Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп «Информатика патшалығында» (сыныптан тыс сабақ) Сыныбы: 5 6 сынып



Дата25.08.2017
өлшемі85,28 Kb.
#27233
Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп

«Информатика патшалығында»

(сыныптан тыс сабақ)

Сыныбы: 5 - 6 сынып

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Берденқұлов. Т



Қазалы қаласы

Информатика патшалығында

(сыныптан тыс сабақ)

Сыныбы: 5, 6 Күні: 8.04.2014ж
Сабақтың тақырыбы: «Информатика патшалығында»
Сайыс мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сайыс сабақ.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Топты таныстыру.


ІІ. Сайыс кезеңдері:
1. «Кім жылдам?»

2. «Құрал жабдықтар»


3. «Ауыстырмақ»
4. «Көкпар»
5. «Логикалық сұрақтар»
Сайысқа төрелік ететін әділ қазылар сайланады.
Барысы:
І-ші кезең «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Әр командаға 12 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.
І командаға
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
9. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
10. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)
11. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
12. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)

ІІ командаға


1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Монитор компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
7. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
8. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
9. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)
10. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
11. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
12. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

ІІ-ші кезең «Құрал жабдықтар» кезеңі
Құрал жабдықтар суреті салынған карточкаларды суыру арқылы әр топ кезекпен олардың атын атап, қандай қызмет атқаратынын баяндап берулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Принтер
Дискеталар
Жүйелік блок
Монитор
Колонкалар
Сканер

Постер қорғау


ІІІ - ші кезең: «Ауыстырмақ»
Келесі сайысымыздың шарты бойынша әріптерінің орны ауысқан сөздерден дұрыс информатикалық сөз құрастыру қажет. Қай бұрын қол көтерген топ бастап жауап береді. Егер жауап дұрыс болса бір ұпай, егер қате болса сұрақ келесі топқа көшеді.

иакматорфни – информатика


аламрдағба – бағдарлама
ратапқа – ақпарат
интором – монитор
зертее – терезе
рсутивнаи – антивирус

ІV-ші кезең
Келесі сайыс түрлі - айтыс
Мұнда сөз тіркесі ілінеді. Оны қызыл алған топ мақтайды, келесі көк алған топ даттайды. Тақта: «КӨКПАР» сөзі ілінеді.
Білімдіден шығар алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.

Компьютердің зияны мен пайдасы.


V-ші кезең.
«Логикалық сұрақтар»

Шарты: Әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай

• Елеуіш пен су әкелуге бола ма?


Бес адам кездесіп қалып, бір - бірімен қол алысты? Барлық қол алысу саны қанша ?
• Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді ?
• Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше
стакан қалды?
• Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр?
• Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?

Сабақты қорытындылау:

Марапаттау



Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Бүгінгі көріп тамашалаған “ Информатика патшалығында ” сайысы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!!!
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет