1 – билет. 1 Құс өңдеу өнеркәсіптерінде құсты қабылдау және өткізу ережелері


-билет. 1. Құс сойыс өнімдері және оларды қолдану



бет2/5
Дата11.03.2020
өлшемі285,5 Kb.
#59869
1   2   3   4   5
Байланысты:
shpor vse 4 kurs Дайын


7-билет. 1. Құс сойыс өнімдері және оларды қолдану.Құстардың сояр алдындағы күйін зерттеуін құстарды қабылдап, құжаттарын тексеруден бастайды. Құжаттарды тексеріп болғаннан кейін, әкелінген торларында, олардың ішінде ауру және әлсіз құстардың бар - жоғын анықтайды. Құстардың арасында өлгені бар болса, лабораториялық зерттеулерге сынамалар жіберіледі.Құстарды сояр алдында жалпы тексеру және карантинге, санитариялық қасапханаға, не қайтадан өңдеуге бағыттау басқадай сойыс малдарына қойылатын талаптарға ұқсас келеді. Құс ұшасынан ішкі ағзаларын толықтай аластағаннан кейінгі сараптауҚұстарды сою (өңдеу) үрдісінде ветеринариялық дәрігердің орны ішкі ағзаларды ұшадан бөлектейтін тұста болуы керек. Ішкі ағзаларды толықтай бөлек алғанында құрсақтың көк шандырын кесіп ішектерді, қарынды, бауырды және көк бауырды бөліп алып ұшаның сол жағына қойып зерттейді. Ал ішкі ағзаларды жартылай аластағанда артқы тесіктен айналдыра тілік жасап, ағзаларды тартып алады да, оны да ұшаның жанына қояды..Ішкі ағзаларды ішек пен шажырқайды тексеруден бастайды. Сонан соң бауырды, жыныс бездерін, көк бауырды, қарынды, жүректі, өкпені және бүйректі зерттейді. Бөліп алған ағзалар қанталаған, не болмаса ісіген, патологиялық өзгерістер бар тұсынан тілініп, жарылып зерттелінеді. Қажет болған жағдайда бактериологиялық зерттеулерден өткізіледі. 2.Құс етінің балаусалығын лабораториялық зерттеулер арқылы анықтау.Анализдеу үшін таңдап алынған бұлшықет жуандығы 5мм терең емес еттерді бөлме температурасында 0 - ден 4*С-қа дейін жібітеді. Егер еттер тұтынушы ыдысқа қапталған болса, оларды 30+-2*С суда 2-3 сағат ішінде жібітеді немесе бұлшықет жуандығының тепмпературасы бөлме температурасы 0 - ден 4*С 17болғанға дейін. Жібітіп болғаннан кейін етті тұтынушы ыдыстан босатып анализге жібереді. Органолептикалық анализ. Еттің беткейлік иісі және көк ет қуыстары немесе оның бөліктерін сынмаларды алу кезінде органолептикалық анықтайды. Органолептикалық анықтау үшін таза пышақпен бұлшықет қабаттарын тереңірек кеседі. Сүйектерге жабысып тұратын, бұлшықет тіндерінің иісіне ерекше назар аударады. Анализ қорытындысын құс етінің нақты бір түрі немесе бөліктері бойынша анықтайды. Сорпаның тұнықтығына және жұпарлылығына баға беру үшін үлгіден етті немесе бөліктерін, қанаты мен мойнынан басқа, екі реттен скальпелмен бұлшықет аралық тіндерін тереңдікте кесіп, 70 г бұлшықетті еттартқышта ұсақтайды. Шыны ішіндегілерін әбден араластырады, сағат шынысымен жабады және қайнап жатқан моншаға қояды (10 минут). Кішкене ашылып тұрған шыныдан ерекшеленетін,сорпа жұпарлығын бу жұпарлылығы бойынша қызып жатқан процессте температура 80-85*С-та анықтайды. Құс етінің балғындығы бойынша оларды балғын, күмәнді, күмәндібалғын және балғын емес бөледі. Егер органолептикалық көрсеткіштері бойынша ең болмағанда бір күмәнді балғындық болатын болса, ол өнімді химиялық немесе микробиологиялық зерттеу үшін жіберіледі. Аммиак және аммоний тұздарының реакциялары.Аммиак және аммоний тұздары Несслер ракциясы бойынша сары-қоңыр бояу түсіне әсері қабілеттілігіне негізделеді.. Алынған фарштан 5 г колбаға орналастырады, 20мл дистиллденген су құйып, 15 мин-та араластырады, содан кейін сығындыны қағаз фильтр арқылы фильтірлейді.Сонымен түсінің өзгергенін және сығынды мөлдірлілігін бақылайды. Егер сығынды 1-2 мин ішінде көк-жасыл түстен қоңыр-сұр түске боялса етті балғын деп санайды. Балғын емес ет кезінде сығынды көк-жасыл түске боялмайды немесе қоңыр-сұр бояулар пайда болады. Ұшқын май қышқылдарының мөлшерін анықтау (майлы емес құстар үшін). Бұл әдіс май қышқылдарын фаршсынамасында булы суды айдау көмегімен және0 натрий және калий гидроксиді мөлшерін анықтайды. Еттің май қышқылдарының мөлшері 100 г –да 4,5 мг КОН аспаса балғын болады; күмәнді балғындық 4,5-9 мг КОН, балғын емесі- 9 мг КОН жоғары.Қышқылдықты және май тотығының мөлшерін анықтау. Алдын ала піскен майды алады. Балғындығы күмәнді тауық майы салқындатылған еттен қышқыл мөлшері 1-ден 2,5-ке дейін, қаздыкі 2-ге дейін, үйрек және күркетауықтыкі 3-ке дейін, сонымен қатар мұздатылғын еттерде қышқылдық мөлшері 1,6-ға дейін мөлшермен есептеледі. Майдың тотықтырғыш мөлшері салқындатылған және мұздатылған құс еттерінің барлық балғын түрінде 0,01 аспау керек. Күмәнді балғынды тауық майын салқындатылған етте тотықтырғыш мөлшерімен 0,04, қаздыкі, үйрек және күркетауықтыкі 0,01-ге дейін, сонымен қатар мұздатылған барлық еттер түрінің тотықтырғыш мөлшері 0,03-ге дейін деп есептейді.

3) Өлген жабайы құс және аңдар етінің сыртқы белгілері.Сойғаннан кейінгі сараптау кезінде жабайы аңдардың аулау әдістері және құстарға байланысты ерекшеліктерін ескеру керек. Кей жағдайларда, ауланған ұшалар нашар қансызданған болуы мүмкін. Ондай қансыздану дәрежесінде түсі қою қызыл және еттің ылғалдығы жоғары болса ақау немесе арам ет деп айтуға негіз жоқ, бірақ малдың өлім себебін анықтау керек. Бұл жағдайда азық ретінде адамдарға қолдануға болмайды.Өлексе етінің сыртқы белгілері. Тексерген кезде егер жануар союға дейін агоналды жағдайда болғанда көздің қасаң қабығы аздап бұлыңғыр немесе бұлыңғыр болады. Терісін сыпырғанан соң тері асты қан тамырларында қан жиналады, оларды кескен кезде ұйыған. Қансызданбаған жағдайында жануарлардың қою қызыл бұлшық ет ұлпасы көкшіл түсті рең береді. Ішкі мүшелері қанға толған және кескен кезде пышақтың жүзінде қан қалдықтары қалады
8– билет. 1) Сойғаннан кейін құс ұшалары мен мүшелерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. ВСС-ды ұша терісін зерттеуден бастайды, көрінетін кілегейлі қабықтарды тексеріп, қансызданудың деңгейін анықтайды. Орташа қансызданған жағдайда, сау құстардың терісі ақ, ақшыл сары не қызғылт түстес. Бөгде дақтар болмауы тиіс. Егер де терісі қызыл болып, қан тамырлары қанға толып тұрса, ұшаның нашар қансызданғанын көрсетеді.Ішкі ағзаларды ішек пен шажырқайды тексеруден бастайды. Сонан соң бауырды, жыныс бездерін, көк бауырды, қарынды, жүректі, өкпені және бүйректі зерттейді.Ішкі ағзаларды жартылай алып сойғанда, ішекті бөлектегеннен кейін, құрсақтың көк шандырын кесіп, ұшаның сол жағынан бұлшық етті қарынды көтеріп, жыныс бездерін, көк бауырды және қарынды зерттейді.Сонан соң қарынды түсіріп, бауырды тексереді, ауа камераларын жарып жүрек пен өкпені зерттеуге жол ашады.Бауырдан, ауа камераларынан, өкпеден патологиялық өзгерістер табылса, онда басқа да ішкі ағзаларымен қоса бөліп алып, қосымша ветеринариялық зерттеуге жіберіледі. Ол үшін жылжыманың жанында арнайы үстел қойылады. Қажет болған жағдайда бактериологиялық зерттеулерден өткізіледі.

2) Аммиак және аммоний тұзын анықтау әдісінің мәні. Несслер әдісі еттегі аммиак пен аммоний тұздарының Несслер ерітіндісімен иодидті меркураммоний түзіліп, қосындының бұлыңғыр – сары түске боялуына негізделген. Қосынды жасыл сары түске боялып, не алғашқы қалпында қалса, не әлсіз бұлыңғыр болса, тұздалған ет сапалы деп саналады.Қосынды түсі сарыға боялып, не бұлыңғыр тартса, тұздалған еттің сапасы күмәнді деп есептеледі. Қосынды қою сары не қоңыр-сары түске боялып, үлпектер пайда болып тұнбаға түссе тұздалған еттің сапасы өте нашар деп бағаланады.

3) Жабайы құс және аңдардың сояр алдындағы жараларының мен өлгеннен кейінгі жараларынан айырмашылығы. Аң аулау кезінде кейде жарақат ұшада жануар өлгеннен кейін пайда болады. Сондықтан аулайтын құстар ұшасын ветеринариялық – санитариялық сараптау зертханасында тірі кезіндегі жарақатты, өлгеннен кейінгі жарақаттан ажырату керек.Жануарлардың тірі және өлгеннен кейінгі кезіндегі жараны ажыратудың маңызы жоғары. Атылған жер жарақаттары өзінің мөлшері және тереңдігі бойынша әртүрлі болады. Олар ататын қарудың калибріне, құрылысына, оғына, оның пішіні мен ұзындығына, сондай - аң ату кезіндегі ара қашықтыққа байланысты болады. Егерде ара қашықтық жақын болса онда оқ мөлшеріндей, ал алшақ ара қашықтықта ұсақ тесіктер болады. Жарақат тесігінің жанындағы ұлпалары зақымданады, бұны ветеринариялық – санитариялық сараптау кезінде ескеру керек.Тірі кезіндегі оқ тиген жарақатын негізгі көрсеткіші болып толықтай сыртқа қан кетумен сипатталады. Осы жағдайда жарақаттың жан жағы қанмен жамылған, қан ұйып қалған. Жарақаттың жан жағында қабыну үрдісі өршиді, қызару және ісіну түрінде болады. Тірі кездегі бас және мойын маңына оқ тиген жарқаттың қосымша белгілері: өкпеге, қарын және қарыншаларға қан құйылу байқалады (аспирация).Өлгеннен кейінгі жарада қан ағу болмайды. Шеттері боз, қан жамылғысы жоқ және әрең бірігеді. Жергілікті лимфа түйіндерінде қызару жоқ және ұлғаймайды. Агоналды кезеңде жарақаттанған оқ жарасы кезінде тек зақымданған жерде ғана қан ағу болады.
9-билет. 1) Базардағы құс етін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Союға және қайта өңдеуге арналған үй құсы, сонымен қатар базарда тірідей сату үшін, ветеринарлық қараудан өту міндетті. Союға немесе сатуға арналған құс инфекциялық, инвазиялық сонымен қатар жұқпалы емес аурулардан таза шаруашылықтан болу керек. Құстың әр партиясы, союға немесе сатылымға №1 ветеринарлық куәлікпен немесе ветеринарлық анықтамамен жіберіледі.Ауру етті союға немесе күмәнді ауру жұғатын құстардың тек кейбір түрлерін ғана кәсіпорындарда етті қайта өңдеуге рұқсат беріледі, ветеринарлық-санитарлық ережеге сәйкес азықтарды зиянсыздандырады. Құстардың ауру немесе оған күмәнді, сонымен қатар жұқпалы емес аурулармен базарда сатуға болмайды. Базарға немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарна ауру құстар және сойылғаннан алынған азықтарды шаруашылыққа қайтаруға тыйым салынады. Сою және құстарды қайта өңдеу келесі реттік технологиялық операциялардан тұрады:Сою алдында ветеринарлық қарау;Сою алдында аш ұстау;Сою және қансыздандыру;Союдан кейін еттерді және ағзаларын қарау; Еттерді қондылығы бойынша тауарлық түріне баға беру және өңдеу сапасы. 2)Қояндардың кокцидиозы, фасциолезі, цистицеркозы. Сойғаннан кейінгі диагностикасы.Ұшалары мен мүшелерінің санитариялық бағасы. Фасциолез – Fasciolaтуысына жататынтрематодтар тудыратын ауру. Сойғаннан кейінгі диагностнка. Бауырдың өт жолдары ұлғайған, оларды тілгенде жалпақ тоғышарлар - фасциолаларды табады, Инвазияның ауыр кезінде ұша түсі сарғыш тартады.Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитарнялық бағалау. Зақымдалған бауырды утилдейді, ал ушаны, егер өзгерістер болмаса. шектеусіз босатады. Май мен бұлшық еттің сарғайған түсі 48 сағат ішінде кетпесе, ұшаны ішкі мүшелермен коса утилдейді.Цистииеркоз - тұқымдасына жататын цестодтардын балаңқұрттары тудыратын ауру.Қоздырғышы:С. Ріsiformes - Т. Ріsiformes цестодасының балаңқұрты, ит, түлкі, мысық, шакалдардың (ақырғы иелері ішектерінде тоғышарлық етеді. Сойғаннан кейінгі диагностика. Басқа жануарлармен салыстырғанда қояндарда цистицерктер негізінде бауырда шоғырланады, бір. сірілі кабықтарында және бұлшық еттерде кездесуі мүмкін. Жетілген цистицерктер алмұрт тәрізді пішінді, үлкендігі бұршақ дәніндей, ішінде мөлдір сұйыққа толы болады. Мендеген инвазия кезінде гепатит, сары ауру, арықтау болуы мүмкін.Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау-Цистицерк-термен бұлшық еттер зақымдалса, онда ұша мен мүшелер" утилдейді. Кокцидоз. Сойылғаннан кейiнгi анықтау. Бауырмен iшекте көптеген ақ түстi түйiрлер, iрiмшiк тәрiздi, микроскоппен оцистi байқауға болады. Ұша қондылығы төменгi дәрежеде. Санитариялық бағалау. Зақымдалған дене мүшелерiн утилдейдi. Ал ұшасын шектеусiз жiбередi. Бұлшық еттерi, майы сарғыштау болып келедi.

3) Жабайы құс және жабайы андар етінің балаусалығын анықтау әдістері. Жабайы құс етінің балаусалығын анықтау, ол органолептикалық, химиялық, микроскопиялық зерттеулер арқылы жүргізіледі. Органолептикалық зерттеу әдісімен жабайы құс етінің сыртқы түрі, тұмсығының түрі және төс, ауыз қуысының кілегейлі қабығының, көз алмасының түрі мен түсі және тері асты, ішкі майлардың көрінісі, көкірек – құрсақ қуысының срлі қабығының күйі анықталады. Сонымен қатар, ет тілігінің жағдайы, оның консистенциясы және иісі, сорпаның мөлдірлігі мен хош иісі анықталады. Химиялық зерттеу әдістері. Аммиак және аммоний тұздары, пероксидаза реакциясы, ұшпа май қышқылдарының мөлшерін анықтау, формалин реакциясы, асқын тотығы санын және жалпы қышқылдылықты анықтау, Несслер ерітіндісімен аммиакты анықтау. Ұшпа май қышқылдарының мөлшерін анықтау (ҰМҚ). Бұл әдіс етті сақтау кезінде жинақталған ұшпа май қышқылдарын бөліп алуға және олардың мөлшерін калийдің тотығымен дистилятты титрлеу арқылы анықтауға арналған. ҰМҚ –ын анықтау үшін арнайы аспаптар құрастырылады. Ұшпа май қышқылдарының мөлшерін анықтау аса семіз құс етіне жүргізілмейді. Жас еттегі ҰМҚ –ның мөлшері 4 мл -ге дейін болуы керек. Күмәнді етті 4,5 - 9 мл - ге дейін. Ескі етте одан да жоғары болады. Микроскопиялық әдіс. Грам әдісі бойынша жүргізіледі. Зерттеуге арналған еттің сыртқы бетін спиртовкада күйдіріп, стерилденген қайшымен мөлшері 2,0 х 5 х 2,5 см кесек ет кесіп алады да, төсеніш шыныға жұғын - таңба салады. Прерпараттарды ауада кептіреді, жалынға ұстап бекітеді, Грам әдісі бойынша бояйды да, микроскоп арқылы зерттейді. Егер жұғын - таңбада ешқандай микрофлора болмаса немесе препараттың көру аймағында бір - екі коккилер мен таяқшалар (10 шақты) болса және бұлшық ет ұлпаларының ыдыраған ізі байқалмаса, ет жас деп есептелңнеді. Егер жұғын-таңбадан 30-ға дейін микробтар табылса және бұлшық ет ұлпалардың ыдырау іздері байқалса, онда ет жас екендігіне күдік туындайды.

10-билет. 1) Құс етін өңдеу өнеркәсіптеріне қойылатын ветеринариялық ережелер мен талаптар.

Құстарды қабылдаумен, мамық қауырсын шикізатын бастапқы өңдеумен, лас ыдысты жуумен байланысты технологиялық үдерістер жеке үй-жайларда немесе алаңдарда жүргізіледі.Объектіде осы Санитариялық қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес функционалды оқшауланған учаскелер мен бөлімшелер бөлінеді.Құстың әрбір партиясымен ветеринариялық ілеспе құжаттары қоса жүреді.Құстың тұтас етінің қанын сорғытуды цехта оның шашырауын және жұмыс үдерісі кезінде науаларда жиналуын болдырмайтын, туннельдерде немесе жабық учаскелерде жүргізіледі.


Құстың қауырсындарын алған кезде машиналар қоршалады, қауырсын жинауға және өңдеуге беруге арналған науалар торлармен жабдықталады.Құстың тұтас еттеріне және қауырсын алатын машиналардың жұмыс органдарына құстан қауырсын алу кезінде +45 - +500С температурадағы су үздіксіз берілуі тиіс.
Бастапқы өңдеу, ішек-қарнын ақтару, салқындату конвейерінің аспасынан құстың тұтас еттерін лақтыру орындарындағы ленталы транспортерде немесе үстелдерде, қаптау және сорттау учаскесінде тұтас еттің еденге түсуін болдырмайтын қоршаулар немесе құралдар орнатылады.
Құстың тұтас етін өңдеу үшін құрамында ауыз суға арналған талаптардан асатын шоғырланудағы хлоры бар ерітінділерді қолдануға жол берілмейді. Қапталған құстың тұтас етінің тоңазытқышқа жіберілгенге дейін цехта болу уақыты 30 мин аспауы тиіс.Тоңазыту камераларында тұтас ет салынған жәшіктерді табандықтарға орналастырады, 0 - +20С температурада 5 тәуліктен асырмай сақтайды.Ішек-қарынды алдын ала тазартпай және ішін жумай сақтауға жол берілмейді. Санитарлық қасапханаларда сойылған құстардың барлық азықтарын
қайнатылған, қуырылған немесе қыздырып пісіру арқылы зиянсыздандырады.
Санитарлық қасапхананы күнделікті құстарды сойып болған соң келесі
ерітінділердің біреуі бойынша дезинфекциялайды: хлорлы жою, гипохлорит кальцийінің негізгі тұзымен, 3% кем емес хлор белсендісінен тұратын, немесе 3% күйдірілген натрий ерітіндісімен (PO-SOTC), немесе 4% «Демп» пайдаланылады.

2.Балаусалығы әр түрлі дәрежедегі құс етінің микроскопиялық көрсеткіштері.Еттің жас екендігін анықтау үшін органолептикалық (МЕМ СТ 7269 -54), химиялық және микроскопиялық әдістер (МЕМ СТ 23392 -78) қолданылады.Микроскопиялық әдіс. Зерттеуге алынған еттің сыртқы бетін спиртовкада күйдіріп, стерилденген қайшымен мөлшері 2,0 х 5 х 2,5 см кесіп алады да, төсеніш шыныға жұғын таңба салады. Препаратты ауада кептіреді, жалынға ұстап бекітеді. Грам әдісі бойынша бояйды да, микроскоп арқылы зерттейді.Егерде жұғынды да ешқандай микрофлоралар болмаса немесе препараттың көру аймағында 1 – 2 коккалар мен таяқшалар ( 10 шақты) болса және бұлшық ет ұлпаларының ыдыраған ізі байқалмаса ет жас не балауса ет деп есептелінеді. Жұғынды да 30 – ға дейін микрофлоралар табылса, бұлшық ет ұлпаларының ыдыраған ізі байқалса ет жас екендігіне күмәнді ет саналады. Жұғын таңбада 30-дан астам микрофлоралар болып, бұлшық ет ұлпаларының толықтанып, ет талшықтары бір – бірінен мүлдем ажыратылмаса онда мұндай ет бұзылған деп есептеледі.

3) Қояндардың жүқпалы емес ауруларында (флегмона, арықтау, абцесс, ірінді жаралар) ұшалары мен ішкі мүшелерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Арықтау (жүдеу). Арықтау кезінде бұлшық ет ұлпасының дегенеративтік өзгерістері, бұлшық ет семуі және май жиналатын жерлерде іркілдек ісіктер байқалады.Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Арықтаудың себебіне қарамастан ұшаларды және мүшелерді утилдейді.Абсцесстер, флегмоналар, іріңді жаралар. Абсцесстер тері асты клетчаткасында, бұлшық еттерде, лимфа түйіндерінде, ішкі мүшелерде шоғырлануы мүмкін. Абсцесстер табылған жағдайда сарапшы оған жақын жатқан ұлпалар мен лимфа түйіндерін зерттейді. Бірен - саран бітеу жаралар табылған жағдайда, оларға жақын жатқан ұлпалар мен лимфа түйіндерінде өзгерістер болмаса, бұл етте іріңдетуші микрофлораның жоқ екенін көрсетеді. Іріңді ошақтар бауырда табылса, іріңдетуші микрофлораның қақпа венасы арқылы ішектен келгенін көрсетеді, бұл жағдайды жалпы септицемия ретінде қарауға болады.Флегмона - бұл жайылып, тарауға бейім қауіпті үрдіс, бұнда іріңдетуші бактериялар зақымдалған жерлерден әртүрлі мүшелер мен ұлпаларға тез тарайды. Іріңді үрдіспен асқынған жаралар - іріңдетуші микрофлораның көбею(таралу) көрсеткіші болып табылады.Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Бірен-саран бітеу жаралар және жаралар кезінде, егер олардың мөлшері үлкен болмаса, оларды қоршап жатқан ұлпаларда домбығу болмаса және лимфа түйіндері өзгерістерге ұшырамаса, зақымданған бөліктер мен ағзаларды жарамсыздыққа жатқызып, ұшаны шектеусіз босатады.Көптеген бітеу жаралар жеке мүшелерде табылса немесе бірен-саран бітеу жаралар мен аймақтық лимфа түйіндерінің өзгерістері және жайылған флегмоналар табылса, зақымдалған мүшелерді немесе ұлпаларды жарамсыздыққа шығарады, ал етті бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты қолданады. Бауырдың бітеу жарасында бүкіл бауырды жарамсыздыққа шығарады, ал етті бактериологиялық әдіспен зерттейді. Бітеу жаралар лимфа түйіндерінде және бұлшық еттерде табылса, ұшаны техникалық утилизацияға жібереді.
11- билет. 1)Үйрек обасының негізгі патанатомиялық белгілері. Сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы. Үйректердің обасы (вирусты энтерит) - герпесвирус тудыратын, суда жүзетін құстардың жұқпалы ауруы. Жіті немесе жітіден төмен өтеді, өлім-жітім 90-100% болады.. Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ауруға күмәнді құстардың ұшасын, ішкі мүшелерін және басқа да сойын өнімдерін қайнатқаннан кейін тағамдық мақсатта қолданады. Патологиялық өзгерістері бар ұшаларды ішкі мүшелерімен қоса утилдейді.Жүн мен мамықтың 1,5% формалдегид немесе 0,5% күйдіргіш натрий қосылған ерітіндіде 1,5 сағат дезинфекциялайды да өңдеуші кәсіпорындарға жібереді.Аурудан таза емес топ үйректерінен алынған жұмыртқаларды шаруашылықтын шығармай қайнатады, артынан зарарсыздандырып тағамдық мақсатта қолданады.

2. Жабайы андар (ұшалар) етінің балаусалығын анықтау әдістері.Сапаның органолептикалық бағасы және құс етінің балғындылық сатысын МемСТ 7269-79 және МемТ Р 51944-2002 бойынша жүргізеді. Аңшылық жабайы құстарды ветеринарлық-санитарлық сараптау кезінде олардың балғындығына назар аудару қажет. Қауырсынды жабайы құстың етін органолептикалық, химиялық әдістер арқылы сорпада мыс сульфатың, ұшатын май қышқылдарын және рН анықтайды. Қауырсынды жабайы құстың балғындық сатысын анықтау барысында қатпаршақ аймағына, қарнына, қанат астына, еттің ерте бұзылу жерлеріне назар аударылады. Бұзылған ет сұр, сұр-жасыл түсті болады, шағымсыз шірік иісі шығады, босаңсыйды. Бұзылған еттер әдетте дұрыс қатырылмаған болады. Бұзылу анықталмаған жағдайда етті кесіп алып қайнатады және сапасын анықтайды. Барлық инфекциялық және басқа ауруларға күмәнді жағдайларда, еттердің үлгілерін зертханаларға зерттеуге жібереді және ветеринарлық санитарлық бағасын беріп қорытындылайды. Балғын еттерде көздерін толықтай орбита сәулесі толтырады, тұмсығы құрғақ, жылтыр, қанаттары теріде жақсы ұсталады, ішек қабаттары мықты, көкшандыры ылғалды. Бұлшықеттері қызғылт, қызыл немесе күңгірт-қызыл түсті, бірақ консистенциясы міндетті түрде тығыз, майы ақ немесе кішкене сарғыштау. Еттің сорпасы ақ немесе кішкене сарғыштау, ерекше иісті. Ұшатын май қышқылдары қауырсынды жабайы құс еттерінде 16 мг дейін. 3) Сазқұндыздарды союға қабылдау ережелері. Саз құндыздарды сойюға қабылдау.Саз құндыздың еті және басқа да сойыс өнімдері ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өту міндетті.Сойыс жануарлардың иесі сойыс пунктіндегі тауартанушы мен қабылдаушыға куәлік пен әкелінген аңдардың саны көрсетілген құжаттарды көрсетіп, жануарларға ветеринариялық тексеру жургізіледі.Ал ауруға күдік туған жағдайда таңдаулы термометрия жүргізіледі (норма 36,8-38,1*С).Сояр алдындағы ұстау 12 сағат.Ауру саз құндыздарды мал дәрігердің шешімімен сау саз құндыздардан бөлек жерде сойылады. Союға тек сау сазқұндыздарына рұқсат беріледі. Сою арнаулы құрылғылармен жабдықталған, жақсы жарықтанған, оңай жуылып – тазаланатын орындарда жүргізіледі. Ветернариялық – санитариялық тексеруге ұша толықтай, бассыз, құйрықсыз, терісіз жіберіледі. Сонымен қатар, қосымша ішкі ағзалар – жүрек, бауыр, көк ет, бүйректер тексеріледі.
12-билет. 1)Құс өнімдерінің несепқышқылды диатезі. Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.

2)Ет өнеркәсібінде қояндарды сойысқа қабылдау ережелері. Сойысқа түскен қояндар ветеринариялық-санитариялық тексеріске түседі.Сойысқа түсер алдында, ветеринариялық тексеру, сою және қояндарды өңдеу кезінде және арнайы цех болмаған жағдайда, 2.1.1 актісіне сай ветеринариялық дәрігерге жеке жұмыс орын, және құрал-жабдықтары бар жеке бөлме берілуі қажет.Сойысқа түсер алдында, қояндарды ауру немесе жұқпалы, жұқпалы емес аурулары күманді болған жағдайда, олар сау малдан жеке сойысқа түседі (геморрагиялық аурудан басқасы).Қоянды сойып біткеннен кейін, тексеруге қоянның ішкі мүшелері (өкпе,жүрек, бауыр, көкбауыр, ішектер), бас бұлшықеті (цистицеркозға тексеріледі) және ұшасы түседі.Қояндарды өңдеу ерекшеліктері.Қояндарды қабылдау және тексеру басқа сойыс малдары сияқты өтеді. Қояндардың ішінен жұқпалы немесе жұқпалы емес аурулр анықталса оларды санитарлық комераларда сояды. Ондай комералар болмаса сау малдарды сойғаннан кейін жалпы цехта сояды. тулеремияға, Миксотамозға және геморагиялық ауруларға күдікті немесе осылармен ауырса союға босатылмайды. Сау қояндарды сойыс алдындағы ұстау бөлмелеріне қояды. Сояр алдында 12сағат аш қояды, суды 2-3сағат бұрын доғарады. Сояр алдында терілерін кірлерден тазартады.

3)Сазқұндыздын жүқпалы емес ауруларында (жарақатану, арықтау, абцесс, ірінді жаралар, флегмона) ұшалары мен ішкі мүшелерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Арықтау. Ұшаларды және мүшелерді себебіне қарамастан, арық болса утилизациялайды. Жарақатпен (травма) зақымданулар. Олар тасымалдау ережелерін дұрыс сақтамағанда, төбелес кезінде болады. Сонымен қатар, жараларын, қанды ісіктерін, терісі сыдырылған, сынған жерлерін тіркейді.Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау Асқынған жағдайда іріңдеп кеткен болса, шешімді бактериологиялық зерттеудің қорытындысы негізінде анықтайды, ал егер бұндай зерттеулерді жүргізу мүмкіндігі болмаса, ұшаларды және ішкі органдарды утилизациялайды.

Іріңді ісік (флегмона), бітеу жара (абсцесс), іріңді үрдістер. Іріңді ісіктерді бұлшық еттерде, лимфа түйіндерінде, тері асты клетчаткасында, ішкі органдарда кездестіреді. Ветеринариялық-санитариялық сараптаушы лимфа түйіндерін және жақын жатқан ұлпаларды тексереді. Бірлі-жарым іріңді ісік шықса, ал тексергенде ешқандай өзгерістер болмаса, онда етте іріңді микрофлора жоқ екендігін білдіреді. Бауырда іріңді ошақтардың болуы, ішектен қақпалы вена арқылы іріңді микроорганизмдердің кіргенінің белгісі. Ол жалпы қағыну (септикалық) құбылысы ретінде қаралады. Бітеу жара (абсцесс) – басқаларына қарағанда қауіпті үрдіс, себебі ол ішкі органдарға және ағзаларға таралуына себеп болады. Іріңді үрдіспен асқынған жаралар іріңді микроорганизмдердің көбейгенін көрсетеді. Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау. Шағын көлемді бірлі-жарым іріңді ісіктерде және жараларда лимфа түйіндерін және маңындағы ұлпаларды жарамсыздыққа жатқызады және зақымдалған жерлерін, мүшелерді утилизациялайды, ал ұшаларды шектеусіз босата береді. Егер бөлек органдарда көптеген іріңді ісіктер немесе лимфа түйіндерінің маңында бірлі-жарым іріңді ісіктер, немесе үлкен көлемді іріңді ісіктер табылса, онда зақымдалған ағзаларды утилизациялайды, ал етті бактериологиялық зерттеудің қорытындысына байланысты қолданады. Бауырдың іріңді ісігінде барлық ағзаларды жарамсыздыққа жатқызады, ал етті бактериологиялық жолмен тексереді. Лимфа түйіндерде және бұлшық еттерде іріңді ісіктер табылса, ұшаларды утилдейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет