1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ



бет5/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
ДӘРІС.

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕПТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Шағын жинақты мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың өзіндік ерекшелігі болады. Осы ерекшелікке байланысты оқу үдерісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық туғызады. Шағын жинақты мектептің оқу үдерісінде оқушылардың өзін-өзі бағалауы, яғни өз іс-әрекетін қорытындылауы тиімді болары сөзсіз. Біріншіден, мұғалім уақыты үнемделеді. Екіншіден, оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өзінің мүмкіндіктерін білуі, орындалған жұмысты жүйелеуі және түзетуі, іс-әрекет бағытын анықтауы, өзіне талап қойғыштық сияқты бағалау белгілері қалыптасады.


Шағын жинақты мектептердің оқу-тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің жұмысын дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс; сабақтың екінші ерекшелігі: тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі. Осы екі ерекшелік шағын жинақты мектептердің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: біріншіден, бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты; екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

  • бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтын мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет;

  • бір сабақтын үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әртүрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

    • шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шындалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қауіпі туады;

    • мұғалім сабақ барысында ұйымдастырлатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім денгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты ойластыруы қажет;

    • өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

Шағын жинақты мектептердің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:

    • балалардың саны аз, сондықтан мұғалімнің әрбір оқушының қызығушылығын артыруына, оның отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;

    • дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;

    • оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;

    • оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;

    • бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4 сынып) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;

    • әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;

    • аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

Шағын жинақты мектептердің жоғарыда келтірілген артықшылықтармен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар:

  • мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына мүұмкіндікболмайды;

  • сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

  • мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

  • мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

  • өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

  • белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

  • оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді.

Шағын жинақты мектеп оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады. Шағын жинақты мектеп бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады:

  • егер мұғалім шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

  • егер мұғалім шағын жинақты мектептегі математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

  • математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

Шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республика мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда. Қазіргі таңда мемлекетімізде ауыл жұртшылығының демографиялық ахуалының өзгеруіне байланысты мектептерде бала саны азайып, шағын жинақты мектептер саны, оның ішінде қосарланған сынып сандары көбеюде. Шағын жинақталған мектептердегі қосарланған сыныптарда оқушылардың білім сапасын және шығармашылық қабілеттерін арттыру әр ауыл мұғалімінің көкейтесті мәселесі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ауыл – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы біздің ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауды талап етеді»,– деп атап көрсетті. Егемен еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда шағын жинақталған мектебінің де қосар үлесі мол. Өркениетті елдер деңгейіндегі білім беру, ойлауы қабілетті, рухани байлығы жоғары, мәдениетті, бүгінгі күн талабына сай іскерлігі мен біліктілігі жоғары деңгейдегі азаматты тәрбиелеу мұғалімдердің басты мақсаты болып табылады.
Шағын жинақталған мектептің беделін көтеру, педагог-мамандарды бүгінгі өмірге бейімді және жаңа талапқа сай деңгейде даярлау,сонымен бірге мұндай мектептің жұмысын жақсарту, оқу-тәрбие сапасын көтеру әлеуметтік-экономикалық әрі педагогикалық мәселе болып табылады. Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет