* Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#98513
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
318-1-591-1-10-20180421

Мен-Тұжырымдама негізінде
. Дін филосо-
фиясы тарихында, тұлға мен діннің арақатынасын 
үйлестіруге ұмтылған жəне тұлғаның кемелденуін 
дінмен тығыз байланыстырған əр түрлі бағыттар 
мен көзқарастар қалыптасқандығы белгілі. Бірақ 
кейбір идеялар тұлғаның діннен азат болуы ту
-
ралы қорытындыға келіп, еркін-ойға, тіпті ате
-
измге қарай бет бұрған еді. Кейбір ұстанымдар 
бұның жеңілдетілген келісімді үлгісін паш етті. 
Осы тұста, біз қандай жолды таңдап аламыз де
-
ген нақты жəне күрделі сауалдар туындайды.
Эпикурдың тұлға үш қорқудан азат болуы 
қажеттігі оның ішінде құдайдан қорықпау тура
-
лы «атеизмнің жұмсартылған үлгісі» деп айтуға 
болатындай ұстанымы қазіргі адамзат қоғамында 


ҚазҰУ Хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №4 (58). 2016
68
Дін философия сын дағы тұлға мəселесін зерттеудің алғышарттары мен праексеологиялық бағдарлары
«айтылмайтын-жасырын» кейіпке түскен тəрізді. 
Нақтырақ айтқанда, қазақы түсінік бойынша 
пайымдасақ, «құдайдан қорықсаңшы» деген 
императив орындала бермейтін тəрізді. Бұған 
қазіргі заманғы моральдік құлдыраулар мен 
əділетсіздіктер, əр түрлі шағын қақтығыстардан 
бастап, соғыстарға дейінгі зұлымдықтар мысал 
бола алады. Біз əрине, барша адамзатқа сауална
-
ма жүргізбесек те, жалпы алғанда, бір қарағанда 
қазіргі таңда дінге сенбейтін тұлға жоқ деуге де 
болады[4]. Бірақ адамзаттың рухани-моральдік 
құлдырау беталысы нақты обьективті беталысқа 
айналып отырғандығы жасырын емес. Бұл шын
-
дап келгенде, «құдайдан қорықпағандықтың» 
көрінісі болып саналады.
Осыдан Мен-Тұжырымдамадағы идеалды-
Мен жəне Нақты-Мен арасындағы сəйкессіздік 
туындайды. Бұның ислам дініндегі жағымсыз 
мағынасы мұнафықтық деген арнайы атау
-
мен беріледі. Сондықтан да келешектегі дін 
философиясының праексеологиялық қыры – 
Идеалды Мен болмағанмен де Нақты-Меннің 
өзінің бұндай екіге айрылуын зерделеу жəне 
оның шешімін ұсыну болып табылады.
Кемелденген тұлға бейнесі бойынша
. Қазіргі 
таңда əлемдік руханиятта тұлғаның құндылығы 
мен мəртебесі хақындағы ойтолғамдар мен 
ұсынылған пікірлер, тұжырымдар саны да ар
-
тып келеді. Сондықтан да, дін философиясы 
бойынша тұлғаны қалыптастырудың тəжіри-
белік-өмірмəнділік қырлары қандай деген 
іргелі сауал туындайды. Егер де, діни персо
-
нализм оны діни философиялық негізде ашуға 
беталған болса, келесі кезекте, дін философиясы 
тұрғысы сұранып тұрған қажеттіліктердің бірі 
болып отыр. Біздің ұлттық таным түсінігімізде 
тұлғаның өзіндік бір келбетін жасау мұраттары 
бар, оның өзін дінмен байланыстырылған жəне 
таза діни деп екіге бөлуімізге болады. Ал жалпы
-
лама түрде жіктесек, саяси-əлеуметтік тұлғалар 
(хан, би т.б.), физиологиялық-биологиялық 
тұлғалар (баһадүр), діни-рухани тұлғалар болып 
ажырайды.
ХХ ғасырдың басында педагог Н. Манаев 
тұлға бойынан табылуы тиіс көркем мінездерді: 
Аллаға илану, тəуекел қылу, уəдеге тұру, сабыр
-
лы болу, мəрт болу, ұятты болу, шын сөзді болу 
жинақтауына дейінгі ой-пікірлер ислам дінімен 
орайластырылған таза діни сипатта болса, əл-
Фарабидің қайырымды қала тұрғынынан бастап, 
Абайдың Адам бол идеясына дейінгі ойтолғамдар 
таза діни емес, бірақ ислами дəстүрлерден 
мүлде тыс та қарастырылмайды. Осыдан-ақ, 
қазіргі заманғы тұлға үшін ұсынылған бірнеше 
нұсқалар бар екендігін көруге болады: сопылық 
ағымдағы таза діни тұлға, діннің қағидаттарын 
алған көркем мінезді тұлға, дінді мойындай оты
-
рып, басқа да рухани қасиеттерді жинақтаған 
тұлға, дінге қатыссыз алынған жалпы адами 
тұлға. Мəселе, осы тұста өрби түспек. Енде
-
ше, біз мынадай түйін шығара аламыз: осы 
тұлғалардың келбетін біріктіре, тұтастандыра 
отырып, реконструкциялап, аралық буын мен 
зайырлы қоғам үлгісіне сай келетін тұлғаны жа
-
сап шығару мұраттарын жолға қою қажет жəне 
жоғарыда айтылған «діни кемел тұлға» бейнесін 
əлемге паш етіп, өзіміздің ұлттық нұсқамызды 
барша адамзатқа үлгі ретінде ұсыну.
Сонымен қатар, басқа да діндерде тұлға 
бейнесін жасауға деген талпыныстар болған жоқ 
емес. Мысалы, буддизм, индуизм сенімдерінде 
де тұлғаның өзіндік руханиланған-толерантты 
пішімін сомдау жəне ол тəжірибеде еркін 
қолданылатындай болуын қадағалау, тіпті осы 
мұраттар бойынша қазір де үнді халықтарында 
оны өмір салтына айналдырып, сақтап отыр-
ғандар жетерлік. Дұрыс кіріспе, дұрыс ой, 
дұрыс сөз, дұрыс əрекет, дұрыс өмір салты
дұрыс назарға алу. Бұл жол, жүру керек жол
-
ды көрсететін ой өрісін береді, білім береді, ол 
таулыққа, жоғары білімділікке алып барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет