Қанның артериялық қысымы[]



бет1/5
Дата21.11.2023
өлшемі73,13 Kb.
#192562
  1   2   3   4   5
Байланысты:
каннын артериялык кысымы
ICT 500 voprosy doc-1 (2)-1, Физика 7-8тжб 3-тоқс, 10 - сынып ТЖБ 3 тоқсан, 11 сынып тақырыптық тест ЖААБЫ ЖОҚ, Регистрация на сайте

Қанның артериялық қысымы[]

Қан жүректің ырғақты жұмысының нәтижесінде тамырлармен қозғалады. Қарыншалардың жиырылуы кезінде қан қысымы арқылы қолқа өкпе артериясына түседі. Бұл жерде ең жоғарғы қысым дамиды-150 мм сын.бағ. Қан артериямен қозғалған сайын қысым 120 мм сын.бағ. дейін төмендейді, капиллярда 22 мм сын. бағ. болады. Ең төмен қысым венада,ол 5 мм сын. бағ. тең. Бұл қанның тамырларымен қозғалғанда қан бөлшектерінің тамыр қабырғасына және бір-біріне үйкелуі салдарынан пайда болатын кедергіні жоюымен түсіндіріледі. Қан жоғары қысым аймағынан төмен қысым аймағына ағады. Артериялық қысым - артерияда қан тудыратын қысым; жүрек жұмысы кезінде қанның тамыр қабырғасына түсірентін қысымы. Қан қысымы жүрек циклінің әр түрлі кезеңдерінде өзгереді. Ең көп қысым қарыншалар жиырылған кезде, ал ең аз қысым жүрек босаңсығында болады. Олардың арасындағы айырмашылық тамыр соғуының қысымы деп аталады. Артериялық қысым жүрек-тамыр жүйелері жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қысым өзгерген кезде жүрекке жүктеме, сондай-ақ ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету деңгейі өзгереді. Адамның артериялық қысымын тонометр арқылы өлшейді. Дені сау адамның ең көп қысымы 100-120 мм сын. бағ.,ал ең аз қысымы 70-80 мм сын. бағ. құрайды. Қан қысымының 150 мм сын. бағ. артуы гипертония деп аталады. Бұған жүйке жүйесінің зорығуы, қажу, эмоциялық күйзеліс және т.б себепші болады. Гипертонияның алдын-алу үшін тамақтану және ұйықтау режімін қадағалап, жұмыс пен демалысты кезектестіріп, салауатты өмір салтын сақтау керек. Иық артериясында қысымның 70-80 мм сын. бағ. дейін төмендеуі гипотония деп аталады. Бұл-адам өміріне қауіпті,организмнің әлсіреген іс-әрекетінің көрсеткіші болып табылады. Тамырдың соғуы-жүрек әрбір жиырылғанда пайда болатын артерия қабырғасының ырғақты тербелісі.Тамырдың соғуы бойынша жүректің 1 минуттағы жиырылу санын анықтауға болады.Тамырдың соғу толқынының артериямен таралу жылдамдығы,шамамен,10 м/с құрайды.Тамырдың соғуы кәрі жілік артериясынан,табанның сырт жағындағы артериядан оңай сезіледі.Ересек адамда тамырдың соғу жиілігі тыныштық кезінде минутына 60 соққы құрайды және дене еңбегіне,эмоциялық жай-күйіне байланысты. Жүректің әр түрлі аурулары кезінде аритмия-тамырдың соғуында ырғақсыздық байқалуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет