1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет30/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   157
Байланысты:
гост казак тили
ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, Биология кабинетінің қызметі, матем реферат
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір- бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү) түнгі. б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш]-мен с-йлеу: [шаш]—[чаш] емес, [ұш]—[үч] емес, [ж]-мен сөйлеу: [жарқын]—[джарқын] емес, [жақсы]— [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқ апа- рының маңцай (маңлай диал.) жылқылар (жы- лқыдар диал.) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.

Қоғамдық өмірде шаршысөз (публичная речь) түрлерінің (театр, кино, радио-телевизия хабарлары т. б.) пайда болып, әлеуметтік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып, ұлттық сипатқа ие болуын жеделдете түсті. Алайда қатаң дыбыстарды "сындырып", "ұяңдатып" айту нормасы [қолғойды]—[қолқойды] емес, [кәсібодақ]—[кәсіподақ] емес, соңғы жылдарда әсіресе радиотелехабарларда әріп қуалай сөзді қалай жазылса, солай оқу дағдысымен байланысты бұзылып, "қатқылдата" дыбыстау жиі ұшырай бастады. Бұл жай орфоэпия тұрғысынан қазақ сөзінің әуезділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс, нормадан жөнсіз ауытқу деп табылады.



2. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы- оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге әсіресе әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі. Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі.

Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:

1.Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау.

2.Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

3.Шығарманы оқу.

4.Жоспар жасау.

5.Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   157




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет