1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет62/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019
матем азайтуға
76
Abstract: 
The form of the article is spirit. The problem is the semantic field of the spirit word. The value of the work 
is the essence of the word combinations and phrases used in the spirit of the word, thereby striving to discover their 
meaning. The word of the spirit is convinced that many words have been drawn from its meaning.
Key words:
spirit, spiritual, spiritual revival, inspiration, spirit of the country, patriotism, semantics, meaning.
Қазақ халқының өмірінде «рух» сөзінің алатын орны 
ерекше. Рухы күшті халқымыздың осы рух сөзінің
мағыналық өрісіне бойлау үшін осы мақаламызды 
ұсынып отырмыз.
Мақаламыздың өзектілігі еліміздің алдында орын-
далуы кезек күттімейтіндей үлкен мақсаттардан туын-
дап отыр. Себебі «рух» сөзінің мағынасын ашу қазіргі 
уақытта кейбір сөздердің түп-тамырын табуға жол 
ашады деп ойлаймыз.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Рухани 
жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында: «Абайдың 
даналығы, Әуезовтің ғұламалылығы, Жамбылдың 
жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар
қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани 
мәдениетіміздің бір парасы ғана» деген болатын. Елба-
сымыз өз сөзінде: «жаңа тұрпатты рухани жаңғырудың 
ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу, он-
сыз рухани жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа ай-
налуы оп-оңай, сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге 
қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді» - дейді 
[1]. Сол себептен елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық 
сананың рөліне баса назар аударды.
Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» деген 
жолдауында Қазақстанның ежелгі тұрғындарының
озық мәдениеті мұрасының жарқын көрінісі, көркем 
болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі 
– «аң стилі өнері» деп, жануарлар бейнесін тұрмыста 
пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының 
символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын 
айқындап отырған. Орта ғасырдағы Отырар қаласы 
әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі Әбу На-
сыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының 
рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи
Түркістан қаласында өмір сүргендігі атап айтылады. 
Халқымыздың рухани орталығы Түркістанды облыс 
ретінде халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде 
арттыру керектігін айта келе, Түркістанның бүкіл түркі 
әлемі үшін киелі болып саналатынын баяндаған [2].
Ал енді «рух» сөзінің семантикасына тоқталатын 
болсам; семантика (көне грекше – таңбалаушы, 
білдіруші) - тіл және тіл бірліктері (cөз,грамматикалық 
тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдіретін ха-
барды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұнын 
зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі 
бөлімдерінің бірі. 
Семантика – сөз мағынасын, сөз құрамындағы 
элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, 
сөз мағынасы түрлерінің даму заңдылықтарын 
зерттейді.
«Рух» сөзінің семантикалық өрісі, «рух» сөзінен 
тамыры тарағандар: рух-рухы, рухты, рухшыл, рух-
тар, рухани, руханият, руханилық деген секілді тағы 
да басқа сөздер өте көп. «Рух» негізінен арабтың 
сөзі. Келесі кезекте «рух» сөзінен тараған сөздерді
мағынасына қарай топтастырар болсам:
Рух зат. Рух сөзін заттық тұрғыдан алғанда мінезге 
негіз болатын ішкі қажыр, қуат, жігер деп сипаттайды.
Сонымен қатар рух жетпейді, рухы кету, рухы түсу 
секілді сөз тіркестерін келтірген..Рухы түсу - көңілі 
басылу, жүні жығылу деген мағынада қолданылады. 
Рухы қашу-сұры кету, үрейлену дегенді білдіреді. 
Қорқып, рухы қашып отыр деп те айтып жатады [3].
Рухтандырушы зат. «Рух» сөзінің семантикалық 
жалғасын қарастырған, ол жерде рухтандырушы сөзін 
жігерлендіруші, шабыттандырушы, қайраттандырушы 
сөз ретінде сипаттайды. Дүние жүзінің халықтары
ССР Одағын ұлт мәселесін шешудің рухтандырушы 
ұлы үлгісі деп білді ( ҚазССР тарихы). Біздің өнеріміз 
өз табыстарымыз үшін рухтандырушымыз - Владимр 
Ильич Ленинге борышты («Соц. Қаз.») [4].
Рух тазалығы. Рух тазалығы - жан тазалығы, ұлттың
келешектегі даму бағыты мен танымдық рухын, 
құрмет тұтар қадір-қасиетін, бақыты мен сорын, зор 
сілкініс пен тебіреністердің шарпысқан шағындағы
ұлылардың адамға, ұлтқа, қоғамға деген тарихи
көзқарасы, азаматтық тұлғасы, рух тазалығы анықтап 
береді деп суреттейді. («Жұлдыз») Рух тазалығына 
ғұсыл дәрет те кіреді («Егемен Қазақстан») [5].
Руханият зат. Руханият сөзін – жан дүние, ақыл-
парасат, рухани дүниеліктер ретінде мағынасын 
ашады. Руханияттың тың серпілістерінің Қошқар 
ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 
өмірінен де байқадық. Ұжым жетекшісі мектеп 
мәселесін ауыл мәселесімен ұштастыра ойлайтын 
білікті азамат болып шықты. («Егемен Қазақстан»). 
Ең өкініштісі, руханияттың тетігі «заман менікі» деп, 
кеудесін соққан шала зерделілердің қолында қалды. 
(«Жұлдыз») [6]. 
Рухани сөзі сын есім тұрғысынан рухқа, санаға бай-
ланысты айтылған.
1.Адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне бай-
ланысты, соған қатысты. Саяси тегеурінді, руха-
ни әлеуетті, үлкен өмір мектебінен өткен, қоғам 
дамуының әр саласының даму, өсу заңдылықтарын 
терең білетін үлкен өмір мектебінен өткен, қоғам 
дамуының әр саласынының даму, өсу заңдылықтарын 
терең білетін үлкен ақыл-ой иелері, кемел саясат-
шы парламентшілер М. Оспанов, Ө. Жолдасбеков
Қ. Тұрысов,С. Әбділдин, Ә. Кекілбаев, А. Айта-
лы, Ж.Тұяқбай сынды әр мәселеде өзіндік позици-
ясы, пікірі, айтары, ұстанымы, тіпті кейде өзгеше 
көзқарасы бар тұлғалар тұрды («Егемен Қазақстан») 
2.Материалдыққа қарама-қарсы, ақыл, ой, сана, 
мәдениетке қатысты, Әлемге әйгі есімің, Киелі алтын 
бесігім. Құт байлансын сенің асыл даңқыңа. Ер түрк 
белін буғанда, Ер қазақ қайта туғанда Рухани астанам
болып жарқыра (К. Салықов Жезкиік).
Рухани сын. Адамның ой санасына,ішкі дүниесіне 
байланысты, соған қатысты. Эстетикалық тәрбие әрбір 
адамды рухани жағынан байытып, оның жан-жақты
дамуына мүмкіндік жасады («Соц.Қаз.») Мәдениет 
– халықтың ең үлкен рухани ризығы (Қазақст. мұғ.). 
Менің рухани жақтан да, материалдық жақтан да 
сүйенішім Сәкен Сейфуллин болды (С.Мұқанов Есею 
жыл) [4].


77
Рухтас сын. Рухы бір, бір рухтағы. Шынайы ху-
дожник қашанда өзінің халқымен рухтас келеді 
(Ә.Тәжібаев Өмір)
Рухты сын. Рухы көтеріңкі, шабытты, жігерлі. 
Қадырбаев, Жұмаханов, Ысқақов –бәрі де сол кез-
де асқақ рухты іс үшін арпалысқан жандар (Жарық 
жұлдыздар). Бағалардың ерлік тұлғасын суретші ақын 
өлеңнің рухты сезіміне сай бейнелей алған (Ш. Са-
риев Арайлы) [5].
Рухтандырғыш 
сын. 
Күш-жігер 
беретін, 
шабыттандырғыш, қайраттандырғыш, Леонид Ильич 
Брежневтің терең мазмұнды, рухтандырғыш сөзінен 
біз жоғары партиялылықтың, шын мәнісіндегі 
реализмнің және елдің селолық экономикасының
қазіргі кезеңдегі өркендеуінің нағыз актуал-
ды мәселелерін талапкерліктің талдаудың үлгісін
көріп отырмыз («Қазақст. Коммунисі»), Ұлы Отан
соғысының қан майдандарында «Құрыш қалай 
шынықты» романы әр жауынгердің қойнында
жүргенін, Павел Корчагиннің рухтандырғыш күшін
баяндады («Қазақст. мект.»).
Адами рух. Гуманизм, адамгершілік. Осындай 
көзқарастардан Қазтуған жыраудың адамдардың
қасиеті мен өзін қоршаған ортаның бірлігін 
байқаймыз, осы қарым-қатынастарды көрсететін ада-
ми рухтың ахуалын сеземіз (Қаз. Дала.ойшыл).
Ел рухы. Бір елдің болмыс-бітімін көрсететін
патриоттық сезім рухани өзек. Даңқы ел рухын 
айқындайтын деңгейдің, Жас кезінде арыны жоқ 
жігіттің, Ертең ерлік жасарына сенбеймін. Иә, жастық 
бола алмайды ешқашан да жарлы ұғым, Аяу керек 
Жастық отын ерте өшіріп алғандардың барлығын 
(М.Шаханов Ғасырлар) [5].
Отаншылдық рух. Отанына деген патриоттық,
жоғары сезім. Мемлекет байлығы,табиғат және қаржы 
қорлары ел халқының әр мүшесіне қызмет етер болса ,
отаршылдық рух та биік ( «Қаз.әдеб.»).
Рухы жақын. Идеялас, пікірлес. Азырақ құлағың сал 
ақын інім, Ойымыз, рухымыз жақын, інім. «Ағалық 
правосын қолыма алып , Келемін айтайын», - деп 
ақыл, інім! (А.Байтұрсынов, Шығ.)
Рухы жоғары. Ерік-жігері күшті, мойымайтын. Рухы 
жоғары адам тірліктің қиыншылығымен тұйықталып 
қана қалмай, өзгенің адамгершілігін құрметтеп, оған 
ілтипатпен қарап, көмсектесуге бейім тұрады. Ол 
жағымды істен қанағат табады ( Қаз. тілі термин. Пе-
дагогика).
Рухтану етістік. Рухты болу, жігерлену, қайратына 
міну. Жұмысқа кірісті.
Рухтан ет. Қайраттану, жігерлену, шабыттану. 
Москвадан өз республикамызға көп ой, зор жігер 
алып,жаңа батыл мақсаттарға рухтанып қайттық. 
(Ғ.Мүсірепов Суреткер.). Өздеріне ағалық еткеніне 
біраз белденіп, рухтанып, жұмыстарына біраз 
белсенділік лебі сезіле бастады (С. Бегалин Замана). 
Адам санатына қосылып, бойыма жігер, қайрат, шабыт 
беріп жібергендей бәрінен сілкініп бой жазып, рухта-
нып кеттім (Ө. Тұрманжанов Адам).
Рух қылды. Жан бітірді, рух кіргізді. Халық етті
жоқтан бар ғып Алла бізді, Мақфузға рух қылып
бұрын тізді. Жанған жан болғаннан соң, көрдік жарық, 
Аспан, жер, ай менен күн, жаз бен күзді. Дүние – ел 
шақырған бір үлкен той, Жіберген қызық көр деп 
әммамызды (Ә.Найманбев Шығ.).
Рухы азат [азаттық тапты ]. Еркіне, еркіндікке қол 
жеткізді. «Азат!» деп ауыз айтқаннан, Жарамас түгел 
ол шынға! Айнымас ұран, ант, иман-Рухың азат 
болсын да! (Ғ.Қайырбеков Көнсадақ). Дүниеден ол 
да кетті- кім бар тынбас?! Кезі жоқ өз перзентін жер 
қаусырмас. Алайда елдің жаны, Ел рухы Азаттық тап-
пайынша ер таусылмас (Ғ.Қайырбеков Көнсадақ).
Рухын азалады. Қайтыс болған адамның игілікті 
істерін ардақтап, ұзақ уақыт жоқтады. Көп жыл 
бойы Шоқанның Бір топ орыс достары Ұлы адамның
ұлы рухын азалап, Қайта-қайта ұлықтарды мазалап, 
Сонау Ташкент қаласынан алдыртып, Қырат үстін 
балға үнімен жаңғыртып, Мәрмәр тастан белгі ор-
натты басына»Достан – дұға» осы да (М.Шаханов 
Ғасырлар).
Рухына қармақ салды. Адамның жан дүниесін 
азаптады, қорлады. Жігіттерім рухыңа қармақты 
Салмақ болып, Тәніңді әбден қорлапты (М.Шаханов 
Ғасырлар).
Рухына нәлет келтірді. Ата-бабасын қарғысқа 
қалдырды; жаман іс қылды. Рухына нәлет келтірдің, 
Қабың менен сабыңа. Бұзықты құрап ел етіп, 
Қондырдың оң жағыңа (Д.Бабатайұлы Замана).
Рухын бойына сіңірді. Бар жақсы қасиетін үлгі 
етіп қабылдады, сабақ алды, қадірлеп-қастерледі. 
Міне, міне, асыл досым, қарашы. Тым тереңде шын 
байлықтың бағасы. Егер Гитлер ұлы ақын бабасы Гете 
рухын өз бойына сіңірсе, Тағдырына ақын көзбен 
үңілсе, Пенделігі айнала төр құрса да Қаныпезер бо-
лар ма еді мұншама? ( М.Шаханов Ғасырлар.).
Рухын көтерді. Жігерлендірді, аруақтандырды. Екі 
алып күрес аренасына шығып, дәстүр бойынша қол 
алысқан кезде, орысша, қазақша, татарша құттықтау 
сөздер бұлардың рухын көтеріп, жігерлендіре түсті 
(М.Танекеев, Қажымұқан)
Рухтандыру өзг. етіс. Сөзбен қайрап рухтандырды.
Рухтандыру, дем беру. Гриша депоның начальнигі
болады деп Степан жолдастарын рухтандырушы
еді (Әбдіқадыров). Ширатып кәрі бойды дем беріп 
кет, Қайрат қос қайратыма, күшіме күш («Халық 
ақындары») [6].
Қорыта келгенде, «рух» сөзінің семантикасы бой-
ынша бірнеше сөз туындайтыны байқалды. Жоғары да 
келтірген мәліметтер бойынша сөздіктерді ақтара оты-
рып, «рух» сөзінің семантикалық мағыналарын зерт-
теп, олардың лексикалық мағыналарына көңіл бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   230




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет