1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет1/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)

1120-нұсқа
1- мәтін


  1. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас кұлындар қарақұлақ бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп жасалған ноқталар салынып, тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі күміс түймелердей каз-қатар тізіліп байланады. Мұнда жүздеген құлын ноқталанып, бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады.

II. Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шакырып, кейде мал сойып немесе қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл адамдарынын басын қосып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындык» тойын откізеді. Бұл кезде желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағып. жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды.


1. Бие байларда қандай ырым 2. Мәтіннің бірінші бөліміне
жасалады? лайықты такырып

A) Желіге құлын байланады. A) Бие байлау

B) Жұмсақ жүннең ноқта жасалады. B) Жүннен есілген ноқталар
C) Қыстан қалған сүрді пісіреді. C) Жас құлындар

D) «Қымызмұрындық» тойын өткізеді. Д) Тартылған желілер


Е) Желі қазыққа, айғырдың сауырына Е) Ноқталанған құлындар

май жағылады.


2- мәтін

Ғылым артық па, әлде мал артық па?


Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге:

  1. Ғылым артық па, элде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты. Сол мезетте шешен:




  1. Біріншіден. ғылым артык. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал - перғауын мен Қарыпбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсын. Үшіншіден, ғылымның досы кеп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден, ғылымды жұмсасан, арта береді, малды жұмсасан, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал саран деген атак береді. Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, кағу керек. Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым тозбайды, жоғалмайды Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жогалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болган үстіне бола берсе екен деп дұниеқоңыз етеді. Оныншыдан, гылым құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің коңіліне тәкаппарлық салады, — деп тапқырлық танытыпты.




  1. Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған?

A) Төртінші C) Үшінші Е) Алтыншы B) Бесінші Д) ЖетІнші




  1. Ғылымның дүниеден артықшылығы

A) Досың санаулы ғана болады. Д)Адамның тынышын алады.

B) Адамды масаттандырады. Е)Адамға ақыл-ой қосады.



  1. Мінезін нашар жаққа өзгертеді.

5. Мәтін мазмұнына сай мақал


A) Мал көтерер елімді,

B) Атана не қылсаң,

Дос көтерер көңілді

Алдыңа сол келер

C) Мың малың болғанша,

Е) Киім кірі жуса кетеді,

Бір балаң ғалым болсын.

Көңіл кірі айтса кетеді.

Е) Аңқау бері қой үркітеді

1




Ақылсыз адам ел үркітеді


  1. Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл

A) Жобалап айту C) Суреттеп айту


Е)
Салыстыра айту

B) Жырлап айту D) Баяндап айту

3- мәтін
Әлем елдерінің Жаңа жылды карсы алуы


«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің


түрлі салт-дәстүрлері бар.


Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық уйде жарық сөне бастайды.

Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен.

Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгерлер құстардың барлығын «Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен. Италияндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлерінен сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шыгарып тастайды екен.
Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді. Францняда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай. кетерінде сыйлықтар береді екен.
Үндістанда Жаңа жыл - Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен, Айтса айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырактар жағып. керкемдейтін көрінеді.
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бүл тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.
Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір- бірінің үстеріне су шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті- басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға болады.
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын керінеді.

Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен.


Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, отшашулар атылып, жана жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға нарцисс гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айының басына келеді.
Ұлыбритания алғаш ашықхаттарды (открытка) шығарган ел болып есептеледі. Сондықган да Жана жылда осы елдін әр отбасы таныстарын ашық хат арқылы құттыктағанды ұнатады.
Қазақстанда жыл басы - Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл казіргі күн есебі бойынша наурыздын 22-ші жұлдызына сэйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көніл күйде болып, бір-біріне жылы сөз, жаксы тілек айтады,ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн теңеседі.


  1. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали»деп аталуының себебі

  1. Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан




  1. Сағат он екіде көшеге шыққандықтан




  1. Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен

Д) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан

Е) Әиел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан




  1. Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, кетерінде сыйлықтар беруінің себебі

A) Адалдығын көрсету үшін

B) Қолы ашық екенін көрсету үшін C) Ырымдарға сенгендіктен


2

  1. Ұстамдылығын байқату үшін

Е) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін



  1. Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел

A) Франция C) Венгрия Е) Эквадор

B) Италня Д) Болғария




  1. Жаңа жылдық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет

A) Ресей C) Голландия Е) Қытай

B) Үндістан Д) Қазақсан






  1. Мерекелерде ашық хаттармен құттықтау бізге қай елден келген?

A) Ресейден C) Ұлыбританивдан Е) Үндістаннан B) Голландиядан Д) Қытайдан



  1. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер

A) Венгрия - Эквадор C) Үндістан - Куба Е) Гвинея - Эквадор

B) Голландия - Куба Д) Қытай - Ұлыбритания


4- мәтін


  1. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Қайда болмасын, бірін - бірі танысын-танымасын , кездессе калған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шолге шыдамды. жүк артса - көлік, жесе - ет, ал жүні киімге жараған. Қазактар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болган. Түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, бұыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.




  1. Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, казанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалагын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болган. Мысалы, аяң жүріс, жорга жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталган: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, кек, шұбар т.б.




  1. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін кобінесе тамаққа жараган, ет, сұт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, егіз, бұқа деп атаған. Туйе мен жылқыны. өгізді көлік ретінде пайлаланады, шанаға, арбаға. малға жегеді, салт та мінеді.




  1. Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазактың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті - корғасын, қойды құртқан онбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандыктан қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымга апарып, әкелетін өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкіні жасына қарай: лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.




  1. Ырымшыл казақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда мал көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырган. Шаруашылықта қолданылатын заттар - жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қон жүнінен жасалатын киіз, текемет, токылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті туйенін шудасын да қайнатып, емге пайдаланган. Мал осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған.




  1. Төрттүліктің ішінде түсіне қарай сипатталатыны

A) Қой B) Жылқы C) Түйе Д) Сиыр Н) Ешкі
3

  1. Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал

A) Сиырдың суті тілінде. B) Есі кеткен ешкі жинар.

C) Тайлы бие тайлақты түйедей.
D) Түйесі жоқа ауылға тайлақ атан көрінер. Е) Ат - биеден, аруана - түйеден.


  1. Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдын отарына қосып отырған?

A) Серке төрт түлік малдың ішіндегі ең шыдамдысы болаған. B) Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болғандықтан

C) Отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті болғандықтан Д) Серке қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болгандықтан Е) Серке қазақтың қасиетті малдарының бірі болган.




  1. Төрт түлікке қатысты ырымдар мәтіннің қан бөлігінде керінеді?

Бай адам

A) Бірінші C) Төртінші Е) Бесінші

B) Екінші D) Үшінші


  1. Мәтін мазмұнының реттілігі

  1. Төрт түліктің ішіндегі ең сүйіктісі.

  2. Сыйдың ең қадірлісі




  1. Үндемейтін адамға қатысты теңеу

  2. Амандасу әдебі


  3. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет