§1 Қазақстанда көшпелі малшаруашылығы және егіншіліктің дамуы


§25–26. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы



бет7/7
Дата22.12.2023
өлшемі216,61 Kb.
#198328
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 сынып тақырыптық тест ЖААБЫ ЖОҚ
ICT 500 voprosy doc-1 (2)-1, Физика 7-8тжб 3-тоқс, 10 - сынып ТЖБ 3 тоқсан, каннын артериялык кысымы, Регистрация на сайте

§25–26. Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы
1. ХV ғасырдың орта кезінде Қазақ жерінің батысында өмір сүрген мемлекет

  1. Ноғай Ордасы

  2. Моғол хандығы

  3. Қазан хандығы

  4. Қырым хандығы

  5. Әбілқайыр хандығы

2. ХV ғасырдың орта кезінде Жетісу өңірінде өмір сүрген мемлекет

  1. Ноғай Ордасы

  2. Моғол хандығы

  3. Қазан хандығы

  4. Қырым хандығы

  5. Әбілқайыр хандығы

3. ХV ғасырдың орта кезінде Орталық Қазақстан мен Сыр бойында өмір сүрген мемлекет

  1. Ноғай Ордасы

  2. Моғол хандығы

  3. Қазан хандығы

  4. Қырым хандығы

  5. Әбілқайыр хандығы

4. Қазақ хандығының тарихи аренаға шығу мерзімі 1465–1466 жж. болып белгіленген дерек

  1. Қадырғали Жалайридің «Жәмиғат-тауарихы»

  2. Мұхаммед Хайдардың «Тарихи Рашиди»

  3. Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрікі»

  4. Йассауидің «Диуани хикметі»

  5. Баласағұнның «Құтты білігі»

5. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекетінің тарихында орын алған саяси шиеленіспен байланысты құрылған мемлекет

  1. Ноғай Ордасы

  2. Моғол хандығы

  3. Қазан хандығы

  4. Қырым хандығы

  5. Қазақ хандығы

6. Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең-байтақ жеріндегі әлеуметтік-экономикалық, этно-саяси үрдісінің заңды қорытындысы

  1. Әбілқайыр хандығының орнығуы

  2. Астархань хандығының орнығуы

  3. Қырым хандығының орнығуы

  4. Батыс Сібір хандығының орнығуы

  5. Қазақ хандығының орнығуы

7. 1465 жылы әлемнің тарихи картасында пайда болған жаңа мемлекет

  1. Қазақ хандығы

  2. Ноғай Ордасы

  3. Моғол хандығы

  4. Қазан хандығы

  5. Қырым хандығы

8. Қазақ хандығының негізін салушы

  1. Абылай хан

  2. Тәуке хан

  3. Шығай хан

  4. Хақназар хан

  5. Керей мен Жәнібек хандар

9. Қазақ хандығы құрылғанға дейін әлеуметтік мағынаға ие болған «қазақ» атауы саяси мазмұн алды

  1. Керей мен Жәнібек хандар кезінде

  2. Абылай хан кезінде

  3. Тәуке хан кезінде

  4. Шығай хан кезінде

  5. Хақназар хан кезінде

10. XVI ғасырдың басындағы ірі саяси тұлғаның бірі ретінде танылған, «қазақ жерлерін біріктіруші»

  1. Қасым хан

  2. Тәуке хан

  3. Есім хан

  4. Тәуекел хан

  5. Шығай хан

1. Қасым хан ел басқарған жылдары біржола хандық құрамына енген аймақ

  1. Еділ мен Жайыққа дейін

  2. Дунай мен Днепрге дейін

  3. Енисейге дейін

  4. Лена өзеніне дейін

  5. Байкал көліне дейін

12. Қасым хан қарамағындағы жауынгер саны

  1. 200 мыңға жуық

  2. 140 мыңға жуық

  3. 160 мыңға жуық

  4. 120 мыңға жуық

  5. 100 мыңға жуық

13. Қасым ханның жасақ жинаған жағдайда қазақ әскерінің саны жетті

  1. 300 мыңға дейін

  2. 200 мыңға дейін

  3. 100 мыңға дейін

  4. 50 мыңға дейін

  5. 500 мыңға дейін

14. Қасым хан туралы таңғажайып дерек кездесетін авторы белгісіз шығарма

  1. «Алам-ара-йи шах Исмаил»

  2. «Бақытқа жету туралы»

  3. «Жами ат-тауарих»

  4. «Тарих-и Абулхайр хани»

  5. «Түрік шежіресі»

15. «Қасым хан өз билігін Дешті Қыпшаққа таратты. Бұл жұртта Жошы ханнан кейін одан құдіретті хан болған емес» деп дәріптеген

  1. А.Иүгнеки

  2. М.Хусейн

  3. Қ.А.Йассауи

  4. М.Х.Дулати

  5. Ж.Баласағұни

16. «Менің бар арманым – қазақ жерін тәуелсіз елге айналдыру болды және мен оған қол жеткіздім. Енді өзге мемлекеттер секілді дамып, гүлденіп, жетілуі тиіс. Халқымыздың атын биік ұста, оның мәдениетін, салт-дәстүрін әрқашан құрметте! Бөлінгенді бөрі жейтінін ешқашан ұмытпа. Әрқашан бірлікте бол. Егер сен халықтың бірлігін сақтап қалғың келсе, елде бүліншілікке жол берме!» деп айтқан

  1. Тәуке хан

  2. Тоғылық-Темір

  3. Хақназар хан

  4. Әбілқайыр хан

  5. Қасым хан

17. «Қасым хан қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағылардың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік саясатымен халықтың ыстық ықыласына бөленді, есімі ерекше әйгілі болды», – деп сипаттап кетті

  1. Ә.Бөкейхан

  2. Ш.Уәлиханов

  3. А.Байтұрсынов

  4. С.Сейфуллин

  5. М.Жұмабаев

18. Бұрынғы Алтын Орда мен Шағатай ұлысы аумағындағы елдер алдында Қазақ хандығының ықпалын қалпына келтіруге күш салған Қасым ханның ұлы

  1. Бұрындық

  2. Есім

  3. Тәуке

  4. Мөңке

  5. Хақназар

19. Орта Азия елдерінің біраз жерін Қазақ хандығына қаратты

  1. Бұрындық хан

  2. Есім хан

  3. Тәуке хан

  4. Қасым хан

  5. Хақназар хан

20. «Қасым ханның қасқа жолы» аталып кеткен заңды өз дәуірінің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірді.

  1. Бұрындық хан

  2. Есім хан

  3. Тәуке хан

  4. Қасым хан

  5. Хақназар хан

21. Хан Алатау қырғыздарымен және Арал қарақалпақтарымен әскери одақ құруға қол жеткізген қазақ ханы

  1. Бұрындық хан

  2. Есім хан

  3. Тәуке хан

  4. Қасым хан

  5. Хақназар хан

22. Қазақ-қырғыз-қарақалпақ бірлескен жоңғарлардың шабуылына тойтарыс беріп отырды:

  1. Бұрындық хантұсында

  2. Есім хан тұсында

  3. Тәуке хан тұсында

  4. Қасым хан тұсында

  5. Хақназар хан тұсында

23. Қазақ халқының «алтын ғасыры»

  1. Тәуке хан билік кезеңі

  2. Тәуекел хан билік кезеңі

  3. Шығай хан билік кезеңі

  4. Хақназар хан билік кезеңі

  5. Есім хан билік кезеңі

24. «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіріп, жаңа заң жүйесін жасады

  1. Тәуекел хан

  2. Шығай хан

  3. Тәуке хан

  4. Хақназар хан

  5. Есім хан

25. Үш жүздің атақты билерін жиналып, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қабылданған құрылтай

  1. Майтөбе

  2. Ордабасы

  3. Күлтөбе

  4. Қарақорым

  5. Суяб

26. Мемлекеттік мәселелерді талқылайтын хан кеңесін құрды

  1. Тәуекел хан

  2. Шығай хан

  3. Тәуке хан

  4. Хақназар хан

  5. Есім хан

27. «Тәуке ханның ақылымен ақсақалдар қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен үш атақты биді сайлады, оларға әр ауыл билерінің немесе төрелік етушілерінің, сот істерін қалай жүргізіп жатқанын қадағалау міндетін жүктеді» деп жазған

  1. Гавердовский

  2. Красовский

  3. Преображенский

  4. Романовский

  5. Канкринский

28. «Қазақ мемлекеттілігі, халқының тұтастығы мен бірлігін сақтау үшін күрес жүргізуші әрі әділетті билеуші хан. Оған дейін де, одан кейін де далада дәл сондай билік болған емес», – деп Тәукені жоғары бағалаған Ресей зерттеушісі

  1. Гавердовский

  2. Красовский

  3. Преображенский

  4. Романовский

  5. Канкринский

29. Тәуке ханның хандық биліктің заң негізінде нығаюына зор үлес қосқан заңдар жинағы

  1. «Дала ережесі»

  2. «Бес жарғы»

  3. «Қасқа жол»

  4. «Ескі жол»

  5. «Жеті жарғы»

30. «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді», – деп ашық айтқан

  1. Мұхаммед Шайбани

  2. Әбілқайыр хан

  3. Ұбайдаллах

  4. Әмір Темір

  5. Саид хан

30. «Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ», -деп жазған

  1. Қ.И.Сәтпаев

  2. Ә.Төлеубаев

  3. Ш.Уәлиханов

  4. Ә.Х.Марғұлан

  5. Ш.Құдайбердіұлы

31. Абылай қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды

  1. 1771 ж.

  2. 1767 ж.

  3. 1777 ж.

  4. 1787 ж.

  5. 1761 ж.

32. 1767 жылы қазақтарға бұрынғы Жоңғар аумағының бір бөлігіне көшіп-қонып жүруіне рұқсат берді:

  1. Ресей патшасы

  2. Қытай өкіметі

  3. Хиуа хандығы

  4. Қоқанд хандығы

  5. Бұқар хандығы

33. Жерұйықты іздеген, Қазақ хандығының құрылуы кезінде өмір сүрген ұлы тұлға

  1. Асанқайғы

  2. Үмбетей

  3. Тәттіқара

  4. Ақжол би

  5. Құрманғазы

34. Жайық пен Еділ аралығындағы қыстаулар мен жайылымдарды суреттеп, осындай керемет өлкеде бақытты да бақуатты өмір сүре алады деп жырлады

  1. Асанқайғы

  2. Доспамбет жырау

  3. Үмбетей

  4. Тәттіқара

  5. Әнет баба

  6. Ж.Баласағұни

35. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын бастан өткеріп, жұртшылықты ата жаумен шайқасқа жігерлендіріп, жауынгерлік рухты дәріптеді:

  1. Ақтамберді жырау

  2. Доспамбет жырау

  3. Үмбетей

  4. Тәттіқара

  5. Бұқар жырау

36.Қазақтың «Көмекей әулиесі» атанды

  1. Доспамбет жырау

  2. Бұқар жырау

  3. Үмбетей жырау

  4. Ақтамберді жырау

  5. Тәттіқара

37. Абылай ханды халықтың мүддесіне қайшы келетін жағымсыз іс-әрекеттен сақтандырып, «Жоңғарды жеңген сен емес, халық» деп ескерту айтып, сабырға шақырды

  1. Бұқар жырау

  2. Үмбетей

  3. Тәттіқара

  4. Әйтеке би

  5. Әнет баба

38. «Жатқа тізгін бермеңіз, жаламенен бас кетер» деп ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды:

  1. Бұқар

  2. Үмбетей

  3. Абай

  4. Қазыбек би

  5. Абылай хан

39. Отары бар ірі монархиялық мемлекет

  1. Империя

  2. Провинция

  3. Колония

  4. Эскадрилия

  5. Капитолий

40. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз. Дәм-тұзды ақтай білген елміз»,-деп айтты

  1. Қазыбек би

  2. Әнет баба

  3. Әйтеке би

  4. Төле би

  5. Асанқайғы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет