1- кәсіпкерлік-ойлау психологиясы


Ағынды күй Енді әрбір кәсіпкер өз командасын жинауы керек. Мұны қалай істеу керек? Сізге ағынды күй



бет10/10
Дата22.09.2023
өлшемі36,1 Kb.
#182002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекц 1 каз
неология СРСП, ҚАШЫҚТЫНТАН ОҚЫТУ (1) (копия)
Ағынды күй
Енді әрбір кәсіпкер өз командасын жинауы керек. Мұны қалай істеу керек? Сізге ағынды күй сияқты әдісті пайдалануды ұсынамыз. Ағынды күйдің сипаттамасын түсіндіру үшін сіз өзіңіздің қандай да бір іспен, оқу болсын, не басқа іс болсын толықайналысып жүрген шағыңызды есіңізге түсіруіңіз керек.Сіздің ол іске кірісіп кеткеніңіз сонша, тіпті айналаңыздағы уақиғаларға назар аудармаған, есесіне жұмысыңыз табысты жүріп жатқан сәттерді еске алыңыз.Әрине, сіз осындай жағдайды бастан кешкен шығарсыз жәнеөзіңіздің осынша қысқа мерзім ішінде осыншалықты істі атқара алғаныңызға – алынған нәтижелеріңізге қатты қуанған шығарсыз.
Дәл осы күй психологияда ағынды күй деп аталады. Оның басты сипаттамалары – жұмысқа қабілеттілік жоғары, өз қызметіне толық көңіл бөлу, ағымдағы іс шеңберіндегі белсенділік тым жоғары. Оған қоса, адам ағынды күй кезінде оң ойлайды, өз-өзіне және өз күшіне сенімді болады.Осының бәрі біздің тіпті күрделі міндеттерді оңай орындауымызға, оларды шешудің ерекше тәсілдерін табуымызға және жалпы ерекше тиімділік көрсетуімізге әкеледі.
Ағынды күйге түсу құпиясы – таңдап алынған міндет үшін қажетті стимул мөлшерін алу. Стимулдар ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін. Қажетті стимулдар саны адамға және оның таңдаған міндетіне байланысты. Стимулдар саны төмен болса, сіз енжарлық, шаршау, көңілсіздік, мотивацияның жоқтығын сезінесіз. Стимулдардың саны тым көп болса, сіз шыдамсыз, күйгелек, ызақор және абыржулы боласыз. Қалай болғанда да сіз үздік нәтиже шығармайсыз және қызығушылығыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет