1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400



бет8/71
Дата29.09.2023
өлшемі371,61 Kb.
#182995
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71
Байланысты:
1. Атауы Аксолотльдің бауыры Бояуы Гематоксилин-эозин. Х 400-emirsaba.org

4) Құрылыс ерекшелігі: Ретикулофиброзды (жуан талшықты немесе
біріншілік сүйек тіні) - бұл іштегі нәрестенің сүйегін құрайтын эмбриондық
(біріншілік) сүйек тіні, кейін ол кемелденген (екіншілік) пластинкалы сүйек
тініне ауысады.ЖАЗ құрамындағы коллаген талшықтары будалар тығыз,
қалың болады және әр түрлі бағытты өтеді; матрикісінде негізігі аморфты
заты (протогликандар) көп; минералды тұздар шартты түрде аз; коллаген
талшықты будалардың арасындағы сүйек лакуналарында ретсіз орналасқан
остеоциттері көп; Бұндағы остеоциттер бір-бірімен сүйек өзекшелерінде
өтетін, ұзын тармақталған өсінділері арқылы байланысқан.
5) Функция: 1.Тіректік- механикалық 2. Минералдық гомеостазды реттеуге
қатысу 3. Қорғаныш 4. Локомоторлық
6) Организмде орналасуы: бұлшық ет сіңірлерінің сүйекке бекітілетін
жерлерінде; - бас сүйек тігістерінде; - тіс альвеолаларында; - ішкі құлақтың
сүйек лабиринтінде; - сынған сүйектің жазылып келе жатқан жерлерінде
сақталады.





1) Тін: Қаңқа бұлшықет талшықтары
көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының бойлық (1) және көлденең (2)
кесінділері көрінеді. Бойлық (1) кесіндіде бұлшықеттің әрбір талшығында
ядролар (3) мөлшері көп болатыны көрінеді. Ядролары (3) созыңқы, сопақша
пішінді және талшықтың шетінде орналасқан.
2) Бояу әдісі: гематоксилин-эозин
3) Тіндер құрылысы боялуының толық түсінігі: Бояу тәсілі нейтрофильді
деуге болады,себебі мұнда негіздік бояу да,қышқылдық бояу да
қолданылады.Гематоксилин-эозинмен бояған кезде цитоплазмасы қызғылт
түске,ал ядросы күлгін немесе көк түске боялады.
4) Құрылыс ерекшелігі: Бұлшықет талшықтары-ұзындығы 20-30 см-ге
дейін, қалыңдығы 100 мкм жетеді. Құрамы симпласттар мен
миосателлитоциттерден (камбийден) тұрады. Симпласт сарколеммамен
жабылған және бірнеше мыңдаған ядродан тұрады. Сарколемма қалың
базальды мембранадан және бұлшықет талшығының плазмолеммасынан
тұрады. Базальды мембрана мен плазмолемма арасында миосателлитоциттер
орналасқан. Саркоплазмада митохондриялар, лизосомалар бар, тегіс
эндоплазмалық тор дамыған. Гликоген, липидтер және миоглобин
қосындылары энергия үшін қолданылады. Миоглобин - құрамында
эритроциттер гемоглобиніне ұқсас темір бар пигмент. Ол тотығу фосфорлану
процестеріне және АТФ түзілуіне ықпал ететін оттегін байланыстыра алады.
Арнайы органеллалар миофибрилалар. Электрондық микросокп арқылы
миофибрилдердің көлденең сызылымы ашық және күңгірт жолақтардың
жүйелі алмасуы түрде көрінеді. Күңгірт жолақтар жарық сәулесін екі есе
сындыру қабылеттігімен сипатталады, сондықтан оларды-анизатропты
Адискілер, ашық дискілер-изотропты І-дискілер деп аталады. І-дискілердің
ортасында екі жартыға бөлетін күңгірт Z-сызық(телофрагма) орналасқан. А-


дисктің ортасында Н-сызық, ал оларды екіге бөлетін М-сызық(мезофрагма)


орналасқан. Миофибриллалардың арасындағы 2 көршілес сызықтар саркомер
деп аталады, саркомер-миофибриллалардың құрылымдық және
функционалды бірлігі. Оның құрамы: Z-сызық + 1/2 I дискі+ А дискі + 1/2 I
дискі + екінші Z-сызық. Саркомер актин және миозин жіпшелерінен тұрады.
Миофиламенттер әртүрлі ақуыздардан түзілген: актин, тропонин және
тропомиозин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет