1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп


Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің



бет11/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   157
Байланысты:
гост казак тили
ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, Биология кабинетінің қызметі, матем реферат
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің

жүрегі.(Ы.Алтынсарин)

Маған-түбір сөз

Тұрақты белгісі: маған: құрамына қарай -дара, мағынасына қарай-жіктеу есімдігі

Жақсы-түбір сөз

Тұрақты белгісі:жақсы: тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-сапалық сын есім

Мұғалім-түбір сөз

Тұрақты белгісі:мұғалім: тұлғасына қарай-негізгі,құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-деректі, зат пен ұғымды атауына қарай-жалпы зат есім.
Бәрінен-сөздің түбірі -бәрі

Тұрақты белгісі:бәрі: мағынасына қарай-жалпылау есімдігі

-Нен-Шығыс септігі
Де- Шылау
Қымбат-түбір сөз

Тұрақты белгісі: қымбат: тұлғасына қарай-негізгі, құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-сапалық сын есім



Өйткені-Жалғаулық шылау

Мектептің-сөздің түбірі:мектеп

Тұрақты белгісі:мектеп: тұлғасына қарай-негізгі,құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-деректі, зат пен ұғымды атауына қарай-жалпы зат есім.

-Тің-Ілік септігі
Жүрегі-сөздің түбірі: жүрек

Тұрақты белгісі: жүрек: тұлғасына қарай-негізгі,құрамына қарай-дара,мағынасына қарай-дерексіз, зат пен ұғымды атауына қарай-жалпы зат есім.

І-Тәуелдік жалғаудың 3-жағы.

Билет №2

1. Дыбыстардың жіктелуі. Дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі.

2. Қазақ тілін оқыту әдістері.

3. Морфологиялық талдау

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. (Н.Ә.Назарбаев мақаласынан)
1. Дыбыстардың жіктелуі. Дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі.

Дыбысты айтамыз және естиміз.

Тіл дыбыстары дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Олардың негізгі ерекшеліктері:

1.   Дауыстылар тоннан (үннен) жасалады, ал дауыссыздар салдырдан жасалады.

2.   Дауыстыларды айтқан кезде ауа  кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы қатысады. Мәселен, а дегенде дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл артқа тартылады. Жақ (ауыз) кең ашылып, ерін екі жаққа қарай керіліп, (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен, п дыбысын айтқанда, екі ерін ғана қозғалысқа түседі.

3.   Дауыстылар буын құрайды және бір буында бір дауыстыдан болады, 

дауыссыздар буын құрамайды т.б.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Дауысты дыбыстар

а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, у, и, э

 


Тілдің

қатысына қарай



Жақтың

қатысына қарай

 


Ерін мен езудің қатысына қарай

жуан (твердые): а, о, ы, ұ, э, (у), (и)

жіңішке (мягкие): ә, ө, і, ү, е, (у), (и)

ашық (широкие): а, ә, о, ө,

е, э

қысаң (узкие):

ы, і, ү, ұ,

и, у

еріндік (губные): о, ө, ү, ұ, у

езулік (негубные):

а, ә, е, э, ы, і, и



















 

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

 


Дауыссыз дыбыстар

б, в, г, ғ, д, ж, з, й, м, н, ң, р, л, к, қ, п, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у)

 


Салдыр мен үннің қатысына қарай

 


үнді (сонорные):

м, н, ң, р, л, й, у

ұяң (звонкие):

б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

қатаң (глухие):

к, қ, п, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ

 


 

Үндестік заңы

 


Буын үндестігі

Дыбыс үндестігі

жазушыларға, әншілерді

ілгерінді ықпал (прогрессивная ассимиляция)

кейінді ықпал (регрессивная ассимиляция)

тоғыспалы ықпал (прогрессивно-регрессивная ассимиляция)

Қонысбек (Қоныспек),

ашса (ашша)

тарақ (тарағы),

мектеп (мектебі),

білезік (білезігі),

Жанпейіс (Жампейіс),

жұмысшы (жұмышшы)

Досжан – (Дошшан),

Жанқожа – (Жаңғожа)



Дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі.
1) Дауыссыз дыбыс емлесі Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың да сөз ішінде қолданылуында өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақтың сөздері б, в, г, ғ, д, щ дыбыстарына аяқталмайды, ң, й дыбыстарынан сөз басталмайды.

1. Б, в, г, д әріптеріне аяқталған орыс тілінен енген сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталады: клуб — клубқа, актив — активке, педагог — педагогтен, завод — заводты. Сөз соныңда бұл дыбыстар қатаң болып айтылады.
2. Айыру (ь), жіңішкелік (ь) белгілері ешбір дыбыс білдірмейді, тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Сөздік түбірі жіңішкелік белгіге (ь) бітіп, оған жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, ол түсіріліп, ал оған жалғанатын қосымша дауыссыздан басталса, жіңішкелік белгі (ь) сақталып жазылады: календарь — календары, календарьлық. Медаль — медалы, медальға, медальдан.
3. Бір буынды сөз жіңішкелік (ь) белгіге бітсе, қосымша жінішке түрде жалғанады, ал сөз көп буынды болып келсе, қосымша сөздің соңғы буынына қарай жалғанады: ноль — нольге, нольді; февраль — февральда, сентябрь — сентябрьде, сентябрьден.
4. В, ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: физика, цирк, кофе, борщ, лифт, шифр, цифр, очерк, центнер, циркуль т. б.
Ескерту. Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы ,кеще деген сөздерде ғана жазылады.
Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдерде жазылады. Мысалы: Фарида, Фатима, Марфуға, саф (алтын), фәни (дүние) т. б.
X әрпі орыс тілінен және араб-парсы тілдерінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: химия, археология, цех, хал, хат, тарих, кітапхана т. б.
5. Соңғы дыбыстар ог, уг және рк, рг, ик, мк, нк, кс, кт, ск, лк, окт, ель, брь, кль, бль, сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме сөздерге косымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: педагог тер, педагог-тік, бинокль-ді, парк-тен, пункт-тер, округ-ке т. б.
6. Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды кірме сөздер мен соңғы буынында е, э дыбыстары бар кірме сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. Жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда жіңішкелік белгісі сақталады да, дауысты дыбыстан басталатын, қосымша жалғанғанда жіңішкелік белгісі жазылмайды. Мысалы: рольдері және ролі, осьтері және осі, дуэтке, актердің т. б.
7. Кт, нк, нд, нг, мп, мб, ск, кс, фт, рв сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме термин сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның арасына дәнекер ретінде қысаң ы не і дыбысы жазылады. Мысалы: факт-і-лері, танк-і-ге, митинг-і-ні, объект-і-лер, штамп-ы-лау, киоск-і-ні т. б.
8. Қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына немесе ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен кірме сөздерге қосымша жалғанғанда, қосар дыбыстың соңғысы немесе соңғы т, ть, д дыбыстары дыбыстары түсіріліп
жазылады. Мысалы: металл — метал-ға, класс —клас-тын, грамм — грам-дап, прогресс — прогрес-тік, трест — трес-ке, съезд — съез-ге, поезд — поез-дан, ведомость — ведомос-қа т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   157




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет