1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


МОЛДА МұСА БАЙЗАҚОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет57/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
МОЛДА МұСА БАЙЗАҚОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ
«ЕР шОРА» ДАСТАНЫНДАҒЫ ТОПОНИМДЕР
Айдана Рамазан
- Абай ат. ҚазҰПУ 1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор 
Майра Жүнісова 
Түйіндеме. 
Мақаланың нысаны заманының шешен тілді ақыны Молда Мұсабек Байзақовтың Ер Шора 
дастанының тіліндегі жер-су атаулары. Мақала авторы көп ізденіп, ақын шығармашылығының зерттелуіне ар-
найы тоқталып, сосын Ер Шора дастаныныда кездесетін жердің аттарын талдаған.
Тірек сөздер: 
Сакралды Қазақстан, киелі жер, жер-су атаулары, топоним, топонимика 
Abstract: 
The name of land-water names in the language of orator end poet Molda Musabek Baizakov in the epic 
poem of Er Shorah. The author of the article read more about the poet's work and then analyzed the names of the place 
where he met in the epic of Er Shora.
Key words: 
Sacred Kazakhstan, sacred sites, land names, toponyms, toponymics. 
Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты 
мақаласы жарияланды. Елбасы мақаласын басты 
назарға алағанда байқайтынымыз, төл тарихымызды 
жетік меңгеру және қадірлей білу елдің болашағының 
мызғымас кепілі, басымдығы екендігін ерекше атап 
көрсеткендігін түсінеміз. Ұлы даланың өткен тарихын 
жаңғырту және сақтаудың бірегей тұжырымдамасын
ұлт құндылығы ретінде ұсынды. Бұл мақаласы, 
өшкенімізді тірілтіп, жолғалғанымызды табуға
мүмкіндік беретін мәні бар құжат екенін дәлелдейді. 
Қазақстан әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына 
кіруді мақсат етіп отыр. Оған жету үшін Елбасымыз
атап көрсеткендей, санамыздың ісімізден озық бо-
луы маңызды. «Алдымен тарлан тарихтың жасампаз 
бүгінгі күні мен жарқын болашақтың көкжиектерін 
анықтап алған дұрыс» [1, 293]. 
Ұлы дала саңлақтарының бірі, XIX ғасырдың соңы 
мен XX ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет та-
рихынан орын аларлық заманының көрнекті айтулы 
ақыны болған, халқына кең танымал болған, арты-
на елеулі әдеби мұра қалдырса да, шығармашылығы 
аз зерттеліп, өз бағасын ала алмай келе жатқан 
ақындардың бірі – Мұсабек Байзақұлы. 
Зерттеу жұмысының мақсаты, ақын тілінің көркемдік 
ерекшелігі мен поэзиясындағы орны бөлек дастаны 
- «Ер Шора» шығармасын ономастикалық тұрғыдан 
талдау болып табылады. 
Молда Мұсаның шығармалары ел аузында көп 
таралған, ақынның шығармашылығына тілдік 
тұрғыдан арналған мақалалар, диссертациялар 
болғанымен, «Ер Шора» дастаны арнайы зерттеу ны-
саны болған емес. 
Ақын шығармаларының зерттелуіне тоқталар 
болсақ, ол туралы алғаш мақала жазған ақын Өтебай 
Тұрманжанов болды. 
Өтебай Тұрманжанов ақын шығармашылығындағы 
ерекшелікті айтып өтеді. Ол: «Молда Мұса сияқты 
дін жолымен оқып шыққан молдалардың бәрі деген-
дей өлең жазса, арабша, парсыша араластырып дін 
тілімен жазады. Бірақ Молда Мұса қарапайым халық 
тілімен жазады, күнделікті тұрмыс-тіршілікті елдің 
салт өлеңдерінің ізімен жазды. Сондықтан тілі де, 
өлеңі де халыққа түсінікті, әрі жағымды болып, халық 
арсына көп таралды» - деп жазады. 
Молда Мұса Байзақовпен танысу мектеп 
бағдарламасынан басталған. Мәселен, М.О. Әуезов 
алтыншы класқа арналған хрестоматиясында жеке 
тарау беріп, ақын шығармашылығын ерекше бағалап 
өтеді. 
1937 жылы Әшір Үсенов те орта мектептің 
тоғызыншы класына арналған әдебиет хрестомати-
ясында Молда Мұсаның өмірі мен ақындық жолы-
на тоқтайды. Оның пікірінше: «Молда Мұса – ХІХ 
ғасырдың аяқ кезінде қазақ даласында феодалдық 
қалып пен қатынастың негізі қопарылып, ыдырауға
айналған сәтте, оның орнына буржуазиялық қалып 
пен қатынастың орнай бастап, барған сайын өрістеп, 
үстемділікті қолға алуға қызу аттанған кезінде 
әдебиет майданына шыққан ақын. Өз тұсындағы 
тарихи жағдайды, үстемдік үшін майдандасқан 
қарсы күштерді көре білген, көп заманнан бері 
тұғырдан түспей үстем болып келе жатқан ақсүйек, 
бектердің беті қайтып, жүні жығылып заманның ар-
палыс ағымына төтеп бере алмай отырғанын сез-
ген, оны шығармаларында лайықты көрсете алған, 
көркем сөзге ұста ақын» - деп бағалаған [2, 367]. Әшір 
Үсеновтің айтуынша, Мұсабек Байзақұлы өзі естіген
халық әдебиетінің және шығармаларының әсерінен 
1875-1880 жылдардан бастап өлең жаза бастаған. 
Бұл пікірді профессор Р. Бердібайдың ел арасынан 
жазып алған ақынның «Тұрлыбек датқа»-ға арналған 
өлең хаты растайды. Бұл ретте Р. Бердібайдың
«Қазақ әдебиеті тарихы» екінші кітабында жазылған 
монографиялық тарауын ерекше атау керек. Ол 
Молда Мұса шғармаларымен жақын таныс болған
сондықтан: «Ақын Мұсабек Байзақұлының әдеби 
мұрасын жалпы шолғанда, оның негізінде, бұқара 
халық мүддесін түсінген шығармаларында зама-
на шындығын жырлаған өнер иесі екенін көреміз. 
Оның тап қайшылығын ұшқыр ашып көрсеткен, 


72
жамағатты оқу-білімге, өнер үйренуге шақырған, 
жоғары адамгершілікке үндеген туындыларының 
тәрбиелік мәні бар. Ақын өзінің мысалдар мен дастан-
дарында да өмірдің түрлі мәселелеріне үкім, ғибрат 
айтуға талаптанған. Сонымен қатар ол айтыстың
әйгілі жүйрігі ретінде де танылды» - деп құнды пікір 
білдірген [3, 523].
Филология ғылымдарының кандитаты Зейне 
Оразбекова «Молда Мұсаның әдеби мұрасы» атты 
еңбегінде оның шығармаларын арнайы зерттеу ныса-
ны етті. Бұл еңбекте Молда Мұсаның поэзиясындағы
шығыс, батыс әдебиетіне тән жанрлар мен жанрлық 
түрлерін бөліп көрсетеді. Олар: 1) Арнау 2) Көңіл 
айту 3) Жоқтау 4) Талғау 5) Сәлем хат 6) Жазба 7) 
Төкпе айтыс 8) Сықақ, мысал 9) Тәмсіл 10) Рубағи 12) 
Мақтау 13) Дастан 14) Саяси әлеуметтік лирика 15) 
Философиялық лирика [4].
Филология ғылымының кандидаты Әсілхан 
Оспанұлы 
Қаратау 
атырабы 
ақындарының 
шығармашылығын 
зерттеген 
диссертациясында 
Мұсабек Байзақұлының өмірі мен еңбегіне тоқталады. 
Ол ақын шығармашылығын 1) өлеңдері 2) мысалда-
ры 3) айтыстары 4) дастандары деп төрт топқа бөліп 
қарастырды [5].
Молда Мұсаның туғанына 150 жыл толуы қарсаңында
шайырдың немересі Ибаділла Нақыпбекұлы қарияның 
атасы жайлы естеліктерін облыстық (Оңтүстік 
Қазақстан, №54, 16.06.1999) газетінде жариялаған. 
Мұсабекке дәріс бергендерден Қозы Молла аты 
айрықша аталады [6, 410]. Ол шәкіртінің білімділігіне 
тәнті болған имам: «Сені Мұсабек емес, Молда Мұса 
деп атаған дұрыс» - деп пікір айтқан екен. 
Мақаламызға деректік негіз болып отырған да-
станды әдеби тұрғыдан зерттегендер, оның жанрлар 
мен жанрлық түрлерде қалдырған шығармаларының 
көлемі 14 000 жолдан асатынын айтады. 
Қазақтың көп жеріге ауызша таралған, түрлі нұсқа 
(варианттары) бар, үлкен эпикалық мұрасы – «Ер 
Шора». 
Профессор Р. Бердібай өзінің «Эпос-ел қазынасы» 
кітабында «Ер Шора» жырына арнаулы тоқталған. 
Онда былай деген: «Өзінің құрлысы, көтерген 
күрделі шындығы және көркемдік кестесі, оқиғалық 
көлемі жағынан мұны классикалық қаһармандық 
жыр қатарында алып тексеру әбден лайық. Соны-
мен қатар бұл жырда стадиялық жағынан алғанда 
тарихта белгілі болған қайсыбір дәуірдің елесін
байқатарлықтай нышандар да жоқ емес. Эпоста ата-
латын жер аттары түрлі нұсқада өзгермей, тұрақты 
қайталанып отырғаны, бас қаһарман есімнің Ноғай 
Ордасында жасалған нақтылы қайраткерлерді еске 
салуда да жырдың әуел баста тарихи аңыз сипатын-
да белгілі болғанынан хабардар береді. Сол оқиғалық 
түбір бертін келе эпикалық әсірелеу, жинақтау шартта-
рына сәйкес өзгеріске ұшырап дамытылған, бастапқы 
нұсқа қайта жаңаша өрнектелеген» - деп айтады [7, 
349]. 
«Ер Шора» батыр жырын алғаш хатқа түсірген Мол-
да Мұса деп болса, сол жылдары Құлыншақ ақын да 
бұл дастанды жырлап өткен. Сондықтан да бұл жыр, 
әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда кең таралған. Мұны 
Б.Қорғанбеков өз еңбегінде дәлелдейді [8, 10]. Бұл 
жырда Молда Мұса Қоқан мен орыс әкімшілігінің би-
леу, жүйесіндегі ерекшеліктерді аңғарған. 
Дастан қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының 
Ғылым 
Академиясының 
Орталық 
ғылыми 
кітапханасында 
қолжазба 
қорында 
Әбубәкір 
Диваевтың арқасында сақталған. Бұл қолжазбада орыс 
патшасының Орта Азия қалаларын басып алғандығы 
сөз етіледі. Мұса Молда Байзақов Орта Азияның 
мұраларына, қазақ, қырғыз тілдеріне қанық болған. 
Бұл елдің шығарма өлең, дастандарын, қиссаларын 
еркін оқып, үлгі тағлым алған, әрі аударған. Тағы бір 
жәйт - Молда Мұса Байзақовтың жеке кітапханасы 
болған. Бұл сөздің айғағы ретінде Мұсабектің шөбересі 
Оразбеккеліні Күлшан Қасымбекқызының естелігінен 
көруге болады: «Молда Мұса атамыздың өте көп - 
көп кітаптары бар еді, сол кітаптарды Қасымбек 
көзінің қарашығындай сақтайтын. Дегенмен сонау 
кеңестік соқыр саясаттың зардабына ол кітаптардың 
көпшілігін үй тұрғызғанда сазкесек кірпіштерден 
қаланған қабырғаларға жасырған еді. Ал бірнешеуін 
ол дүниелік болғанда кіші шешеміз Ханшайым яки 
біздерге, яғни Қасымбектің қыздары мен ұлдарына 
аманат ретінде тастап кеткен» - деп сөз етеді [9, 310]. 
Бүгінгі күнге дейін ақынның қолданған кітаптарының 
бір – екі нұсқасы біздің қолымызда. Оның бірі – 1906 
жылы Қазан баспасынан шыққан Якуб Бин Сағд – 
Әлидің «Жәнәттің кілті» деген кітабы. Мұнда ислам 
шариғаты жөнінде айтады [10, 152].
Ғалым М.Жүнісова: «Ұрпақтың ата алдындағы па-
рызы, алдымен өз отбасынан басталатыны секілді, 
қазақтың ұлы көшін жалғастырушы Сарыбаевтар 
әулетінде Харес атамыздың қайтыс болғандағы Мол-
да Мұсаның көңіл айту қағазы да сақталыпты» - деген 
пікір айтады [11, 128]. 
Зерттеу жұмысының үлкен бір бөлімі «Ер 
Шора» дастанында кездесетін топонимдік атаулар 
болғандықтан, бірнеше қала аттарын жинадық:
Бетперде алып келіп Түркістанды
Жоқ қылды қарсыласқан талай жанды.
Бұйырды жеңіп алып, бағындырып
Кешікпестен Шымкентке қолын салды. 
Шымкентте те ұрысып тоқтау бере алмады
Қытай, қыпшақ, қырғыздан көп қосып кеп
Неше күн ұрысса да жеңе алмады.
Бұрынғы Әулие ата, Тоқпақ, Бішкек 
Ұрысып тап келмеді неше мың лек.
Теріп айта берерлік қайсы бірін
Қай темірге жүз қойса бағынды тек.
Онан соң Ташкент пен Қоқанды алды
Онан соң, Самарқанд, Тұзақ барды.
Орыстың ұрысына тап келе алмай,
Ферғана да бағынып тұрып қалды.
Түркістан атауын талдар болсақ, түркі жұртының 
екінші Меккесі атанған көне қаламыз осы тарихи 
оқиғада суреттелген. Ол ертеде «Тұран аймағы» де-
ген аңыз - әпсаналарға арқау болып, «көне түркілер 
елі» деп те аталған. Ал «стан» деген жалғауының
мағынасын ашар болсақ, парсы тілінен аударғанда 
«елорда», «орталық» деген мағынаны береді. 
Түркістан атауы - «Түркі жұрты», «Түркі әлемі» де-
ген ұғымдармен мағыналас. Түркістанның негізгі 
аты - Яссы. Қашан Түркістан деп аталғаны туралы 


73
нақты мәлімет жоқ. Алайда Түркістан аталуының бір 
себебі Ахмет Яссауимен және оның қалыптастырған
«түркілік және далалық ислам» ұғымдарымен байла-
нысады. Бұл Түркі жұрты үшін қасиетті атау болып 
саналған.
Шымкент - ерте орта ғасырларда Ұлы Жібек бойын-
да орналасқан, елді мекен болып табылады. Түркінің 
«шым» - жасыл қала, шыммен қоршалған қала және 
иранның «кент» - қала, мекен деген сөздерінен 
құралған. Кейбір деректерде шығыс тілінде «жасыл 
алқап», «көк жайлау» деген мағынаны білдіреді. 1914 
жылы Черняев қаласы аталып, 1921 жылы Шымкент 
қаласы болып өзгертілген. Көне атауы Баршынкент
деген болжамдар бар. Қазақ даласының көне мәдениет 
ошақтарының бірі. Көне заманда Сібір корпусының 
тәржімашысы Филипп Назаров былай сипаттаған: 
«Бадам өзені бойындағы қала биік дөңес басына са-
лынып, жарқабақты биік қабырғасымен көмкеріп тұр. 
Қалаға өзен жағынан бір атпен ғана жүріп өтетіндей тар 
жолмен кіруден басқа амал жоқ. Су қалаға қабырғадан
ойып жасалған терезешелерден кіріп, қала ішінен 
қазылған арналарды толтырады, бір қатарларына су 
– диірмен орнатылған. Үйлері қытайлардікі тәрізді, 
күйдірілген қыш кірпіштен қаланып, терезесіз 
салынған. Неге екенін қайдам, үй ішіне жарық түсу
үшін барлық жерде есіктері ашық тұрады» - деген
екен. Яғни, бұл көне Шымкент қаласының көрінісі.
Әулие ата – Ұлы Жібек бойында орналасқан мәдени, 
саяси және экономикалық орталықтардың бірі. Сәулет 
өнерінің ең озық нұсқалары мен ескерткіштерге 
бай. Мәселен, «Айша бибі кесенесі», «Бабаджа Ха-
тун кесенесі» (ХІ ғ.), «Қарахан кесенесі», «Дәуітбек 
кесенесі», «Тектұрмас кесенесі», секілді сәулет 
өнерінің жауһарлары көне тарихтан сыр шертеді. Тыл-
сым сырлы «Ақыртас сарай» кешені, «Баласағұн» 
(Ақтөбе) қалашығы, «Ақкесене» қарауыл мұнарасы», 
«Қарақожа» мешіті», «Әбдіқадір» мешіті секілді тари-
хи орындары белгілі. «Қарахан кесенесі» қараханидтер 
әулетінің көрнекті тұлғасының бірі – Шах Мах-
муд Қараханға арналып салынған. Сондықтан да 
Қараханның құрметіне 1836-1936 жылдары Әулие ата 
деп аталды. Бұл шаһарды зерттеген Ресей ғалымы П.П. 
Лерх болса, В. Каллаур «План крепости Аулие- ата»,
В. Лаврентьев «Схема бугров в черте города Аулие- 
ата», шығыстанушы 
Е.Ф. Каль Әулие ата уезінің ескерткіштеріне зерт-
теу жүргізіп, құнды деректер жинаған. Шығыстанушы 
В.В. Бартольд сол кезеңдегі Әулие ата қаласының ор-
нында Тараз қаласы болғанын дәлелдеген. Қазіргі ата-
уы Тараз болып аталады.
Бішкек қаласының бұрынғы атауы Пішкек болып 
атанған, кейіннен Фрунзе деп өзгертіліп, біз тәуелсіздік 
алған жылдары Бішкек болып атанған. Бұрындары
Кеңес Үкіметінің құрамында болып, басынан тари-
хи оқиғаларды кешірген. Қазіргі күнде Қырғызстан 
мемлекетінің астанасы болып аталады.
Самарқанд атауы күні - бүгінге дейін қолданылып 
келеді. Ертеде Семізкенд, Шаш- Тәшкенд, Өзкенд, 
Тункенд деп аталған. Бұл сөздерге парсының «кенд» 
сөзі шаһар деген мағына береді. Түріктер бұл 
шаһарды өздері салып, өздері ат қойған. Бір қызығы 
бұл атауды Қазақстан жерінен де кездестіруге бола-
ды. Бұрындары Теміртау қаласының тарихы 1905 
жылы Нұра өзенінің сол жағалауында Самарадан 
жіберілген крестьяндардың қоныс тебуінен бастала-
ды. Ең алғашқы атауы Жауыр деп аталған болса, кейін 
Самарқанд деп өзгертілген.
Ферғана атауы перілер мекені деген мағына береді. 
Мағынасы парсы тілінен аударғанда Пері (періште) 
және Хана (үй) сөздерінен алынған. Ортағасырлық
Йақұт әл – Хамауидің «Түркі тілінің сөздігі» еңбегінде 
Сырдария өңірінің орта ағысын, Ташкент пен Ферғана 
өңірлерін «Шахрухией» деп аталған .
Қорытындылай 
келе, 
жоғарыда 
келтірілген 
зерттеуші ғалымдар мен оқытушылардың ғылыми 
пікіріне қосыла отырып, Молда Мұса Байзақов жы-
рына түркі жұртының елдігіменен атауларын қосып 
жырлаған, заманының жер картасын, атаулар сырын 
терең меңгерген тұлға болды дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   230




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет