Тақырыбы: Жер шарының су ресурстары таралуы. Өзен және өзен алабының морфологиясы мен морфометриясы. Өзен және өзендер жүйесі



Дата19.10.2023
өлшемі34,7 Kb.
#186624
Байланысты:
СӨЖ1 Елеусіз М. Т.
Оқуға құштар жоспары (1), Оқуға құштар жоспары , Yellow & Black Modern Company Profile Presentation 2, мінездеме 182 (копия), РЕФЕРАТ367, 003 лекция

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География,жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
СӨЖ-1
Тақырыбы: Жер шарының су ресурстары таралуы. Өзен және өзен алабының морфологиясы мен морфометриясы. Өзен және өзендер жүйесі.
Орындаған: Елеусіз М. Т.
Қабылдаған: Дауталиева М. Е.

Алматы-2023


Мазмұны:
Кіріспе...............................................................................................................3
1. ЖЕР ШАРЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ...............4
1.1. Су қоры және оның маңызы...........................................................5
1.2. Су қорының ластануы.....................................................................7
2. ӨЗЕН ЖӘНЕ ӨЗЕН АЛАБЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ МЕН МОРФОМЕТРИЯСЫ.......................................................................................8
2.1. Өзен алабы және оның морфологиясы...........................................8
2.2. Өзен және өзендер жүйесі................................................................10
Қорытынды.........................................................................................................12
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................13

Кіріспе
Жұмыстың мақсаты жалпы су ресурстарын анықтап, олардың таралуын талдау. Жалпы су ресурстарының жағдайы әлемдің су қорының дұрыс пайдаланылуына тікелей қатысты. Су ресурстарының маңызына тоқталып өтетін боламыз.


Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді. Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар.

1. ЖЕР ШАРЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ


Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн.км3-ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-тең, тұщы көлдердегі су- 91 мың км3. Жер асты тұщы суларының қоры 10,5 млн км3 мөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры -3,5 млн км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53%-ін құрайды.Егер біз тұщы судың негізгі массасы мұздықтарда жиналғанын есте ұстасақ, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі шұғыл кемиді және шамамен гидросфераның 0,80% бөлігін құрайды. Жер шарының әртүрлі аймақтарының сумен қамтамасыз етілу көрсеткіштері ондағы орналасқан халықтың санымен және табиғи қорларының орналасуымен, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қажеттілігімен әркез санаса бермейді. Еуропа мен Азияда әлем халықтарының 77%-ы орналасқан, ал осы аумаққа жылма-жыл айналымға түсетін тұщы су қорларының тек 33%-ы ғана тиесілі. Егер біз тек жылма-жыл айналымға түсетін өзен, көл және бөгендердің ғана суларын есепке алатын болсақ, онда Жер бетіндегі әрбір адамға орташа есеппен жылына 11,6 мың м3 су тиесілі болған болар еді. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді. Олардың коры бүкіл гидросферадағы судың тек 1 проценті ғана. Гидросферадағы су қорлары төмендегі мөлшерде бөлінген. Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы кендер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өндірістері үшін қажетті шикізаттар қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға әбден болады.


Жер асты суының қоры – жер асты суларының көп жылдар бойы шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын, үздіксіз жиналып, толығып отыратын мөлшері. Ол табиғи қор, табиғи ресурс, пайдалану қоры болып бөлінеді. Табиғи қор – геологиялық мерзімде немесе көп жылдар бойы сулы қабаттарда, гидрогеологиялық құрылымдарда жиналған су мөлшері. Табиғи ресурс – жауын-шашынның, өзен суларының жер бетінен оның астына әр мезгілде әр түрлі мөлшерде сіңуіне, Жер бетінің көп жылдық мерзімде ылғалдану режиміне сәйкес жер асты суының толығып отыратын бөлігі. Жер асты суының пайдалану қоры – аумағы белгілі сулы қабаттардан белгілі бір уақыт бойы, техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімді түрде арнаулы су қабылдағыштар арқылы тәулігіне алынатын судың мөлшері. Олар халық шаруашылығындағы маңыздылығына, экономикалық тиімділігіне байланысты баланстағы және баланстан тыс қорлар болып 2 топқа бөлінеді. Зерттеліп барланғаннан кейін жоғары сапалы жер асты су қоры мемлекеттік балансқа алынады. Балансқа алынған су қорын пайдалану экономикалық жағынан тиімді болады.

1.1. Су қоры. Су қорының ластануы.


Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%-ін су алып жатыр. Су қорларына - мұхиттар, теңіздер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% -ін, ал оттегінің 50%-ін мұхиттар мен теңіздер береді. Су қоры - халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз, өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына жетпейді екен. Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3 жетті. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, 20-ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. Мұхиттағы су гидросфераның барлық массаның 97% құрайды және Жер планетасы бетінің ауданының 75% аса бөлігін алады. Биосфера тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндірісін қамтамасыз ететін толып жатқан химиялық реакциялар жүреді.


Су кез келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандері мен жасушаларының құрамына кіреді және ағзадағы өте күрделі реакциялар тек қана сумен жүре алады. Жер шарындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады. Мұхиттардың судың бес жүз метрлік қабаты ондағы планктонның сүзгіш аппараты арқылы 40 күн ішінде сүзіліп өтсе, бір жыл ішінде мұхиттағы бүкіл су планктон арқылы тазарып отырады.
Теңіз суындағы еріген тұздардың концентрациясы 3,5% болса, химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99,5% - натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобольт, т.б. иондардың үлесіне тиеді. Су-элемінің ең улкен байлығы, бірақ біздің платенамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана барлық су ресурстарының 3% ғана Судың химиялық құрамынының түрліше болуы себепті оларды минералдану дәрежесіне байланысты төмендегіше классификациялауға болады:

  • Тұщы су: 1 г/л дейін;

  • Тұздылау: 1-25 г/л дейін;

  • Тұзды: 26-50 г/л дейін;

  • Ащы: 50 г/л-ден асады.

Қазіргі танда элемнің көптеген елдерінде тұщы судың дефициті байқалып отыр. Жер шарында судың әртүрлі мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150 км³, ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км³ алынады. Тұщы судың жетіспеушілігі гумидт деп аталатын ылғал климатты аймақтарда байқалуда. АҚШ бірқатар штаттарында Канадада, оңтүстік Американың, Азияның, Африканың тропиктік аймақтарында су ресурстары мол болғанымен, олардың ластану салдарынан «судың жетіспеушілігі» байқалуда. Қазір әлемде 800-ден аса су тазартатын станциялары жұмыс істейді, олар күн сайын, 1,7 млн м³ тұщы су алады, оның 90 % IH ауыз суы ретінде колданылады. Біздің елімізде Атырау қаласы осындай суды пайданылады. Тұщы сулар 150-200 м тереңдікте орналасады да, тереңдеген сайын түздана береді. Қазіргі кезде адамзат қоғамында бір жылда тұщы судың 3000 м³ шамасындайы жұмсалады. Судың ең пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл көп шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңінде 1500 тонна, 1 тонна күрішке 7000 тонна, 10000 тонна су жұмсалады.

1.2. Су қорының ластануы


Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:



  • биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді;

  • химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын заттар; бүлдіретіндер;

  • физикалык ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, судың ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

  • тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

  • өнер орындары;

  • ауыл аралығын химияландыру:

  • халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Латын Америкасында судың ластануының күрделі проблемалары бар, олардың көпшілігі тазартылмаған қалалық және өндірістік сарқынды сулар мен тау-кен жұмыстарынан туындайды.
Мексикада елдің солтүстігі, негізінен, ауыр металдардың әсерінен судың ең жоғары ластануы бар аймақтардың бірі болып табылады. Бұл салада ластану көздері қалалық, өндірістік, тау-кен және ауылшаруашылық ағынды сулар болып табылады.
Колумбияда судың ластануы негізінен қалалық ағынды сулардан және ауылшаруашылық жұмыстарынан туындайды. Бұл Богота мен Меделлин сияқты кейбір өзендердің биологиялық өлі болып саналуына әкелді.

2. ӨЗЕН ЖӘНЕ ӨЗЕН АЛАБЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ МЕН МОРФОМЕТРИЯСЫ


2.1. Өзен алабы және оның морфологиясы.


Өзен алабы — жер беті және жер асты арқылы (топырақ және тау жыныстар қабаттары арқылы) жалпы су ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын, өзенге су жиналатын жер бетінің белгілі бір аймағы. Өзен алабы:



  • ағынды;

  • тұйық.

Кейде «су жиналатын алап»деп те аталады. Әрбір өзен алабы жер беті және жер асты (топырақ, таужыныстар қабаттары) арқылы су жиналатын алаптарға бөлінеді. Әрбір өзеннің су жиналу алабы басқа өзеннен суайырық арқылы бөлінеді. Өзен алабы өзінің ауданы, биіктік белдемі мен таралуы, орташа биіктігі, ені, еңістігі арқылы сипатталады. Өзен алабы ағынды және тұйық болып ажыратылады. Басқа өзен жүйесімен, мұхиттармен байланыспайтын өзен алабы тұйық алапқа жатады (Каспий, Арал теңіздеріне құятын өзендер). Өзен алабының пішіні, мөлшері, географиялық орны, жер бедері геологиялық құрылысына байланысты әр түрлі болып келеді. Ең ірі өзен алабы Оңтүстік Америкадағы Амазон алабы (ауданы 7,2 млн. км²). Қазақстандағы ірі өзендердің өзен алабының ауданы Ертісте 1643 мың км², Сырдарияда – 462 мың км², Жайықта – 237 мың км², Іле өзенінде 140 мың км².
Өзен алаптары әдетте бір-бірінен мөлшерімен және сұлбасымен ерекшелен Өзен алабының морфометриялық сипаттамалары топографиялық карталардан анықталады. Өзен алабының негізгі сипатына, оның жер беті су жинау кеңістігінің ауданы Ғ (км²) болып осы жердін, шектеуші жактан алабының ауданы дейінгі, суайрықпен шектелген көлбеу проекциясының ауданы есептеледі. Ол планиметрдің немесе палетканың көмегімен ірі масштабы картадан, алдын-ала супирық жарасың жүргізген соң аныкталады. Алабының ауданыны еріне байланысты өзендер шартты түрде ірі, орташа және кіші болылінеді. Ірі өзендердің қатарына ауданы 50000 км²-ден үлкен жазықтық өзендері жатады. Орташа өзендердің қатарына ауданы 2000-нан 50000 км² дейінгі өзендер жатады. Кіші өзендер өзендер жатады.
Өзен өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды суш немесе ағып жатқан тұщы судың жолы. Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немеселен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылдьақанда оған өзгеде Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады Фендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да колоды. Шөлді аймақтардың диқандары егіндіктерін Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте кунар жақын маны өзендерден арық тартып суарады. Өзендерде, сондай-ақ, электр куа аріледі. Өнеркәсіп жаңадан дами бастаған өткен ғасырларда, диірмендер, ұста дүкендері мен зауыттар ағысы қатты өзендердің жағасына орналасатын. Адам су екпінінің атын түрлі механизімдерді жұмыс істетуге қолданды. Өзендердің көлемі мен түрі эркалай. Бірақ олардың бәріне ортак - өзен атаулының бәрі биік жерден басталады. Өзен суының тасуы да табиғи жайт

2.2. Өзен және өзендер жүйесі


Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су[1] немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.


Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.
Өзен жүйесі – суы бір-біріне қосылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын негізгі өзен мен оның салаларының жиынтығы. Өзенге тікелей құятын негізгі бірінші қатардағы сала, өз кезегінде оның саласы екінші қатардағы сала деп аталады. Өзен жүйесі – гидрография желісінің бір бөлігі. Мысалы, Объ өзені Ертіс, Есіл, Тобыл, т.б. салаларымен бірге ірі өзен жүйесін құрайды.
Өзен жүйесі:

  • Арна - өзен суы ағып жатқан ойпат.

  • Қайнар көзі - өзеннің бастауы. Бұл бұлақ, еріген мұздық, кез келген басқа су қоймасы немесе екі ағынның қосылуы болуы мүмкін.

  • Өзен сағасы - өзеннің аяқталатын жері, ол теңізге, мұхитқа немесе басқа су ағынына құяды.

  • Өзен жүйесі тек өзеннің өзі емес, оның салалары да болып табылады.

  • Өзен бассейні - барлық су жиналатын белгілі бір аумақ. Барлық бассейндер су айрықтарымен бөлінген, олардың рөлін биіктік атқарады.

Өзеннің негізгі бөліктері – бастауы (басталар жері) және атырауы (көлге, теңізге құяр жері). Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Тікелей көлдерге, теңіздерге құятын немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін өзендер – негізгі және оларға келіп қосылатын өзендер алғашқының салалары деп аталады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптан өзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері – өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі – арна, тасқын сулар ғана жететін жері – жайылма) ағады. Өзен қар суы, жаңбыр, мұздық және жер асты суларының есебінен толығып отырады. Жергілікті жер бедеріне байланысты тау өзені және жазық-дала өзені болып бөлінеді. Өзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің таулы аудандарында суы мол өзен торы жиі орналасқан. Шөлді аймақтарда қар суы мен қатты нөсер әсерінен уақытша өзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазонка, Ніл, Миссисипи, Янцзы, т.б..
Өзендердің топографиялық классификациясы. Ең көп тараған классификация. Оған сәйкес өзендердің ағып жатқан аймағына қарай екі түрі ажыратылады:

  • ойпат өзендері

  • тау өзендері.

Олардың айырмашылығы - ағынның табиғаты жазық өзендерде тыныш және салыстырмалы түрде баяу ағады, таулы өзендерде тасқынды, тез жүреді. Су жинау алабы бойынша өзендердің жіктелуі (өзендер көлемі бойынша).

  • ірі өзендер - оларға су жинау ауданы 50 000 км2-ден асатын жазық өзендер және 30 000 км2-ден асатын тау өзендері жатады; бұл әдетте бірнеше географиялық аймақтарды кесіп өтетін ірі көлемді су ағындары, аймақтардың табиғаты мен халық шаруашылығына үлкен әсерін тигізеді.

  • орташа өзендер - су алабы 2000-нан 50000 км2-ге дейінгі жазық өзендер; әдетте, өзен мен оның салалары бір географиялық аймақта орналасқан және гидрологиялық режимі ұқсас.

  • шағын өзендер - су алабы 2000 км2-ден аз өзендер.

Су режимі бойынша өзендердің жіктелуі. Ол әр түрлі факторларға байланысты жылдың әр мезгілінде өзеннің су ағынының көлемінің өзгеруіне негізделген. Профессор Б.Д.Зайковтың классификациясы бойынша барлық өзендерді төмендегіше бөлуге болады:

  • су тасқынының көктемгі түрі басым су қоймалары;

  • жылы мезгілде суы жоғары су қоймалары;

  • эпизодтық су басу режимі бар су қоймалары.

Өзендердің салалар саны бойынша жіктелуі. Осы классификацияға сәйкес әр өзен математикалық ағаштың бұтағы ретінде қарастырылады. Бұл жүйедегі өзендердің бастаулары бірінші класқа жатады. Қосылу арқылы олар екінші класты өзендерді құрайды. Екінші кластың екі ағыны, өз кезегінде, қосылып, үшінші класс ағынын құрайды және т. б. 12-класқа дейін.

Қорытынды


Қорыта келгенде табиғат ана бізді аялап, қастерлеп,еш планетада жоқ суды байлаған. Ата-бабамыздан қалған табиғи мұралардың ең бастысы су көзі болып табылатынын біле білген жөн. Қазақ халқы «судың да сұрауы бар деген». Су - бұл шексіз теңіздер мен өзендер және мөлдір көлдер.
Көптеген өзендер жер бетінен жоғалып кетуге шақ тұр. Суды көп тұтыну, қоршаған ортаны ластау, балықты шамадан тыс көп аулау, өндіріс орындарының көбеюі, суға бөгет қою тәрізді адам іс - әрекеттері мен климаттың өзгеруі тәрізді табиғи себептер жер бетіндегі барлық өзендерге қауіп төндіріп тұр. Халықаралық тылысым табиғат қоры әлемдегі жоғалу қаупі төніп тұрған 10 өзеннің тізімін жариялады.Бұл тізімдегі кей өзендердің қатты зардап шеккені сонша, түбегейлі қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбесе, олар мүлдем құрып кетуі мүмкін. Тізімдегі тағы біраз өзендердің жағдайы салыстырмалы түрде жақсы, бірақ шұғыл қамқорлыққа алмаса оларға да үлкен қауіп төнеді. Қордың мәлімдеуінше, жаһандық жылыну мен өндірістің тоқтаусыз дамуы жақын он жылдықтарда әлемнің ең күретамырлы өзендерінің біразын жойып жібермек. Мұның соңы балық түрлерінің азаюы мен су жетіспеушілігіне әкеп соғады. Зардапты он өзеннің бесеуі Азия құрлығында. Олар: Янцзы, Меконг (Қытай), Салуин (Тибет), Ганг және Үнді өзендері (Үндістан).
Дәл осындай қауіпті сейілту үшін өзен суларды, жалпы су қорын дұрыс пайдалану қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Қазақстанның физикалық географиясы, Алматы, Атамұра, 2008.

  2. У.Б. Аскарова Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы

  3. Казакстан улттык энциклопедиясы, бірінші том. , 2005.

  4. Ж.Достай Жанты гидрология оқулық, Алматы «Қарасай».

  5. kk.warbletoncouncil.org

  6. stud.kz

  7. https://www.google.com/search?q=. ourceid=chrome&ie=UTF-8#ip=1




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет