* Қалдыбай Қ.Қ., Абдрасилов Т.Қ



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата08.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#98513
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
318-1-591-1-10-20180421

Волюнтаризмдік ұстаным бойынша тұлға 
келбеті
. Адам еркі мен еркіндігі де дін мен 
философияның пайда болуымен, өркендеуімен 
қатар жүріп отырған іргелі мəселелердің бірі. 
Бірақ көп жағдайда, діни философия адам 
еркі мəселесін көбірек қозғаса, дін филосо
-
фиясы адам еркіндігі туралы пайымдауларға 
жақынырақ болған еді. Бүгінгі таңда еркіндік 
шеңберін кеңейткісі келетін адам, дін мен оның 
шарттарынан, талаптарынан да азат болуды 
қалайды. Сондықтан, əлеуметтік уақыттың 
тездеуіне, заманның ықпалына, бос уақыттың 
құндылыққа айналуына т.б. бейсаналы түрде 
байланыстырған адам еркі мен еркіндігі діни 
ережелер мен шарттарды толықтай орындай 
бермейді. Бұл баршаға ортақ жалпы адамзаттық 
көрініс болмаса да, беталыстық сипаты бар 
жəне шешімін табуды қажет ететін дилеммаға 
айналуы ықтимал құбылыс. Яғни, «дінге сенім 
деңгейі, оның орындалуы тиіс шарттары адам 
еркіндігін шектей ме, шектемей ме – шектесе, 
дінге сенімнің дəрежесі төмендей ме, ал шектеме
-
се, неліктен діни салттарды орындау қуатталмай 
жатыр» деген мəселелер пайда болады. Бұл – 
«сеніммен еркіндік (уақыт)» – қатынасын туды
-
ратын праксеологиялық мəн адамның абсолютті 


ҚазҰУ Хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №4 (58). 2016
70
Дін философия сын дағы тұлға мəселесін зерттеудің алғышарттары мен праексеологиялық бағдарлары
еркіндікке ұмтылысы мен дін арқылы шектел
-
ген еріктің адам болмысына тағайындалған 
қатынасының бар екендігін білдіреді [7]. Демек, 
болашақта ғылым мен техника дамып, адамзат 
өркениетке ұмтылған сайын, адам еркіндігін 
кеңейткен сайын, дінге сенім қандай формаларға 
ауысуы ықтимал екендігін тиімді тұрғыдан 
шешіп беретін діни өмір салтындағы өзіндік ере
-
желер құрылуы тиіс деп айта аламыз.
Келесі кезекте, бұндай тəжірибелік мəсе-
лелерді шешуді жалпы əдіснамалық бағдарларын 
былайша тиянақтап көрсетуімізге болады:
1. Интеграциялық-дифференциациялық. Дін 
философиясымен басқа салалар бірігіп, мəселені 
ғылымдар интеграциялық тұрғысынан шешу. 
Мəселені нақтылай қоя отырып, ғылыми диф
-
ференциация тұрғысынан шешу, яғни, дін фило
-
софиясын, тіпті, оның тереңдетілген салаларын 
тереңдету.
2. Экстерналистік-интерналистік. Дін ғы-
лым ның дінді зерттеуіне діни тұрғыдан ықпал 
етсе, ғылым дінді зерттеуде өзіндік ғылыми 
бағдарынан да айнымайды. Дінді зерттеу ал
-
дымен, діни білімдерді қажет етеді, бұл тұста, 
осы білім экстерналистік сипат алады, дін иесі 
де дін туралы ғылыми тұжырымдар айту үшін 
ғылымды меңгеру керек, бұл ғалымдардың 
интерналистік бағдарын күшейте түспек.
3. Сциентизмдік-антисциентизмдік. Ғылым-
ды танымның абсолютті биік мəртебесінен 
түсіруге бет бұрған постпозитивизм бағыты 
руханияттың басқа да салаларын онымен қатар 
қояды да, олардың арасындағы иерархиялық 
қатынастардың жалған екендігі туралы пайым
-
даулар жасауына сəйкес, дінді де, оған сенімді 
де мəртебелі құндылық ретінде бағалай оты
-
рып, дін мен қоғамдық ғылымдардың өзара 
кіріктірілген, үйлестірілген ұстанымы бойынша 
зерделеу.
Қорыта айтқанда, діннің рухани жəне мате-
риалдық практикалық мақсаттарын шешуді 
қолға алатын осындай 
инструменталистік 
ұстаным əсіресе, дін философиясының дін психо
-
логиясымен, дін əлеуметтануымен, дін феноме
-
нологиясымен т.б. салаларымен бірлесе отырып, 
қолға алатын праксеологиялық бағдарлар жəне 
шешімін табуы тиіс заманауи ахуалдар болып 
табылады. Бұл тұста, шешімі табылмайтын не
-
месе метафизикалық мəселелердің өзін нысанаға 
ала отырып, оларды верификациялап-фальсифи
-
кациялау қажеттігі маңызды іс. Бұл позитивистік 
верификациядан кейінгі қайта верификациялау 
болуы тиіс. Мысалы, жоғарыда айтқандай, мəңгі 
«жан» ұғымы болашақта қайта зерттелуі тиіс 
проб лема болса, «құдай бар ма, жоқ па» деген 
сауал метафизикалық проблема болып шығады. 
Яғни, проблемалардың қойылуы мен оларды 
верификациялауда ғылым этикасы қолданылуы 
тиіс. Бұл сайып келгенде, нақтырақ айтқанда, «дін 
философиясындағы адам мəселесін зерделеудегі 
ғылым этикасы» деген арнаға келіп тоғысады да, 
сенімді құндылық ретінде құрметтеу жəне дін 
иелерімен конвенционалистік ұстаным арқылы 
екі тарапты өзара бітістіретін болады. Олай бол
-
са, толеранттылық екі жақты өзара тараптардың 
бір-біріне деген төзімділігі арқылы жүзеге асуы 
тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет