1 – билет. 1 Құс өңдеу өнеркәсіптерінде құсты қабылдау және өткізу ережелері



бет4/5
Дата11.03.2020
өлшемі285,5 Kb.
#59869
1   2   3   4   5
Байланысты:
shpor vse 4 kurs Дайын


19-билет. 1)Құстардың жұқпалы бурсит кезіндегі сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы.Ауру құстарды сойғанда ішкі мүшелерін толықтай алып тастайды. Бұлшық еттеріне қан құйылған, некроздары, ісіктері бар, сүт қышқылды тұздар жиналған ұшаларды ішкі мүшелермен қосып утилизацияға жібереді. Патологиялық өзгерістер жоқ болса, ұшаларды қайнатқаннан кейін қолданылады немесе өнеркәсіптік өндеуге жібереді, ішкі мүшелерін утилдейді. Ауру және күмәнді құстардың жүні мен мамығын кептіріп залалсыздандырады немесе жалпы қабылданған тәсілдермен дезинфекциялайды.2.Қояндардың бауыр циррозы, перитониті, ісіктері. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Бауыр циррозы. Атрофиялық (сему) цирроз кезінде бауырдың көлемі кішірейген, тығыз, сұрғыт-қызылдан қою сары түске дейін болады, бауыр тығыздалған. Гипертрофиялық цирроз кезінде бауыр 2-3 есе ұлғайған болуы мүмкін. Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Ұша және бауыр жарамсыздыққа шығарылады.Перитонит – әртүрлі жарақаттар алған соң, суық тию, жатырдың қабынуы, асқазан-ішек ауруларынан кейін болады. Үрдістің жіті түрінде құрсақ қуысында серозды-фибринозды немесе геморрагиялық сұйық жиналады. Іш перде жылтырлығынан айрылады, бұдырлы болады, фибринмен және ішперде мен ішектің сір қабықтарының жабысуы болады. Созылмалы түрінде бітеу жаралар жиі кездеседі.Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Өзгерістері бар ағзаларды және ұлпаларды жарамсыздыққа шығарып, ал басқа сойыс өнімдерін бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты қолданады.Ісіктер. Сойғанан кейін қатерлі және қатерлі емес жаңа түзілістер табылуы мүмкін. Күмәнді жағдайларда оларды гистологиялық зерттеулер арқылы ажырату қажет.Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Жаңа түзілістермен зақымдалған ұшаларды жарамсыздыққа шығарады. Қатерлі емес жаңа түзілістермен аз зақымдалуы кезінде зақымдалған бөліктерді алып тастайды, ал ұша мен мүшелерді шектеусіз қолданады.

3.Сазқұндыздың туляремиясы. Сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Туляремия. Кемірушілердің, саз құндызының сонымен қатар адамдардың індетті ауруы. Лимфа түйіндерінің ұлғаюымен сипатталады. Ұлпалы ағзаларда некрозды ошақтар болуымен сипатталады. Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Туляремия кезінде ұшаны, ішкі ағзаларымен, терісімен бірге өртеуге жібереді. Ұшамен, ішкі ағзаларымен, қанмен жанасқан барлық өнімдерді қайнату арқылы залалсыздандырады.
20-билет. 1.Құс туберкулезі сойғаннан кейінгі диагностикасы және сойыс өнімдерін сараптау. Сойғаннан кейінгі диагностика. Бауырда, жұлында, көк бауырда, ішекте, өкпеде және басқа мүшелерде бір немесе көптеп орналасқан, сарғыш-сұр немесе сұрғылт-ақ түсті, үлкендігі тары дәнінен орман жаңғағына дейін болатын туберкулалар табылады. Кейде бірнеше түйіндер конгламерлерге бірігеді. Гранулалар жұлында болса, түтікті сүйектердің қабырғалары жұқарған не деформацияланған болады.Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Егер туберкулез ошақтары бірнеше мүшелерден табылса немесе жеке мүшелер зақымданып және құс арық болса, онда ұшаны ішкі мүшелермен қоса утилдейді.Туберкулезді зақымданулар тек жеке мүшелерде болса және ұша қоңдылығы қалыпты болса, ішкі мүшелерді утилдеп, ұшаны қайнатқаннан кейін босатады.Туберкулинге оң реакция берген құстардың ұшаларын, туберкулезді зақымданулар болмаса да қайнатқаннан кейін босатады немесе консерві дайындауға жібереді.2.Құс жұмыртқасы адамдар мен жануарлардың жұқпалы ауруларының себебі. Жұмыртқа екі түрлі жолмен зардапталуы мүмкін. Олар эндогенді жолмен тауықтың организмінде пайда болу процесі кезінде микробтардың енуі кезінде, экзогенді жолмен жұмыртқаның қабығының тесіктері арқылы сыртқы ортадан енуін айтамыз.Эндогенді зардапталу ауру тауықтар мен ауру қоздырғыштарын тасымалдап жүрген тауықтардың аналық безі мен жұмыртқа жолынан жұғуы мүмкін. Нәтижесінде жұмыртқаға көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштары (паратиф, пуллороз, туберкулез, оба, ларинготрахеит, лейкоз, салмонеллез және т.б.) түсуі мүмкін. Бұндай жұмыртқаларқұстардың арасында жұқпалы аурулардың таралуына, сонымен қатар адамдарда тағамдық токсикоздары мен токсикоинфекциялардың таралуына себепші болады. Экзогенді зардапталуда жұмыртқаға қабығы арқылы түрлі шіріткіш бактериялар мен зеңдер, онымен қоймай қабығының ластану барысында, жұмыртқаны жуу және сақтау режимі бұзылғанда олардың көбею жиілігі артады. Микроорганизмдердің қабықтан ақзатына, одан сарыуызға таралу жылдамдығы қоршаған ортаның ауа температурасы мен ылғалдылығына, жұмыртқа жұмыртқа салатын ұялардың гигиеналық жағдайына, жұмыртқа қоймалары мен тараның тазалығы, жұмыс жасайтын адамдардың қолдарының тазалығына жұмыртқа қабығында тіршілік ететін микроорганизмдердің түріне байланысты болады. 3.Сазқұндызының ақ таз ауруының (стригущий лишай) негізгі белгілері. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Тері жегіш (стригущий лишай) – терілерде дөңгелектенген дақ түрінде кездестін, теріні түлетіп, жүндерін түсіретін жұқпалы ауру. Сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға. Сойыс өнімдерін шектеусіз босатады. Терілерді 25,0% ас тұзымен, 1,0% кремнефторлы натриймен және 0,7% күкірт қышқылымен 48 сағат 1:5 қатынастағы сұйықпен залалсыздандырады.
21-билет. 1.Қоян ұшасын ветеринариялық - санитариялық сараптау. Ет ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізілген соң қоян ұшасын мүшелеп, тазарту ісі қолға алынады. Зақым түскен немесе ластанған жерлері, бауыздау тұсы және ағзалары мен ұшадағы бөгде заттар мен терідегі жүн түгелдей тазартылады. Ұшаны сулы қырғышпен тазартады. Денеде іркілген суды пышақтың қырымен қырып сорғыту керек. Етті салқындату үшін салқын ауада іліп қойған дұрыс. Үй қоянының салмағы 1,1 килограмнан кем болмауға тиіс.

2.Құс етінің морфологиясы мен химиялық құрамы және маңызы. Құстың дене айырмашылығы тері жабыны мен қаңқалық бұлшықеті құрылымына байланысты. Құс қаңқасы бас сүйегінен, омыртқа , кеуде , жамбас, аяқ сүйектері және қанаттардан тұрады. Құстардың бұлшықеті өте тығыз болып келеді. Тауықтардың және күрке тауықтардың кеуде бұлшықеттері ақ түсті , ал қалғаны – қызыл түсті болады. Суда жүзетін барлық құстардың кеуде бұлшық еттері қызыл түсті болып келеді. Етті және аралас тұқымды тауықтар нәзік бұлшық етімен, борпылдақ дәнекер ұлпасынан ерекшеленеді. Май - бұлшықет ұлпасының арасындағы дәнекер ұлпаның құрамында тері астында, ішкі мүшелерде жиналады. Құс етінің химиялыққұрамы оның жасына, қоңдылығына, тұқымына, ұстау жағдайы мен азықтандырылуына тікелей байланысты. Тауықтың және күркетауықтың етінде ақуызы – 22-24%, ал қызыл етінде – 20-23%. Ақуыз құрамындағы азотты экстрактивті ақуызды емес креатин заттары қызыл етке қарағанда, ақ етте 1,5-2 есе көп [1]. Құсетінде полиқанықпаған май қышқылдары сиыр және қой еттеріне қарағанда 3-5 есе көп. Минералды заттардың ішінде құс етінде калий, натрий, кальций, фосфор, темір,т.б. тұздары болады. 3.Амалсыз сойылған сазқұндыз өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Ветеринариялық тәжірибеде ауруына байланысты сойылған мал еріксіз, не амалсыз сойылған мал болып есептелінеді. Әртүрлі індетті және инвазиялы ауруларда немесе жарақаттанып, уланып қалған малдардың өміріне қауіп төніп, одан ары емдеу ешқандай нәтиже бермейтін және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған жағдайда оларды амалсыз сояды. Еттің ауру немесе сау малдан алынғанын білу үшін сезімдік (органолептикалық), патологоанатомиялық (нашар қансыздану, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гиперемиясы, гипостаздар, бауыздау сызығының күйі) және лабораториялық зерттеу әдістері қолданылады.Лажсыз сазқұндыз етін міндетті түрде, сойылу жағдайына қарамастан, бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Ол үшін лабораторияға зерттеуге алынған сынамаларды ылғал өтпейтін ыдысқа салып жақсылап жуып, пломба салып жолдама құжатпен бірге зертханаға жіберіледі.
22-билет. 1.Құстардың инфекциялық ларинготрахеиті. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Жұқпалы ларинготрахеит – герпес вирустар тудыратын жұқпалы ауру. Ересек құстарда ларинготрахеит түрінде, ал жас құстарда созылмалы конъюнктивит түрінде өтеді. Сояр алдындағы диагностика. Ауру құстарда күйзеліс, демікпе, қанды кілегей және фибрин үлпершектері аралас жөтел, көмекейдің кілегей қабықтарының қанталауы байқалады. Конъюнктивальды формасында конъюнктива гиперемиясы, қабақтың ісінуі, көзден жас ағуы, жарықтан қорқуы, конъюнктивальды қуыста және көз асты синустарда фибриннің жиналуы, бір неесе екі көздерінің де ұлғаюы, соқыр болуы, көз алмасының атрофиясы байқалады. Сойғаннан кейінгі диагностика. Көмекейдің, кеңірдектің, кейде ірі бронхтардың кілегейлі қабықтарының катаралды - геморрагиялық қабынуы және қан ұйындылары мен фибрин үлпершектерінің шоғырлануы, кеңірдек пен бронхтардың фибринмен немесе қанды кілегейлі затпен бітелуі байқалады.Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар.. Сойғанда ішек - қарны толық алынады. Ауру белгісі бар құстардың басын және мойынын кеңірдегімен бірге патологиялық өзгерістері бар ұша бөліктері мен мүшелерін утилизацияға жібереді, ал қалған бөліктерін қайнатқан соң қолданады. Ұшаларда және мүшелерде патологиялық өзгерістер болмаса, оларды қайнатқан соң қолданады немесе қайнатылған шұжық, консерві дайындауға жібереді

.2.Жабайы құс етінің балаусалығын анықтау. Сынама алу: жабайы жануарлардан алынатын еттің мөлшері 200 г кем болмауы керек. Ол үшін 4-5-ші мойын омыртқа тұсынан, жауырын және жамбастың қалың бұлшық етінен кесіліп сынама алынады. Керек болған жағдайда ішкі ағзалардан (субөнімдерден) да 200 г мөлшерінде сынама алынады.Жабайы құстардың етінің ұшасын толығымен алынады.Органолептикалық зерттеулер үшін құс ұшасының сыртқы түрін, тұмсығының түсін, ауыз қуысының кілегей қабаттарын, көз алмасын, ұшаның беткі қабатын, ішкі және тері асты май ұлпаларын, кеуде құрсақ қуысының кескен жеріндегі қабықтарын, еттің кескен жерін, консистенциясын, иісін, сорпасының мөлдірлігін және иісін анықтау.Еттің сыртқы түсін анықтау. Ол үшін еттің сыртқы қабатындағы қабықшаға көңіл аударады. Саусақпен еттің жабысқақтығын, сүзгіш қағазбен ылғалдығын (сүзгіш қағазды еттің кескен жеріне қою арқылы) анықтайды.Жас еттің (балауса) қабықшасы қағаз тәрізді шытырлап түрады, түсі ақшыл-қызыл, бұлшық етті кескен кезде сәл ылғалды - сүзгіш қағазында дақ қалмайды, еттің сөлі тұнық болады. Жас екендігіне күдік, немесе күмән тудыратын ет ылғалдылау, жабысқақ, сәл күңгірт тартқан болып келеді, кескен еттің арасы ылғалды. Тоңазытылған ет болса, жібіген кезде еттің сөлі бұлыңғыр (тұнық емес) болуы мүмкін.Бұзылған еттің сыртқы жағы кеуіп кетеді, шырыштанып, немесе көгеруі мүмкін. Кесілген жер ылғалды, сүзгіш қағазына дақ қалдырады, ет қолға жабысып тұрады. Қайта жібітілген еттің сөлі өте бұлыңғыр болады.Еттің консистенциясын (жұмсақ - қаттылығы) анықтау үшін саусақпен ет үстінен басып керіп, пайда болған шүңқырдың қалпына келу жылдамдығын қадағалайлайды.



3.Уланған қоянның сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. . Уланған кезде ажырату жасалады. Химиялық - токсикологиялық зерттеуден басқа және улану не себепті болғаны жайлы, түрлі ұлпалардағы қорлануды, органолептикалық, биохимиялық және бактериологиялық зерттеулерді қолдану арқылы ескереді.
23-билет. 1.Құстардың стрептококк және тілме септицемиясы.Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Стрептококкты септицемия – гемолитикалық стрептококк Streptococcus zooepidemicus (С серотобы) тудыратын, тауықтарда жіті, үйректерде созылмалы өтетін жұқпалы ауру. Сояр алдындағы диагностика. Аурудың жіті түрінде гипертермия, қатты күйзеліс, ұйқышыл болуымен, тері және кілегейлі қабықтарының циннозы, сұйық ақ түсті саңғырық аралас диареямен сипатталады. Созылмалы түрінде – қоңдылықтың төмендеуі, әлсіздік, ақсау, аяқ буындарының ісінуі, диарея байқалады. Сойғаннан кейінгі диагностика. Респираторлы микоплазмоздың жіті түрімен ауырған құстарда кеуде – құрсақ және перикардиалды қуыстарда қанды сұйықтың жиналуы, көк бауырдың 2-3 есе ұлғаюы байқалады, бауыр және бүйректер қанға толы, жүректің және басқа мүшелердің сірлі қабықтарының қанталауы, ұшаның нашар қансыздануы, ұлпаладың сарғаюы білінеді. қабынуы болады. Ветеринариялық – санитариялық баға. Ұша мен ішкі мүшелерді утилдейді. Жұмыртқаларды дезинфекциялап, қоғамдық тамақтану орындарына, онда оларды 100 градуста 13 минут қайнатқаннан кейін қолданады. Сонымен қатар, оларды нан және кондитерлік өнімдер дайындауда қолдануға болады.Тілмелі септицемия – B. rhusvopatvae suis тудыратын құстардың жұқпалы ауруы. Қоздырғышқа адам, үй және жабайы жануарлар сезімтал. Құстарда жіті септикалық және токсикалық үрдіс түрінде өтеді. Сояр алдындағы диагностика. Гипертермия, күйзеліс, тері мен бастың кілегейлі қабықтарының көкшілденуі, диарея, ал бұрын аурып жазылып кеткен құстарда артриттер анықталады. Сойғаннан кейінгі диагностика. Ұшаның нашар қансыздануы және көкшіл тартуы, жүректің, көк бауырдың, ішектің, етті қарынның, жұмыртқалық фолликулаларының серозды қабықтарының ұсақ нүктелі қанталауы; бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы және қанға толуы; катаралды энтерит анықталады. Созылмалы түрімен ауырған не аурып не аурып жазылған құстарда аяқтарының, қанаттарының буындарының жуандауы байқалады. Ветеринариялық – санитариялық баға. Ауру құс ұшасын бұлшық еттерінде өзгерістер болмаса, қайнатқаннан кейін босатады, ішкі мүшелерді утилдейді. Ұшада патологиялық өзгерістер болса, ұшаны ішкі мүшелерімен қоса утилдейді. Жүн мен мамықты дезинфекциялайды. Жұмыртқаларды қайнатады немесе қапшығын дезинфекциялайды. 2.Амалсыз сойылған қоянның өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Ветеринариялық тәжірибеде ауруына байланысты сойылған мал еріксіз, не амалсыз сойылған мал болып есептелінеді. Әртүрлі індетті және инвазиялы ауруларда немесе жарақаттанып, уланып қалған малдардың өміріне қауіп төніп, одан ары емдеу ешқандай нәтиже бермейтін және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған жағдайда оларды амалсыз сояды. Еттің ауру немесе сау малдан алынғанын білу үшін сезімдік (органолептикалық), патологоанатомиялық (нашар қансыздану, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гиперемиясы, гипостаздар, бауыздау сызығының күйі) және лабораториялық зерттеу әдістері қолданылады.Лажсыз сазқұндыз етін міндетті түрде, сойылу жағдайына қарамастан, бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Ол үшін лабораторияға зерттеуге алынған сынамаларды ылғал өтпейтін ыдысқа салып жақсылап жуып, пломба салып жолдама құжатпен бірге зертханаға жіберіледі.3.Жұмыртқа ұнтағы мен еруі органолептикалық көрсеткіштерін анықтау. Жұмыртқа ұнтағыашық сары түсті, өзіндік иісі мен дәмі бар ұнтақталған тағам өнімі. Құрамында 9% ылғал, 45% белокты заттар, 35% майлар, минералды заттар – 4%. Қышқылдылығы 1000 Т көп емес.Бактериологиялық зерттеулермен ішек таяқшасының титрін, шіріткіш микроорганимдердің, әсіресе, Pr.vulgaris Salmonella тобының бактерияларының бар-жоғын анықтайды. Егерде меланждың органолептикалық көрсеткіштері қалыпты жағдайда болса, әр топтан 1% ғана зерттейді, құрамында ішек таяқшасы тобына жататын микроорганизмдердің бар-жоғына назар аударады. Жұмыртқа ұнтағының коли - титрі де осы жолмен анықталады. 0,1 коли – титріндегі жұмыртқа меланжы мен ұнтағын жоғарғы температурада өңдейтін тағам өнеркәсібінде пайдаланады.
24-билет. 1.Құстардың Ньюкасл ауруы. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Ньюкасл ауруы – аса жұғымтал, жіті өтетін тауық тұқымдас құстардың ауруы. Барлық жастағы құстар аурады. Қоздырғышы: парамиксовирустар тобының вирусы.Сояр алдындағы диагностика. Ауру құстарда күйзеліс, ұйқышылдық, тыныс алуының қиындауы, жөтел, айдардың көгеруі, тұмсығынан және танау тесіктерінен сұйықтықтың ағуы, диарея, кейде қан аралас диарея, сонымен қатар аяқтарының, қанаттарының, мойнының салдануы, ақсау байқалады.Сойғаннан кейінгі диагностика. Тыныс алу және ас қорыту ағзаларының кілегейлі қабықтарында, жүректің және басқа да ішкі ағзалардың сірілі қабықтарында көптеген нүктелі немесе дақты қан құйылулар табылады. Безді қарының безді емізікшелерінің беткейінің қанталаулары, тік ішектің кілегейлі қабығындағы қан құйылулар және фибринозды ошақтардың болуы, сонымен қатар ішектің жіті катаралды қабынуы болады.Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Сойылған ауру құс өнімдерін жояды немесе утилдейді. Осы ауруға күмәнді, бірақ патологиялық өзгерістері жоқ құс ұшалары мен ішкі мүшелері қайнатқаннан кейін босатады. Ауру немесе ауруға күмәнді құстардың жүні мен мамықтарын өртейді немесе утилдейді. Құстар шаруашылықта сойылған жағдайда ауру құстардың өнімдерін жояды, ал аурудың клинико-анатомиялық өзгерістері жоқ құстардың ұшасы мен ішкі мүшелерін қайнатқаннан кейін сол шаруашылықтың ішінде ғана қолданады. 2.Сазқұндыздардың вирусты геморагиялық ауруы. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау және бағалау. Вирусты геморраргиялық ауру - өте жіті өтетін індетті ауру. Ауруға аса сезімтал деп саз құндыздар саналады. Сойғаннан кейінгі балау. Негізгі белгілері – танаудан қан ағу, жарып қарағанда тыныс алу, ас қорыту, бауыр, бүйрек, көк бауыр, жүрек бұлшық еттерінде геморрагия белгілері байқалады. Қан жеткілікті ұйымаған. Сонымен қатар катаралды гастрит кездеседі. Зертханалық балауда бастысы өлген жануарлардың бауырын тексереді. Балау нәтижесі оң болған жағдайда шектеу қойылады. Талаптарға сәйкес бұл шаруашылықтан ет, тері өнімдері сыртқы саудаға шығарылмайды. Сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға. Ауру және ауруға күдікті саз құндыздарын қанын шығармай өлтіріп, терісімен бірге өртеп жібереді. Клиникалық тұрғыдан сау құндыздарды етке сояды, ұшаны қайнатып залалсыздандырады. Бас, аяқтарын, ішкі ағзаларын, қан және т.б. сойыс өнімдерін өртейді. Бөлмені, серуендеу алаңын, құрал-саймандарды, төсеніш, азық қалдықтарын, темір құралдарын жалынмен күйдіреді. Клиникалық сау, ауру саз құндыздарымен байланыста болмаса, вакцинациядан өткізеді. Терілерін тығыз, заласыздандырылған екі қабатты материалмен орап қайта өндеуге жібереді.

3.Құс етінің жетілуі ерекшелігі. Құс сойғаннан кейінгі, еттің құрамында күрделі ферментативтік, биохимиялық жәнефизикалық-химиялық өзгерістер жүреді. Бұл өзгеріс еттің сапасына және технологиялық қасиетіне көп әсерін тигізеді. Жаңа ғана сойылған құстан алған еттің (2-3 сағат шамасында) консистенциясы жұмсақ, ылғал сақтау қабілеті және сыздануы (набухаемость) өте жоғары. Әрі қарай, яғни уақыт өткен сайын консистенциясы, ылғалдық сақтау қабілеті және сыздануы төмендеп, ет құрғақтанып және қаттыланып кетеді. Яғни еттің құрамында жүретін күрделі ферментативтік процестің арқасында, ет толады, піседі. Бұл процесті еттің пісуі деп атайды. Еттің пісу процесі бірнеше фазаға бөлінеді: құс сойылғаннан кейін, сіресуі, еттің жұмсаруы - пісуі және тереңделген автолиз (өздігінен ыдырау). Құс сойылғаннан кейін, еттің түгелдей сіресуі 3-6 сағаттан кейін бітеді. Сіресу белгісінің басталуына және дамуына көптеген факторлар әсерін тигізеді: сояр алдындағы құстың жағдайы, қоңы, жасы және т.б.  Дені сау құс етінің сіресу үдерісі орташа алғанда 24 сағат ішінде толық бітеді, дегенмен жазда қысқа қарағанда ол тездеу өтеді.
25-билет. 1.Сазқұндыздардың сальмонеллезі.Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Сальмонеллез (паратиф)- жұқпалы, кейде энзоотиялық түрде өтетін үй және жабайы құстардың, әсіресе жас құстардың ауруы.Қоздырғышы: сальмонелла тобына жататын әр түрлі бактериялар (S.typhimurium, S.entertidis, S.anatum және т.б.) адамда тағамдық сальмонелезді токсико инфекциялар тудырады. Адамдар үшін инфекция көзі – ауру құстар еті, жұмыртқалары жіне олардан жасалған өнімдер. Аса қауіті болып үйрекпен қаздардың жұмыртқалары саналады.Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Арық, ісіну және қабыну ошақтары, перитонит және басқа да патологиялық өзгерістері бар ұшаларды, ішкі мүшелерді утилизацияға жібереді.Тек қана ішкі мүшелері зақымданса, ұшаны қайнатқаннан кейін консерві дайындауда қолданады, ішкі мүшелерін утильдейді. Жүн мен мамықты шектеусіз босатады.Тауық пен күрке тауық жұмыртқаларын жоғары температурада нан және кондитерлік өнімдер дайындауға жібереді. Үйрек пен қаздың жұмыртқалары сальмонеллалармен жиі ластанатындықтан, олардың жұмыртқаларын дүкендерде және базарларда сатуға тиым салынады. Оларды жоғары температурада нан және кондитерлік өнімдер дайындауға немесе 1000С темпераурада 13 минут қайнатып, тағамдық мақсатта қолданады.

2.Құс орнитозы. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Орнитоз - өкпенің қабынуымен, конъюктивит, ринит, тыныс алуының қиындауы, диарея болуымен сипатталатын індетті ауру. Көп жағдайда ауру клиникалық белгілері белгісіз өтеді, ал көгершіндерде, үйректерде, күрке тауықтарда жіті түрінде өтеді. Сояр алдындағы диагностика. Ауру жасырын түрде өткенде орнитозды анықтау, тіпті оған күмән келтіру қиынға соғады. Жіті түрде өткенде әр түрге жататын құстарда белгілері бірдей болмайды,конъюктивит, ринит, тыныс алуының қиындауы, диарея байқалады. Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру құстарда тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарының қабынуы байқалады және танау қуысында, көз асты синустарында, көмекейінде, кеңірдекте, бронхтарда, ауа қапшықтарында кілегейлі – ірімшік тәріздес зат жиналады, сонымен қатар ошақты катаралды пневмония, серозды – фибринозды перикардит, бауырының және көк бауырының ұлғаюы, ішкі мүшелерінің сірлі қабықтарының қанталаулары, бауырда және ішекте ошақты некроздар байқалады. Ветеринариялық – санитариялық баға. Ауру және күмәнді құстарды диагнозды қойғаннан кейін сояды. Ауру құс ұшасын, егер патологиялық өзгерістер жоқ болса, қайнатқаннан кейін тағамға қолдануға рұқсат етіледі, ішкі мүшелерін утильдейді. Ұлпаларында өзгерістер болса, сарғыштанған болса ұшаны ішкі мүшелермен қоса утилизацияға жібереді. Жүні мен мамықтарды өртейді. Ауру құстан алынған жұмыртқаларды сыртқы қабығын зарарсыздандырған соң тағамдық мақсаттарда қолданады. Бұндай жағдайда дезинфекция хлорамин мен немесе сынапты – кварцты шамдармен сәулелендіру арқылы жүргізеді. 3.Уланған сазқұндыздың сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Уланған кезде ажырату жасалады. Химиялық - токсикологиялық зерттеуден басқа және улану не себепті болғаны жайлы, түрлі ұлпалардағы қорлануды, органолептикалық, биохимиялық және бактериологиялық зерттеулерді қолдану арқылы ескереді.
26-билет.1.Құс шешегі. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Шешек – авипоксивирустар туысына жататын вирустар тудыратын терінің әр жерінің экзантемалық зақымдалуымен немесе ауыз қуысының және жоғарғы тыныс алу мүшелерінің кілегейлі қабықтарының дифтеритикалық қабынуы түрінде өтетін ауру.Сояр алдындағы диагностика. Ауру құстардың айдарында, тұмсық астында, ауыз маңайында, арқа терісінде, қанат терісінде, аяқтарының терісінде және денесінің басқа бөліктерінде бір-бірден орналасқан немесе көптеген экзантемалар (күлдіреуіктер) табылады. Аурудың дифтериялық түрінде ауыз маңында, тілінің астында, хоана кіреберісінде, көмекейге, сарғыш түсті тығыз фибринді пленка немесе борпылдақ , ірімшік тәрізді заттарға толы ошақтар табылады.Сойғаннан кейінгі диагностика. Сойғанға дейін байқалған өзгерістерді ұшаларда, жоғарғы тыныс алу жолдарында, ауыз қуысында сойғаннан кейін де байқауға болады. Жүнін жұлғаннан кейін терісінде қосымша күлдіреуіктер табылуы мүмкін. Ауру құстың ішкі мүшелерінде ауруға тән өзгерістер болмайды. ВСС.Егер күлдіреуіктер құстың басында және ұшасының кейбір жерлерінде ғана болса, онда басын және ұшасының зақымдалған бөлігін алып тастайды. Ал ұшасының қалған бөлігін және өзгеріске ұшырамаған ішкі мүшелерді қайнатқаннан кейін босатады. Жалпылама зақымданған үрдісте , яғни ұшаның көп бөлігі зақымданған жағдайда, ұшаны ішкі мүшелерімен қоса утилдейді. Ауру және күмәнді құстардан алынған жүн мен мамықтарды дезинфекциялап, екі қабат орауышпен қаптап, қайта өңдеуші кәсіпорындарға жібереді және де ветеринариялық куәлікте «шешектен таза емес» деп көрсетіледі. Қалған клиникалық - анатомиялық белгілері жоқ, бірақ таза емес топтан алынған құс ұшаларын қайта өндеп, тағамдық мақсатта шектеусіз босатады.Ауру құстан алынған жұмыртқаларды дезинфекциядан өткізіп, тағамдық мақсатта, сауда орындарына, қоғамдық тамақтану орындарында қолдана беруге болады.2.Амалсыз сойылған сазұқұндыз өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Ветеринариялық тәжірибеде ауруына байланысты сойылған мал еріксіз, не амалсыз сойылған мал болып есептелінеді. Әртүрлі індетті және инвазиялы ауруларда немесе жарақаттанып, уланып қалған малдардың өміріне қауіп төніп, одан ары емдеу ешқандай нәтиже бермейтін және экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған жағдайда оларды амалсыз сояды. Еттің ауру немесе сау малдан алынғанын білу үшін сезімдік (органолептикалық), патологоанатомиялық (нашар қансыздану, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гиперемиясы, гипостаздар, бауыздау сызығының күйі) және лабораториялық зерттеу әдістері қолданылады.Лажсыз сазқұндыз етін міндетті түрде, сойылу жағдайына қарамастан, бактериологиялық зерттеуден өткізеді. Ол үшін лабораторияға зерттеуге алынған сынамаларды ылғал өтпейтін ыдысқа салып жақсылап жуып, пломба салып жолдама құжатпен бірге зертханаға жіберіледі.3.Жұмыртқа ақаулары. Соғылған, шытынаған, бірақ ішкі сұйығы сыртқа ақпаған жұмыртқалар."Кепкен жұмыртқа "- ұзақ сақталған жұмыртқаның қабығына белогы мен сарысының жабысып қалуынан пайда болады."Құйылу" - жұмыртқаның сарысы мен ағының жартылай араласуы "Аз дақ" - қабықтың астында қозғалмайтын бір немесе бірнеше қара дақтар, жұмыртқаның 1/8 аз бөлігін алып жатады.Мұндай ақаулары бар жұмыртқалар қоғамдық тамақтану жүйесінде немесе өндірістік өңдеуге жіберіледі.Техникалық ақаулар:"Үлкен дақ"- қабықтың астындағы қозғалмайтын қара дақтар жұмыртқаның 1/8-нен көп бөлігін алып жатады."Қызыл дақ" - жұмыртқаның сарысының ішінде шеңбер тәрізді қанның дағы көрінеді. Ол жұмыртқаны жоғарғы температурада сақтағаннан кейін тұқымның ұрықтануы салдарынан пайда болады."Сасық жұмыртқа" – (тумак) - шіріген иісі бар жұмыртқа. Овоскоп арқылы қарағанда жұмыртқа іші көмескі, тек ауа кеңістігінен басқа ештеңе көрінбейді. Мұндай ақаулары бар жұмыртқалар тағамдық мақсатта қолданылмайды, техникалық утилдеуге жатқызылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет