№1 Ақсу орта мектебінің



Дата24.05.2017
өлшемі17,91 Kb.
#16824

  №1 Ақсу орта мектебінің

  •   №1 Ақсу орта мектебінің
  • информатика пәнінің мұғалімі
  • Кульмагамбетова Гулдана
  • Балташқызы.
  •  Тақырыбы:
  • Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» Сократ

  •  Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
  • «Сабақ – оқытушының  педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.
  • Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.
  • 1. Қызығушылығын ояту-жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі.
  • Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.
  • Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер  арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады.
  • 2. Мағынаны тану – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша  жұмыс жасайды,тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.
  • 3.  Ой толғаныс – сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы, бұл жерде балалар эссе жазады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды.         Бұл модульдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам, ой – пікірін ашық, еркін айту, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ-білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады.
  • Бағдарламадағы үш деңгей
  • Балаларды ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар.
  • 1.  Оқушылар оқу және тәрбие үрдісінде ғылымға сусап тұрады.Өз білімдерін мақтан тұтып, досының білімін қызғанады. Намыс пен мақтаныш тәрбиеленушіні өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді.
  • 2. Оқушылар кездескенде үнемі сөйлеседі, сонымен естерін және шешендігін дамытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз естісе және оны құрбыларына айтса, онда балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту журеді.
  • 3. Ұжымдық оқытудың келесі қоғамдық пайдасы оқушылар өзара достасады, бірін-бірі сыйлауға үйренеді, өзара дауласады, жарысады және құқықтар мен міндеттер туралы пікір айтысады.

Талантты және дарынды балаларды оқыту

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту
  • Оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім  шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Дарынды және талантты балаларды оқытуда мына қағидаларды есте ұстаған дұрыс.
  • -Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.
  • — Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.
  • — Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру
  • Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Мұғалім әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап алғаннан кейін, оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті.

Ақпараттық технологиялардың білім берудегі пайдасы

  • \
  • — алыстағы ақпарат көздерін пайдалану,
  • — түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену,
  • — сұраныс бойынша ақпарат алу,
  • — интернет тарапында берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау,
  • — ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу,
  • — өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат алмасу,
  • — ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу.
  • Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады. — күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, — интернеттен алынған материалды талдау негізінде ауызша сөз іскерліктерін жетілдіру,
  • — жазбаша серіктеріне хат жазу, жауап жазу, баяндама, реферат т.б. жазба жұмыстарын дайындау арқылы жазбаша тіл білігін арттыру,
  • — өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту.

Білім алу кезінде бағаның орны ерекше. Бір сабақ үстінде бірнеше оқушыны бағалау мұғалім шеберлігіне байланысты. Баға алуда оқушылар алға талаптанады, ізденеді. Кейбір оқушы білім үшін емес, баға алу үшін оқиды. Сондықтан бағаны дұрыс қою және оның нақты болуын алға қою әр мұғалімнің есепке алар міндеті. Сабақ үстінде бірнеше бағалау әдістерін қолдануға болады. Суммативті баға мен формативті бағаны қою әрбір  сабақтың негізгі сатысы болуы шарт.

  • Білім алу кезінде бағаның орны ерекше. Бір сабақ үстінде бірнеше оқушыны бағалау мұғалім шеберлігіне байланысты. Баға алуда оқушылар алға талаптанады, ізденеді. Кейбір оқушы білім үшін емес, баға алу үшін оқиды. Сондықтан бағаны дұрыс қою және оның нақты болуын алға қою әр мұғалімнің есепке алар міндеті. Сабақ үстінде бірнеше бағалау әдістерін қолдануға болады. Суммативті баға мен формативті бағаны қою әрбір  сабақтың негізгі сатысы болуы шарт.
  • Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

Сонымен сөзімді қорытар  болсам сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:

  • Сонымен сөзімді қорытар  болсам сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:
  • 1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
  • 2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
  • 3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.
  • 4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
  • 5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
  • Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу —  оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.

Қалалық директорлар семинары

  • Информатика
  • 7 “А” сынып

Аттестацияға өткізілген ашық сабақ

  • Информатика
  • 5 “А” сынып

Технология элементтерін қолданудағы нәтижелер: Информатика пәнінен оқу сапасының көрсеткіштері

“Зерде” , ғылыми – практикалық конференция жетістіктері

  • 2010 жыл – 3 орын; қалалық ҒПК, Багаудинов Саят, 9 сынып
  • 2011 жыл – 3 орын;қалалық “Зерде”, Жолмагамбетова Индира, 6 сынып,
  • 2012 жыл – 2 орын;қалалық “Зерде”, Жолагамбетова Индира, 7 сынып
  • 2014 жыл –2 орын; қалалық ҒПК, Жолмагамбетова Индира
  • 2014 жыл – 3орын, қола медальоблыстық ҒПК, Жолмағамбетова Индира,
  • 19 желтоқсан 2014жылы «Назарбаев Интеллектуальды мектебінде» Республикалық ғылыми жобалар байқауының І турының 3 кезеңі өтті, №1 Ақсу ОМ Степногорск қаласы , Жолмагамбетова Индира - 84 балл.

Баспасөз жариялымдары:

  • Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»
  • Н.Назарбаев

Каталог: uploads -> doc -> 00f1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00f1 -> Сабақтың тақырыбы: Медеу Сәрсеке «Рәсім» Жалпы мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру
00f1 -> 1 Тапсырма: мәтiндi оқып, жалғастыр


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет