§1 Қазақстанда көшпелі малшаруашылығы және егіншіліктің дамуы



бет1/7
Дата22.12.2023
өлшемі216,61 Kb.
#198328
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 сынып тақырыптық тест ЖААБЫ ЖОҚ
ICT 500 voprosy doc-1 (2)-1, Физика 7-8тжб 3-тоқс, 10 - сынып ТЖБ 3 тоқсан, каннын артериялык кысымы, Регистрация на сайте


§1-2. Қазақстанда көшпелі малшаруашылығы және егіншіліктің дамуы
1. Қазақстан аумағында б.з.б. ІІ мыңж. соңында егіншілікпен айналысудың тиімсіз болу себебі:

  1. темір тапшылығы

  2. ормандар ауқымының ұлғаюы

  3. қуаңшылық

  4. мұз еріп, көлдер мен өзендердің тасуы

  5. үздіксіз тайпалық соғыстар

2. Ежелгі Қазақстанның қуаң даласын мекендеген тұрғындардың өмір сүруді қамтамасыз етудегі негізгі кәсібі

  1. егіншілік

  2. аңшылық

  3. терімшілік

  4. қолөнер

  5. мал өсіру

3. Көшпелі малшаруашылығына көшу себептерінің бірі

  1. жылқыны қолға үйрету

  2. итті қолға үйрету

  3. киіз үйді ойлап табу

  4. отты пайдалану

  5. темірді өндіру

4. Ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйрету орталығының бірі

  1. Андронов мәдениеті

  2. Пазырық мәдениеті

  3. Ботай мәдениеті

  4. Тан мәдениеті

  5. Эллин мәдениеті

5. Ежелгі Ботай қонысысының ауданы

  1. 25 га астам

  2. 10 га астам

  3. 7 га астам

  4. 15 га астам

  5. 20 га астам

6. Қазақстан аумағында құнарлы жердің 10 млн гектарының эрозияға ұшырау себебі болған 1950 жж. саясат:

  1. жаңа экономикалық саясат

  2. қайта құру

  3. тыңайған жерлерді игеру

  4. әскери коммунизм

  5. индустрияландыру

7. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көктеуге көшудегі мақсаты:

  1. мал төлдетіп, жүн қырқу

  2. қысқа дайындалу

  3. киіз басу

  4. малдың қонын көтеру

  5. малды семірту

8. ХІХ ғ. ортасында «Ұрлық... даладағы қазақтар арасында орын алмаған деп толық айта аламыз» деп жазған

  1. М.И.Красовский

  2. С.Броневский

  3. Л.Н.Гумилев

  4. В.В. Бартольд

  5. А.И.Гейнц

9. Қимақтардың бидай, арпа, күріш және жүзім өсіргені туралы мәлімет қалдырған

  1. Әл-Идриси

  2. Әл-Омари

  3. Гардизи

  4. Жувейни

  5. Әл-Марвази

10. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының жыл мезгілдерінің ерекшелігіне қарай қоныстарын ауысуы

  1. ұжымдық қоныстану жүйесі

  2. отар

  3. тебінді қоныстану жүйесі

  4. маусымды қоныстану жүйесі

  5. отырықшы қоныстану жүйесі

11. Көшпелілердің киіз үй, арба, ер-тұрман, қайқы қылыш, т.б. жетістіктер ойлап тауып, әлемдік өркениетке қосқан үлесін дәлелдеген

  1. Н. Пржевальский

  2. В.Радлов

  3. Л.Н.Гумилев

  4. П.Семенов-Тянь-шанский

  5. С.Броневский

12. Ежелгі Қазақстан егіншілік кеңінен дамыған аумақ:

  1. Іле, Талас, Арыс, Сыр өзендері, Жетісу өңірі

  2. Батыс Қазақстан

  3. Орталық Қазақстан

  4. Алтай мен Тарбағатай

  5. Солтүстік Қазақстан мен Ертіс өңірі

13. Қазақстан өңірінде дәстүрлі мал шаруашылығы сақталды:

  1. ХІV ғ. соңына дейін

  2. ХVII ғ. басына дейін

  3. ХV ғ. соңына дейін

  4. ХІІ ғ. ортасына дейін

  5. ХІХ ғ. соңына дейін

14. Дәулетті Сапақ бидің байлығын суреттеп жазған ХІХ ғ. алғашқы жартысында Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының өмірі мен тұрмысын зерттеген орыс офицері

  1. М.И.Красовский

  2. Л.Н.Гумилев

  3. С.Броневский

  4. А.Маслов

  5. И.Карпов

15. Алғашқы қола дәуірінің қарапайым орақтарын археолагтар тапты:

  1. Батыс Қазақстан өңірлерінен

  2. Орталық Қазақстан

  3. Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан өңірлерінен

  4. Оңтүстік-Шығыс пен Маңғыстау өңірлерінен

  5. Оңтүстік Қазақстан өңірлерінен

16. Егіншілік қалыптасқан кезең:

  1. неолит және энеолит

  2. кейінгі палеолит

  3. қола дәуірі

  4. мезолит

  5. ежелгі палеолит

17. «Тәуке ханда нан көп, қазақстар бидай, арпа және тары өсіреді» деп жазған 1692 ж. қазақ жеріне келген елші:

  1. Вишневский

  2. Горчаков

  3. А.И. Тевкелев

  4. И.К. Кириллов

  5. В.Кобяков

18.Көшпелі малшаруашылығы Ұлы Дала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі ретінде қалыптасты:

  1. табиғи-географиялық фактордың әсерінен

  2. малшаруашылығының артта қалуынан

  3. жұт пен аурулар кесірінен

  4. сиырды қолға үйретуден

  5. халық санының өсуінен

19.Егіншілік қарқынды дамыған Қаңлы мемлекеті қалыптасты

  1. Сырдың орта ағысында

  2. Мауараннахр, Ыстықкөл бойында

  3. Бетпақдала,Үстіртте

  4. Батыс Алтай, Тарбағатайда

  5. Алакөл ойпатында

20. Ежелгі дәстүр бойынша рулар арасында бөліске түсіп, елдің бәрі бірдей пайдаланбаған маусымдық жайылым

  1. Жайлау

  2. Көктеу

  3. Қыстау

  4. Күздеу

  5. Жазғытұры

21.Көшпелі шаруашылықты өркенитеттен артта қалу мен жабайылық көрінісі ретінде біржақты түсіндіріп келген зерттеушілер тобы:

  1. шығысшылдар

  2. славяншылдар

  3. еуроцентристер

  4. панисламистер

  5. пантюркистер

22. «Жоспарланбаған көші-қон туралы сөз болуы мүмкін емес... тайпа немесе тайпалық бірлестіктер жайылымдарын өздерінің жекеменшігі ретінде санайды, көрші тайпаларының басып кіруіне жол бермейді» -деп жазған көрнекіт түркітанушы

  1. Вишневский

  2. Горчаков

  3. В.Радлов

  4. А.И. Тевкелев

  5. И.К. Кириллов

23. Абылай хан заманында әрбір екінші қазақтың дәулетті, бай болғандығы туралы жазған

  1. М.Шорманов

  2. Ш.Уәлиханов

  3. А.Байтұрсынұлы

  4. М.Ж.Көпейұлы

  5. А.Құнанбаев

24. Қазақстардың орыстарға астықтың сатып отырғаны туралы 1830 ж. жазды:

  1. М.И.Красовский

  2. Л.Н.Гумилев

  3. С.Броневский

  4. А.Маслов

  5. И.Карпов

25. ІХ-Х ғғ. Ертістің орта ағысында меегіншілікпен шұғылданған түрік халқы

  1. Қыпшақтар

  2. Наймандар

  3. Керейіттер

  4. Қимақтар

  5. Қарақытайлар

26. Ежелден егіншілік дамыған Қазақстанның негізгі аймақтары

  1. Солтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағы

  2. Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкесі

  3. Батыс пен Шығыс Қазақстан өңірі

  4. Орталық және Шығыс Қазақстан өңірі

  5. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағы

27. ХІХ ғ. соңында қазақтардың жаппай егіншілікке көшуіне себеп болғанмал жайылымдарының қысқаруы орын алды

  1. халық санының өсуі салдарынан

  2. мұз еруі салдарынан

  3. Қытай шапқыншылығы салдарынан

  4. шетел интервенциясы салдарынан

  5. орыс шаруаларының қоныс аударуы салдарынан

§3-4. Қолөнер мен кәсіптер


1. Қазақстан жеріндегі тұрғындар негізгі бөлігінің 4000 жыл бойы автохтонды түрде өлкені тұрақты мекендеп келгенін дәлелдеген антрополог, академик

  1. К.Ақышев

  2. Ш.Шөкин

  3. О.Смағұлов

  4. Қ.Сәтбаев

  5. Ә.Марғұлан

2. Киіз жасауды білген қазақ халқының арңы ата-бабасы:

  1. этрускілер

  2. аландар

  3. ахеменидтер

  4. пенджабтықтар

  5. сақтар

3. 1969 ж. Есік қорғанын ашқан белгілі археолог

  1. О.Смағұлов

  2. Қ.Сәтбаев

  3. К.Ақышев

  4. Ә.Марғұлан

  5. Қ.Жұмалиев

4. «Қазақтардың амандасуы «мал-жан аман ба?» деуден басталады» деп көшпелілер тұрмысындағы малдың маңызын дәл сипаттаған

  1. Ә.Марғұлан

  2. Ы.Алтынсарин

  3. Ш.Уәлиханов

  4. А.Құнанбаев

  5. М.Шорманов

5. «Темір ұсталары балта, үзеңгі, ер-тұрман, пышақ жасады... Бұл заттардың сапасы біздегі Ресей бұйымдарынан кем түспейді», -деп қазақ ұсталарының жасаған бұйымдарына жоғары баға берген зерттеуші:

  1. И.Я.Скворцов

  2. В.В.Радлов

  3. Д.Сокольский

  4. Л.Н.Гумилев

  5. Бичурин

6. Қазақтарда күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын үй малы терісінен жасалған ыдыстар

  1. тегене, шара

  2. ожау, астау

  3. тон, ішік, мәсі

  4. саба, торсық, мес

  5. сәукеле,

7. Теріден жасалған бие саууға арналған ыдыс

  1. балға

  2. балта

  3. найза

  4. ожау

  5. көнек

8. Қазіргі қазақ оюларымен ұқсас келетін ою-өрнектер бар бұйымдар табылған қорған

  1. Ботай

  2. Есік

  3. Шілікті

  4. Бестөбе

  5. Пазырық

9. Қазақтар кең тараған ағаштан шабылған ыдыс түрлері

  1. тегене, шара, ожау, астау

  2. саба, торсық, мес, көнек

  3. балға, балта, найза

  4. түскиіз, алаша

  5. айыр, тырма, күрек

10. Қазақтарда жабайы аң терісінен пішілген сыртқы киім

  1. тырма

  2. күрек

  3. тон (ішік)

  4. көнек

  5. ожау

11. Байлық пен молшылықты, дәулет пен еркіндікті білдіретін, киізден жасалған бұйымдарда қолданылатын ою-өрнек:

  1. қошқармүйіз

  2. толқын

  3. жұлдыз

  4. ай

  5. құланкірпі

12. Қазақ оюларына ұқсас ою-өрнектермен безендірілген Есік қорғанынан табылған жәдігер

  1. «Күміс адам»

  2. Пазырық

  3. «Алтын адам»

  4. «Шілікті әйелі»

  5. «Сармат әйелі»

13. «Қазақтың ою-өрнегі - сақ, үйсін, ғұн. түркі, қаңлы, қыпшақ секілді көне көшпелі тайпалар өнерінің негізінде қалыптасты», -деп жазған

  1. Ә.Марғұлан

  2. Ы.Алтынсарин

  3. Ш.Уәлиханов

  4. А.Құнанбаев

  5. М.Шорманов

14. Көшпелі өмірге бейімделган, ерте заманнан келе жатқан көшпелілердің баспанасы

  1. там

  2. киіз үй

  3. сарай

  4. жертөле

  5. қақыра

15. Жезқазған маңындағы кен орындарын тауып, бұл аумақтың көне металлургия орталықтарының бірі болғанын дәлелдеген

  1. К.Ақышев

  2. Ш.Шөкин

  3. О.Смағұлов

  4. Қ.Сәтбаев

  5. Ә.Марғұлан

16. Кілемнің алғашқы үлгітүрлері табылған Алтай маңындағы қола дәуіріне жататын қорғандар

  1. Пазырық, Нойын-Улинск

  2. Шілікті, Берел

  3. Бессшатыр, Берел

  4. Тасмола, Есік

  5. Аралтөбе, Бестөбе

17. Өзіне ұнаған затты, бұйымды үй иесінен сұрап алу салты

  1. сырға салу

  2. сүйінші

  3. асар

  4. жоқтау

  5. қалау

18. Қабір үстіне құлпытастар тұрғызудың кең таралған аймағы

  1. Батыс Қазақстан

  2. Шығыс Қазақстан

  3. Солтүстік Қазақстан

  4. Оңтүстік Қазақстан

  5. Орталық Қазақстан

19. Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерін сәйкестендіріңіз.
1. Зооморфтық ою-өрнектер
2. Өсімдік тектес ою-өрнектер
3. Космогониялық ою-өрнектер
4. Геометриялық ою-өрнектер
А. Күн, ай, жұлдыз
В. Ағаш, жапырақ, жауқазын
С. Мүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз
D. Сүйірбұрыш, айқышты, сопақша

  1. 1-В, 2-А, 3-С, 4 -D

  2. 1-А, 2-С, 3- D, 4- В

  3. 1-В, 2-С, 3-А, 4- D

  4. 1-С, 2- D, 3-В, 4- А

  5. 1-С, 2-В, 3- D , 4-А

20. Тоқылу ерекшелігіне қарай қазақ кілемдерінің түрлері

  1. түкті және тақыр

  2. көлденеңінен және тігінен

  3. жанама және тікелей

  4. киізді және жібекті

  5. түрлі түсті және ақ

21. Қайың, қараағаш, үйеңкі ағашынан дайындалатын құрал-саймандар

  1. сырмақ, текемет, аяққап

  2. түскиіз, алаша

  3. айыр, тырма, күрек

  4. тырма, күрек, ішік

  5. текемет, аяққап, басқұр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет