1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп


Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер



бет154/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157
Байланысты:
гост казак тили
ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, Биология кабинетінің қызметі, матем реферат
    Бұл бет үшін навигация:
  • -ма/ме
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер:

– негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады;

– бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;

автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.

 

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары:

 

1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық, /дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.



2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.

3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістік айтылады. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады.

4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.

5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса, төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.



6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.

2. Өлең, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқыту.

Мақал - сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі.Көбінесе екі тармаңтан құрылады. Бірінші тармағында ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады. Олар арнайы сағат ретінде де өткізіледі.
Жұмбақ - халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклоріне ортақ тұр. Ерте заманда пайда болғанымен жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ.
Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлың сөздері мен бірге саяси құрал есебінде жауға қарсы қолданған. Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ, оны мектеп балалары тілді ұстарту мақсатымен оқып, жаттайды.
Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек - кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер -білім, техника, т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ әлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама емес, бөлшектене, жекелене алынады.
Мақал-мәтелді қазақ тілі сабағында көптеп қолдануға болады.
МЫСАЛЫ: Сын есімді өткенде:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Бұлттан шыққан күн ащы, жаман кісінің тілі ащы,-деген сияқты сан есімдерді өткенде:
"Ел құлағы елу.
Қырықтың бірі - қыдыр.
Қызға қырық үйден тыю.
Ұлға отыз үйден тыю.
Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы шал келіп сәлем берер.
Бірінші байлық - денсаулық,
Екінші байлық - ақ жаулық,
Үшінші байлық - он саулық.
деген сияқты есімдіктерді өткенде:
Кісі еліне сұлтан болғанша,
Өз еліңе ұлтан бол.
Бұлай тартсаң, өгіз өледі,
Олай тартсаң, арба сынады.
деген мақал-мәтелдерді қолдану, олардың мағынасын ашу жоғарыдағы қойылған мақсаттардың кейбірін іске асырады. Мұндай сабақтарда оқушыларға да тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жазып келуге тапсырма беруге болады. Мұны оқушылар ынтамен орындайды, өйткені, мақал-мәтелдер - сөз мәйегі, әрі қысқа, әрі нұсқа, оқушылардың жаттауына да жеңіл, әрі балалардың тілін дамытып, ой-өрісін өсіре түсері сөзсіз. Тиісті жерде тыныс белгілерін қойғызып, оларды сөйлем мүшелеріне талдауды оқушылардың қызығушылығын туғызып, сауаттылығын арттырады.
Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту және де сауаттылығын нығайту мақсатында қазақ тілі пәнінен 3-сыныпта "Жалпы және жалқы есімді" қайталау сабағының бекіту бөлімінде оқушыларды 3 топқа бөліп мақал сайысын өткізуге болады. Мақал-мәтелдер әр бөлімнің, әр тараудың соңында беріледі.
Оқушылар сабаққа белсенді түрде қызығушылықпен қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   157




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет