетін күшке ие болды. Мұсылмандар саны көбейген сайын қоғам ішінде түрлі алып қашпа пікірлерді ұстанушылар көбейді. Кейбір ұлт пен ұлыстар өз еркімен Исламға бет бұрса, енді біреулері қой терісін жамылған қасқырдай мұсылмандық шапанын жамылып, мұсылман қоғамын іштей ірітіп, Ислам халифатын құлатуды мұрат етті.

Ислам дінінің ең басты қайнар көзі Құран Кәрім мен сүннеттің мақсатын, мәнін түсінбей. Өз алдарына бөлек ағымдар мен топтарға бөліну белең алды. Адасушы ағымдардың пайда болуының басты себебі дінді қабылдаған басқа ұлт азаматтар. Құран Кәрім мен сүннет мәтіндерін түсінуде семантикалық тәсілді қолданбауы. Және діни мәтіндерден үкімдер шығаруда лингвистикалық әдістерді білмеуінде. Барлық ғалымдар мен фақиһтар үкім шығарарда осы екі үлкен қайнар көзге сүйенеді. Құран Кәрімде түсінбеушілік салдардан ағымдарға бөліну дұрыс емес және Алла Тағала одан тиымсалаған турасынада мына бір аятымен бұйырған.

وَاعتَصِموا بِحَبلِ اللَّهِ جَميعًا وَلا تَفَرَّقوا

«Алланың арқанынан (дінінен) бәрің де жабыса ұстаңдар да бөлінбеңдер», (Әл-Ғимран сүресі, 103-аят). Яғни уа муминдер Кітаптан және сүннеттен бекем ұстаныңдар. Құранды негізге ала отырып қана тура жолды таба алатыны анық.

عن أبي هريرة قال : قال رسول الله ﷺ : « افترقت اليهود على إحدى وسبعين فرقة ، وافترقت النصارى على اثنتين وسبعين فرقة ، وتفترق أمتي على ثلاث وسبعين فرقة »

Әбу Дауддің сунанында хазіреті Әбу Һурайрадан (Алла разы болсын ) келген риуаятта хазіреті Пағамбар былай дейді: Яһудилер жетпіс бір топқа бөлінді, Християндар жетпіс екі топқа бөлінді, менің үметтім жетпіс үш топқа бөлінеді [1, 7 б.].

رواه الترمذي وغيره أنه ﷺ قال: «إن بني إسرائيل تفرقت على ثنتين وسبعين ملة، وتفترق أمتي على ثلاث وسبعين ملة، كلهم في النار إلا ملة واحدة، قالوا ومن هي يا رسول الله؟ قال: ما أنا عليه وأصحابي».

Термизидің риуаятында Пайғамбар (Алланың салуаты мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Расында Бәну исраил (еврейлер) жетпіс екі сенімге бөлінді. Менің үмметім жетпіс үш сенімге бөлінеді. Тек бір сенімнен басқасы тозақта болады». Сонда Сахабалар; «Ол аман қалатын сенімдегі кім, иә, Расулалла?» -деп сұрады. Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын); менің және сахабаларымның ұстанған жолында болғандар, -деп айтады [8, б. 6].

Ибн Мажаны сунанында Пайғамбардан (Алланың салуаты мен сәлемі болсын) келесідей хадисті риуаят еткен. Мұхаммедтің жаны өның құзырында болған Алланың атымен ант етемін. Менің үмбетім жетпіс үш топқа міндетті түрде бөлінеді. Біреуі ғана жаннаттық. Қалған жетпіс екісі тозақтық болады. «Уа! Алла елшісі; олар кімдер?» –деп сахабалар сұрады. Сонда былай деп жауап берді; әһлу сунна уәл-жамаға». Сунна уәл-жамаға деген не нәрсе? - деп сұрады. Бұл ұстанған жолда қазір мен және сахабаларым ұстанған жолда болғандар, -деп Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады [7, б. 22-23].

وفي رواية أحمد وأبي داود عن معاوية: «ثنتان و سبعون في النار وواحدة في الجنة» وهي الجماعة يعني أكثر أهل الملة،

فإن أمته عالي لا تجتمع علي الضلالة على ما ورد، وفي رواية «عليكم بالسواد الأعظم» .

Шархы


Алланың Хақ Елшісі Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлықтың алғашқы он үш жылын Мекке қаласында тек жалғыз Аллаға иман етуді. Қалған он жылын таухидпен қоса Ислами құқықтық үкімдерін өз үмбетіне бас аяғы жирма үш жылда толық баяндап жеткізді. Одан кейінгі ғасырларда ғылыми методологиялық тұрғыда Құран Кәрім мен сүннетті әрі осылардың шеңберіндегі ақыл-ойды басшылыққа алып, белгілі бір фиқһи мазһабтар қалыптасты. Сондай-ақ сенім мәселесінде өзіндік ғылыми теологиялық қағидалар мен ашық ұстанымдары бар сунниттік бағыт қалыптасты. Осылайша бұларды «аһл әс-сунна уал жамаға»1 деп атады.

Сонымен қатар Ислам халифаты басқа да елді мекендегі дін және мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас құруы, пәлсапалық ғылымның жайылу әсері себепті сенім мәселлесіде топтардың келуіне бірден бір түрткі болды. Ислам теологиялық ұғымдарының төңірегінде туындаған бірқатар діни-саяси проблемалардың кесірінен мұсылман үмбеті түрлі топтарға бөлінді. Құран мен сүннетті ұстану мәселесінде бірін бірінен ажырап, соның нәтижесінде, мұсылмандар арасында әртүрлі сенімдегі діни саяси доктриналар пайда болып, бір-бірін кәпірге шығарды.

Таухид ілімі - Алла Тағаланы және сипатын әрі Оған иман етуді жан-жақты танытатын дін негізі. Сондай-ақ Аллаға ненің міндеттілігі ненің мустахил екендігі, не нәрсенің жәйіз екендігін танытатын ғылым. Осы себепті діни ілімдердің ішіндегі ең шарапаты һәм ардақтысы саналады.

Таухид ілімінің іргетасы хижри I ғасырда қаланды. Бірақ бұл кезеңдегі шығармалар таухид тақырыбына байланысты мәселелердің бәрін толығымен қамтымай, сол уақыттағы адасқан ағымдарға қарсы жауап беру мақсатында кішігірім трактаттардан тұрды. Іш жүзінде таухидті кеңінен қамтитын негіздер хижри IV ғасырда Имам Әшғари (827-936) мен Имам Матуриди (852-944)2 сынды ғалымдардың еімдерімен байланысты [5, б.29-30].





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет