1. ҚАзақстан республикасында шағын жинақты мектептердің даму жолдары



бет8/42
Дата06.02.2022
өлшемі246,85 Kb.
#80315
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
ДӘРІС.

5. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі», – деп ерекше атап көрсетілген. Шағын жинақты мектеп мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу. Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау және есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижені, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Ал есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен оқытушының жұмысын жинақтап қорыту.
Үлгерімді бағалаудың білімділік және тәрбиелік маңызы бар. Білім беру мағынасы – оқушылар объекті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы – объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастыратын құрал. Білімді, білікті және дағдыны тексеру мен бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және оқытудың кері байланысын есепке алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынандай жағдайларды ескеру қажет:

  • оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;

  • баға әділетті болуы қажет;

  • әрбір баға –бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал;

  • бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;

  • оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.

Шағын жинақты мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау – өте күрделі мәселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-ала қоңырауда көмекші-лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай және дұрыс бағалай білуге үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп, бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек қана оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай жоспарлағаны, қандай тәсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріп отырғандығын – осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.
Шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауда өз тәжірибелерінде әртүрлі әдістерді және құралдарды қолданады. Көпшілік жағдайда тапсырмалар әр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді. Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының жауабы соның ішіне салынады. Кейбір жағдайларда оқушылардың білімдерін бағалау үшін алдын-ала дайындалған геометриялық фигураларды, суреттерді: «5» – ұшақ, «4» –жеңіл машина, «3» – ат, «2» – тасбақа суреттері, жетондарды пайдалануға болады. Шағын жинақты мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылар деңгейін бағалау кезінде тест әдісін қолданудың да рөлі өте зор. Тест әдісін қолданғанда оқушының жасын ескеріп, оларды жаңалыққа үйрету, ізденіске талпындыру, жинақылыққа, шапшаңдыққа, өзін-өзі тексеруге, қатесіне көзін жеткізуге, уақытты үнемдеу, салыстыру және тексеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер мол. Тесттің тақырыптық, тараулық, тоқсандық, жарты жылдық, бір жылдық, қорытынды түрлері болады.
Тақырыптық тест белгілі бір тақырыпты меңгергеннен кейін жүргізіледі. Бұл тесте баланы ойландырып, оның іздену қабілетін дамытатын, аз уақыт жұмсап, нәтижелі қорытынды шығаратынын, логикалық ойлау қабілетін дамытатын, есептеу нәтижелерін салыстыру процестеріне арналған және арнайы жетілдіруге іріктеп алынған тапсырмалар болуы мүмкін. Педагогика ғылымында тестік тапсырмаларды зерттеумен айналысқан ғалымдар В.И.Огорелков, В.С.Аванесов, т.б тестің бірнеше түрлері бар екендігіне тоқталған. Ал кейбір әдіскерлер және практик мұғалімдер мектепте оқушының білімін тексеру мақсатында қолдануға болатын тесттің төмендегідей түрлерін ұсынады. Біріншісі – білімді қарапайым түрде еске түсіруді жүзеге асыруға арналған «ашық» немесе «конструктивті» тест. Мұнда жауап беруші тестің талабына сай тапсырманы әрі қарай не сөзбен, не санмен, не болмаса графикамен жалғастырады: Мысалы: математикадан тест тапсырмаларын келтірейік.
1) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------
2) Үшбұрыштың периметрін табу үшін ---------------------------
3) Нөлді бірге бөлсем, ---- шығады.
4) Куб тәріздес фигураның көлемін табу үшін -----.
5) Үшті беске көбейтсе, ----- шығады.
Тесттің бұл түрін құрастыруда оқушының беретін жауабы сөйлемнің соңында келетіндей нақты әрі қысқа болуы тиіс.
Тесттің келесі түрі – тапсырмаға сәйкес келетін жауапты таңдап алу, яғни «сәйкестендіру» тесті. Мұнда тапсырмалар бір бағанға, жауаптар екінші бағанға жазылады да, жауап беруші тапсырма-жауап түрінде жұптап, тізіп жазады немесе бағыттаушы сызықпен көрсетеді.
Тесттің кең тараған түрінің бірі – қарама-қарсы жауаптар (дұрыс-қате, ақиқат-жалған, жоқ-иә) көрсетіліп берілетін тест нұсқасы. Мұнда қарама –қарсы жауаптардың дұрысын көрсету қажет болады. Мысалы, «Әдебиеттік оқу» сабағынан «иә», «жоқ» түріндегі тест үлгісі:
1. «Қобыланды батыр» жыры халық ауыз әдебиетіне жатады.
А) Иә В) Жоқ
2. Қобыланды батырдың елін қалмақтың ханы Алшағыр шауып алады.
А) Жоқ В) Иә
Тесттің тәжірибеде жиі қолданылатын түрі ретінде нақты тапсырма бойынша бірнеше жауаптар (ішінде бір немесе бірнеше дұрыс жауабы болады) берілетін тесті айтуға болады. Мысалы, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен тест үлгісі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет