1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері


билет 1. Кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы. Сауатсыздықпен күрес



бет2/28
Дата08.02.2022
өлшемі147,59 Kb.
#119642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар
Конспект 1, Ереман Жанаргуль, Уалитова Шаттык
2 билет
1. Кеңестік білім беру жүйесінің қалыптасуы. Сауатсыздықпен күрес.
2. Тың және тыңайған жерлерді игеру: экономикалық, экологиялық және демографиялық салдарлары.
3. «Ұлттық валютаны енгізу туралы» 12 қараша 1993 жылғы Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы.


1)Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады.
Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.
1919-1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
– халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
– жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;
– қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауат ашқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы съезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шала сауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.


2) Тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. .Қазақстандағы тың жерлерді игерген аудандар: Қостанай,Ақмола,Солтүстік Қазақстан,Көкшетау,Торғай,Павлодар облыстары. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Бұрынғы Кеңестер Одағы,оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады.1)1954-1955жж. 2)1956-1958жж. 3)1959-1965жж.
Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде Қазақстанда 18млн га.тың жер, бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн гектарға жетті. Осының арқасында 1956ж алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг жетті. Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады. Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет - астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Бірақ та табыс одан әрі ұштасып кете алмады. Өйткені, жаңадан игерілген тың жерлер 60- жырлардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын, осының салдарынан әрбір гектардың жоспарланған 14-15 ц.астық орнына 1954-1958ж 7,4ц. жиналса, 1961-1964ж 6,1ц., ал 1964ж 3,1ц.ғана астық алынды.
Тың жерлерді кең көлемде игеру табиғатқа үлкен зиян тигізді. Жайылымдармен жем, шөп дайындайтын жерлер тарылды. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап, 18млн.га астам жер эррозияға ұшырады. Ауылшаруашылығының даму деңгейінің төмендеуі ет және сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды. Жайылым азаюы салдарынан ұзақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916ж 4340 мың болса, 1961ж-1158 мыңға дейін, ал түйе 1928ж санынан 8 есе кеміді.
Тың жерлерді игеруге мыңдаған мамандар, ауылшаруашылығының өндірісінің ұйымдастырушылары келді. 1954 жылы 20 мыңнан астам адам келді. Оның ішінде қажетті мамандар азшылық болды. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, үй салу үшін 10 мың сом несие берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды. Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани,ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертіліп,тарихи ұлттық санаға шек қойылды.


3) Тоқсаныншы жылдардың басындағы кетеуі кеткен күрделі кезеңде саяси егемендікке қол жеткізген Қазақ елі дербес қаржылық-экономикалық саясатын қалыптастыруға тәуекел еткен-ді. Осылайша, Тәуелсіз елдің ұлттық валютасы – теңге дүниеге келген болатын. Тәуелсіз мемлекет экономикасының темірқазығы төл валютасы екені түсінікті. Тағдырлы кезеңде қабылданған шешімнің мән-маңызын тереңірек түсіну үшін сәл шегініс жасап, теңгенің тарихындағы маңызды сәттерді шолып көрелік.
Кеңестік кезеңдегі біртұтас қаржы-экономикалық байланыстар күйрегеннен кейін іле-шала инфляция етек алып, қалың ел қымбатшылықтың құрсауында қалғаны белгілі. Есеңгіреген экономиканы оңалту үшін «рубль аймағын» тәрк етіп, дербес қаржылық - экономикалық жүйе жасауға талпыныс жасалды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев осының барлығын сараптай келе, Ұлттық банкке өте құпия түрде ұлттық валютаны әзірлеуге кірісу жөнінде тапсырма берді. Ұлттық қор, алтын-валюта резерві әлі қалыптаспағанын ескерсек, сөз жоқ, мұны үлкен ерік-жігерді қажет ететін батыл қадам деп бағалаған ләзім.
Бірнеше айға созылған дайындық жұмыстарынан кейін, 1992 жылдың тамыз айында табан тіреді.
Теңгенің бастапқыда әзірленген төрт түрлі дизайнының ішінен тарихи тұлғаларымыздың таңдап алынуының, таңбалануының өзі тегін емес. Оның сырын Ұлттық банктің тұңғыш төрағасы болған Ғалым Байназаров бұрынырақ «Егемен Қазақстан» газетіне бер¬ген сұхбатында былай деп түсіндіреді:
– «Жаңа ғана тәуелсіздігін алған елміз. Бізді, тіпті өзгелер саяси картадан да таба алмайды. Сондықтан ең бірінші номинал, ең танымал – әлем білетін қазақ болуға тиіс», деді. Сол себепті негізгі валюта – 1 теңгелік банкнотқа әл-Фараби бабамыз бейнеленсін деген ұйғарым жасалды.
1993 жылғы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Президент Жарлығы шықты. Елбасы Жарлығы шығысымен еліміздің барлық БАҚ-ында жаңа валютаның суреттері басылып, халық ұлттық валютамыздың бейнесін таныды. Теңге – тәуелсіздігіміздің төл перзенті. Уақыт талабына сай, оның дизайны өзгеріп, қорғаныштық қабілеті жетілдіріліп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет