1- кәсіпкерлік-ойлау психологиясы


SmartSatu В2В платформасы



бет5/10
Дата22.09.2023
өлшемі36,1 Kb.
#182002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекц 1 каз
неология СРСП, ҚАШЫҚТЫНТАН ОҚЫТУ (1) (копия)
SmartSatu В2В платформасы өзара тәуелді кәсіпкерлікті біріктіреді: азық-түлік дүкендері, тауар өндірушілер мен жеткізушілері. Өнім жеткізушілер тауарларды жариялайды, ал сауда орындары өнімді таңдап, тапсырыс береді. Тапсырыстар тәулігіне 24 сағат онлайн қабылданады, яғни дүкен өнім жеткізуші компаниялардың жұмыс режиміне тәуелді болмайды. Осылайша өтінімдер тез өңделеді, ал өнімді есепке алу электронды түрде қалыптасып келе жатыр. Стартап негізгі өнім өндірушілермен әрекеттестік жасайды және Seedstars CEE халықаралық конкурсында 1-ші орынға ие болды.
В2В-SmartPay сервисі – бөлшек сауда дүкендерінде қолма-қол қаражатсыз төлеуге арналған шағын терминалдар. Сатып алу үшін дүкен деректемелері бар QR-кодты сканерлеу, банк бетіне өтіп, төлем картасының мәліметтерін енгізу қажет. Технология тұрақты және мобильді төлем құрылғыларынан әлдеқайда арзан: бағасы 9900 теңгеден басталады. Қарапайым POS-терминал 95 000 теңге тұрады. Төмен баға мен қолжетімді технологияның негізінде тіпті шағын аулалық дүкендер қолма-қол қаражатсыз төлем қабылдай алады. Терминал ұялы байланыс ұстайтын барлық жерде жұмыс істейді.
«Қазақтелеком» АҚ ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін B2B, B2C, B2G секторларында жұмыс істейді. «Қазақтелеком» талшықты-оптикалық желілерді салады, оларға мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды қосады және келісілген сапалық сипаттамалары бар қызметтерді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде мемлекет ұсынылатын қызметтерді бекітілген тарифтер бойынша қаржыландырады. Бұл жобаның идеясы: мемлекеттік тапсырыс беруші құрылыстың өзін инвестицияламайды, ол қызметтерді кейіннен тұтынуға және олардың төлеміне кепілдік береді.
Кәсіпкерліктің мәні
Енді сіз кәсіпкерлік сан түрлі болуы мүмкін екенін білсеңіз, сабақтың басталуына оралайық және кәсіпкерліктің мемлекеттің дамуы үшін неге маңызды екендігі туралы ойланып көрейік.
Біз сіздермен кәсіпкерлік – бұл тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын игіліктерді өндіру немесе қайта бөлу екенін айттық. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет есебінен қоғамның байып жатқаны анық, тұтынушылар жаңа тауарлар мен қызметтерге қол жеткізе алады, кірістер мен шығыстарға байланысты неғұрлым сапалы немесе арзан тауарларды таңдай алады. Кәсіпкерлік бәсекелестіктің болуына немесе болмауына әсер етеді. Бір өнімді өндіретін бәсекеге қабілетті фирмалар неғұрлым көп болса, оның деңгейі соғұрлым жоғары, демек, тұтынушы алдында үлкен таңдау тұр.
Кәсіпкерліктің көмегімен елдегі жұмыс орындарының саны өсуде, соның салдарынан жұмыссыздық азаюда.Сондай-ақ біз кәсіпкерліктің инновациялық қызметі туралы айта аламыз. Кәсіпкерліктің көмегімен және оның бәсекелестікке ықпал етуі нәтижесінде, экологияға зиянсыз, жұмысты жылдам немесе сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар пайда болады.Кәсіпкерлік елдің өзіне әлемдік деңгейге шығуға және басқа елдерден асып түспеседе, кем дегенде сол деңгейде болуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлігі дамыған мемлекет елдегі артылған өнімді шығарып, оны сатуға жібере отырып, өндірістік-өткізу рөлін атқара алады. Осылайша, елдің табысы, оның әлемдік нарықтағы мәртебесі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет