№1 Алматы қазақ мемлекеттік



Дата04.11.2023
өлшемі14,81 Kb.
#189684
түріСабақ
Байланысты:
мінездеме 182 (копия)
Оқуға құштар жоспары (1), Оқуға құштар жоспары , Yellow & Black Modern Company Profile Presentation 2, СӨЖ1 Елеусіз М. Т., РЕФЕРАТ367, 003 лекция

№1 Алматы қазақ мемлекеттік 
гуманитарлық-педагогтік колледжінің 
шетел тілі мұғалімі мамандығының
31ш топ студенті
Нұрқайдар Арайға
Мінездеме 
Нұрқайдар Арай №182 жалпы білім беретін мектептің 4«а,ә,в,д,з,и,к,л» сыныптарында 09.10.2023-28.10.2023 аралығында Аружан Саматқызының бақылауымен байқау itпрактикасынан өтті. Практика барысында Арай өзіне тапсырылған жұмыстарды мұқияттылықпен орындады. Мінезі ашық, сабаққа кіргенде көтеріңкі көңіл күймен болып, оқушылармен тез тіл табысып кетті. Сабақ өту барысында жаңашылдық көрсете білді. Үй тапсырмаларын сұрауда және тапсырма орындату барысында “wordwall”; “cІassroom”: сияқты платформаларды тиімді қолданып, «Ыстық орындық», «Музыкалық круг» атты жаңаша әдістер арқылы оқушылардың сөздік деңгейлерін ойын арқылы тексеріп, әр оқушымен қарым-қатынас жасауда өз шеберлігін көрсете алды. Әр сабақта жаңа сөздер мен мәтіндерді видео және презентация арқылы таныстырып отырды. Арайдың сабақта дауыс дикциясымен, сөз саптауы жоғары деңгейде болды. Оқушыларға сабақ түсіндіргенде әр оқушымен жеке жұмыс жасап, сабаққа белсенділігі төмен оқушылармен кері байланыс орната білді. 
Арай мектеп қабырғасында өзінің белсенділігі мен жаңашылдығын көрсете алды. Сабақта пайдаланған әртүрлі әдістері оқушылардың сабаққа қызығушылықтары мен тақырыпты түсінуге деген ынталарын арттыра түсті. Арай мектепте өзінің педогогикалық шеберлігі мен колледж қабырғасында алған теориялық білімін практика жүзінде шындай білді.

​ №182 жалпы білім беретін мектеп директоры:___________Нұрғазы А.Б


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:____________Меңғали М.Т


Тәрбие жетекшісі: ____________Тлесқали А.С

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет