1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері


билет 1. Қазақстанның қазіргі заман тарихын оқытудың өзекті мәселелері



бет28/28
Дата08.02.2022
өлшемі147,59 Kb.
#119642
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар
Конспект 1, Ереман Жанаргуль, Уалитова Шаттык
30 билет
1. Қазақстанның қазіргі заман тарихын оқытудың өзекті мәселелері.
2. XX ғасыр басындағы патшалық Ресейдің Қазақстандағы қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның салдарлары.
3. Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегінің тарихи маңызы


1) этого нет
2) 1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.
1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.
Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.


3) Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінің маңыздылығы Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалуы сонымен қатар Тәуелсіздігімізге дейінгі бұрынғы Одақ құрамында болып, бүкіл тыныс-тіршілігіміз – атап айтқанда саяси, экономикалық жүйені, өңірлерді, өнеркәсіп салаларын басқарушылық қарым-қатынастарымыз түгелдей Мәскеуге, Орталық билікке бағынышты болған заманды көріп, басынан өткізген аға ұрпақ өкілдері үшін жаңа, өз билігі өз қолына көшкен еркін, жасампаз дәуірде өмір сүру бақытының құны өлшеусіздігі. Сондықтан да біз көп жағдайда екі дәуір мүмкіндігін салыстырып сөйлеуіміз табиғи әрі қажет деп санау аса маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет