ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №4 (58). 2016
67
Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ.
абсолютті дұрыс үлгісі құрылуы мүмкін емес де
-
уге де болады.
Сондықтан, біз мынадай зерттеу үлгісін
ұсынамыз.
1. Дінге деген сенімнің, діндегі адамның
орнының, дін мен адам, дін мен қоғам қатына-
сының, зайырлы қоғам үлгісінің жалпы
нұсқалары философиялық тұрғыдан негізделуі
қажет [3]. Нəтижесінде аталған мəселелер бой
-
ынша іргелі тұжырымдама жасалуы қажет. Бұл
тұжырымдама, біріншіден жалпы əдіснамалық-
теориялық бағдар болуы тиіс. Екіншіден, заңды-
құқықтық түрде міндеттелмеген, бірақ мораль
ретінде адамның ішкі дүниесінің талаптары
бойынша орындауға тиістілігімен өлшенуі тиіс.
Үшіншіден, бұл тұжырымдама ғылыми дискурс
үшін ашық болуы қажет.
2. Қоғамдағы діннің орны мен қызметтері
қайта қаралуы тиіс. Мысалы, діннің адамдар
арасындағы қатынастарды реттейтін қызметі
бүгінгі таңда өзінің ролін толықтай атқарып отыр
ма деген сауалды негізге алсақ, іргелі ізденістер
сұраныстарына кезігеміз. Біз осы тұста, мысал
үшін, діннің қоғамдағы руханияттың барлық
саласын үйлестірушілік қызметін ұсынар едік.
Атап айтқанда, қоғамдық өмір мен ғылымды,
тұлғаның қалыптасуы мен өмір шындығындағы
қайшылықтарды т.б. дін өзара жəне дін өзімен
байланыстыра отырып, үйлесімділік жасайды
деп пайымдауымызға болады.
3. Дінге сенген тұлға келбеті қандай бо
-
луы қажеттігінің заманауи үлгісі зерттелуі
тиіс. Жоғарыда атап өткендей, қазіргі тұлға
дінге сенімнің қандай дəрежеде болуы тиіс
екендігін өзі таңдап алады, сол себепті дінге де
-
ген сенімнің деңгейіне байланысты тұлғаралық
келіспеушіліктерден бастап, əр түрлі топ
аралық, тіпті мемлекет аралық түсінбестіктер
мен шиеленістер туындауда. Сондықтан, дін
философиясы діндегі қазіргі заманғы тұлғаның
орнын ашып беру бойынша ізденістер жүргізуі
тиіс.
4. Қазіргі заманғы кванттық физика,
кванттық психология, синергетика ілімі, əлем-
нің голограммалық моделі т.б. ашылған ғылыми
жаңалықтар мен ұстанымдар дін филосо-
фиясындағы адам мəселесіне қатысты жаңа
мəселелер тауып беріп отыр. Атап айтқанда,
адамның жаны мен рухы, о дүние, азап шегу
т.б. көне дəуірлерден бері толғанылып кел
-
ген мистикалық мəселелер постпозитивистік
тұрғыдан алғанда, мистикалық «қабығынан
босанады». Сондықтан да, болашақтағы дін
философиясындағы адам мəселесі осындай
күрделі ахуалдарды шешуді жолға қоюы тиіс
деп санаймыз.
5. Діни сенімге қатысты қайшылықты мəсе-
лелерді, діндегі тұлға туралы күрделі ұстаным-
дарды, зайырлы қоғам мен діннің арақаты-
насындағы келіспеушіліктер мен шешілуі тиіс
сауалдарды т.б. «жабық» қалдырмай, оны ашық
философиялық дискурс алаңына шығару ке
-
рек. Мысалы, «дінге деген сенімді ұлғайту мен
күшейту фанаттыққа алып бара ма, егер алып
баратын болса, онда неліктен діндер қоғамдық
өмірде насихатталып отыр, əлде сенімнің
өзіндік формасы бар ма?» Біз осы тұста, ислам
діні бойынша бірнеше мысалдар келтіре ала
-
мыз: «бала намазды бүгінгі қоғамда неше жас-
тан бастап оқу керек», «ислам діні мен ұлттық
дəстүр арасындағы кейбір сəйкес келе бермейтін
тұстарды қалай шешуіміз қажет», «біздің зайыр
-
лы қоғамның ұлттық үлгісі қандай болуы тиіс»
т.б.
Зайырлы қоғам үлгісі бойынша тұлға
қалыптастыруда жалпы бағдарлар белгілі
болғанмен, нақты ұстанымдар жоқ деуге де бо
-
лады жəне əлі шешілмеген түйінді тұстар да бар.
Мысалы, «буддизмдегі нирвана, христиандық
монахтар, исламдағы сопылық т.б. аскеттік
өмір бүгінгі таңда қандай деңгейде болуы тиіс,
əлде ол баршаға тұтас қажетсіз тек қана санау-
лы адамдарға тəн тұрмыс қалпы болуы тиіс
пе, адамзат тұтастай аскеттік идеалға түссе не
болмақ, онда оны неге насихаттаймыз» деген
сияқты түйткілді мəселелер легі туындайды. Дін
болмысы жөнінен қашан да, өзін насихаттауды
қажет етеді жəне оны сұранып тұрады, ал зайыр
-
лы қоғам тұлғасы оны насихаттамауы тиіс. Бұл
қайшылық қалай шешімін таппақ.
Келесі кезекте, дін философиясындағы тұлға
мəселесін зерделеудің праексеологиялық бағ-
дарларына тереңірек ену қажеттігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: